ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-04-23 18:15:55 Қала жаңалықтары
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫНЫҢ ЖЕҢІСІНЕ 74 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ЕСКЕ АЛУ ВАХТАСЫ

Қалада  Жеңіс күні қарсаңында  мәңгілік алауда дәстүрлі «Еске алу  вахтасы» ашылуы болып өтті.

Акция Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау және бейбітшіліктің, келісімнің, бірліктің құндылықтары туралы жас ұрпақтың  санасында қалдыру мақсатында өткізіліп отыр.

Іс-шараға қаланың 18 мектебі қатысты. Соғыс кезінде қаза тапқандарды еске алуға мектеп оқушылары, оқытушылар, интернационал жауынгерлер жиналды.

-Ұлы  Жеңіс күні қарсаңында қала мектептерінің оқушыларын біз құрметті қарауылға қоямыз. Ұлы Отан соғысында  қаза тапқан жауынгерлерді еске аламыз, және бұл дәстүрге айналған,- деп хабарлады  № 39 мектептің бастапқы әскери дайындығының мұғалімі Серік  Балтабаев.

Іс-шара барысында оқушылар қаза тапқандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

- Жыл сайын Жеңіс күні қарсаңында Павлодар қаласының оқушылары құрметті  қарауылда тұрады. Еске алу вахтасын олар үш ескерткіште: Даңқ Обелискісі мен мәңгілік алауда, Қаныш Қамзин ескерткішінде және  Белгісіз солдат ескерткішінде  ұстайтын болады,- деп атап өтті Павлодар қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің бас маманы Махмет Қатайұлы Смағұлов.

Прочитано: 754 раз