ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-04-25 09:14:50 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БАЛАБАҚШАЛАРЫНДА «ҚАУІПСІЗ ТЕРЕЗЕ» ЖОБАСЫ ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

Күн райының жылынған уақытының келуімен көппәтерлі тұрғын үйлердің  терезелерінен балалардың құлап кетуіне байланысты оқиғалар саны жыл сайын ұлғаюда. Акцияның мақсаты -  терезелерден балалардың құлап кетуі нәтижесінде қайғылы  жағдайлардың  болу  мүмкіндігі және арнайы   қауіпсіздік  жүйесін  орнату  қажеттілігі туралы  ата-аналардың  назарын аудару.  

Білім беру бөлімінің ақпараты бойынша, Қала  аумағында 17 мыңға жуық баланы қамтумен 67 мемлекеттік  балабақша қолданыста, олардың  ішінде  9542  бала  екінші қабаттан  жоғары  орналасқан  тұрғын үйлерде  тұрады,  және  тек қана  4718 бала терезелерде  қауіпсіз  құралдарымен  қамтамасыз етілген.

Жоба аясында балалармен үйдегі тәртіп  ережесін  сақтау бойынша  тематикалық  әңгімелер   жүргізілді, қалалық мектепке  дейінгі  30 ұйымда ата-аналар  жиналысы  өткізіліп, онда бала-бақша қызметкерлері терезелерге  бекіткіштер, торлар, әлеуметтік  нысандарда  қауіпсіздік құлыптарын (дүкендерде,  дәріханаларда,  мектептерде  және т.б.)  орнату  қажеттілігі  туралы түсіндірілді.

Сонымен қатар, балабақшаларда осы  жоба тақырыбында ,  ата-аналар  бұрыштамаларында,  сайттарда,   инстаграмм  беттерінде «Қауіпсіз терезе»  ақпараттары орналастырылған, «Open Pavlodar» келушілері үшін LED-экранда осы тақырыпта бейнеролик  көрсетіліп тұрады. Бүгінгі күні, 1039 үндеухаттар орналастырылып, 6 мыңнан астам жадынамалар ата-аналарға таратылды.

Білім беру бөлімінің хабарлауынша алдағы  балаларды  қорғау күні  қарсаңында «Балалардың қауіпсіздігі  біздің  қолымызда» ұранымен  іс-шаралар  өткізу жоспарлануда.

Прочитано: 697 раз