ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫНЫ АЙҚЫНДАУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ МЕН ӨТКІЗУДІ БІРЫҢҒАЙ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ ОРЫНДАЙТЫН БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ТАУАРЛАРДЫ, ЖҰМЫСТАРДЫ, КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЙҚЫНДАУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019-04-16 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Павлодар қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы «Тапсырыс берушілер үшін мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау және мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру мен өткізуді бірыңғай ұйымдастырушы орындайтын бюджеттік бағдарламалар мен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді айқындау туралы» № 1374/27 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 1374/27 қаулысы. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 8-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 28 ақпандағы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін айқындау туралы»          № 1127 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 157 бұйрығына сәйкес қабылданды.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруды уақтылы және сапалы орындауы болып табылады.

Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Қаулы жобасы «Электрондық үкімет» порталында ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

https://legalacts.egov.kz/arm/admin/viewcard?id=2335249