ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-04-26 12:20:18 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ШЫБЫН-ШІРКЕЙЛЕРГЕ ҚАРСЫ ДЕЗИНСЕКЦИЯЛЫҚ ЖҰМЫСТАР БАСТАЛДЫ

Бүгіннен  бастап Павлодарда шыбын-шіркейлерді жаппай жою ісі басталып кетті. Жазғы кезеңде қалада масалар  мен  ұсақ шыбындардың қаптап  кету проблемасы павлодарлықтарға таныс құбылыс. Температуралық режим  қалпына  келісімен,   мамандар  дезинсекциялық  жұмыстарға  кірісіп кетті.

Бүгінгі  күнге осы  жұмыстарды  орындау үшін мердігер ұйым  анықталып,  қажетті  қаражат  бөлінді. Барлық дезинсекциялық  жұмыстар  өнеркәсіптік   биосинтез   ғылыми-зерттеу  институты мамандарының бақылауымен жүргізілетін  болады.  Қала  бойынша  дезинсекция 10 мың  гектар көлемінде, тағы 5 мың гектарға  ауылдық аймақта жүргізілетін болады. Өңдеу жұмыстарына  саяжай бау-бақшаларындағы, қалалық саябақтар мен тынымбақтардағы  су  жиналатын  жерлер жатады.  Биылғы  жылы ғылыми қызметкерлер   жаңа препараттарды  қолдануға  ұсыныс  білдірді,  олардың   айтулары бойынша  бұл препарат  тиімді  болмақ. Қалада  шыбын-шіркейлердің  санын  барынша  төмендету  үшін  биылғы жылдан бастап көпқабатты үйлердің жертөлелерін  жәндікжойғымен өңдеуге  шешім  қабылданды.  Ол үшін  пәтер  иелері кооперативтері алдымен өтінім берулері тиіс, ал  мамандардың  қорытындысынан  кейін    препарат  оларға берілетін  болады.

Прочитано: 935 раз