ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-04-26 18:10:39 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері сайлаушылар тізімін нақтылау бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы Сіздерді хабардар етеміз.

Өз конституциялық құқығыңызды пайдаланып, өзіңіз туралы және өз отбасыңыздың мүшелері туралы мәліметтердің дұрыстығын сайлаушылар тізімінде мына мекенжай бойынша тексеріңіздер: Павлодар қаласы, Қайырбаев к-сі, 32, № 417 каб. немесе 32-57-78 телефоны арқылы операторлардан білуге болады.

                                                         

Павлодар қаласының әкімдігі

 

Прочитано: 1488 раз