ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-05-15 10:29:29 Қала жаңалықтары
БАРЛЫҚ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАМАЙТЫН ТҰРҒЫНДАРДЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ӘЗІРЛЕУГЕ ҚАТЫСУҒА ШАҚЫРАМЫЗ

Қаламыздың сапалы даму стратегиясын қалыптастыру оның тұрғындарының қатысуынсыз мүмкін емес.

Сонымен, конкурс ережесі:

Қала стратегиясына енгізу үшін үздік бастамаларға арналған конкурстың ЕРЕЖЕСІ

 

1. Жалпы ережелер

Қазіргі уақытта Павлодар қаласының әкімдігі қаланың тыныс-тіршілігінің барлық салаларын жақсарту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде, оның аясында Павлодар қаласының даму стратегиясын жасау басталды.

Бірінші кезеңде әлемдік тәжірибеге салыстырмалы талдау жүргізіліп, күшті және әлсіз жақтарға шолу жасалды, қаланың дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы факторлар анықталды.

Екінші кезеңде павлодарлықтарға әлеуметтік сауалнама жүргізілді, оның нәтижелері қоғамдық тыңдауларға шығарылады.

Қазіргі уақытта Стратегияның жоспарын құру және одан әрі жұмыс жүргізу  мақсатында Стратегияға енгізу үшін азаматтар пікірінің қажеттілігі туралы мәселе  туып  отыр.

Осыған байланысты, қала тұрғындары мен қонақтары арасында Қала стратегиясына енгізу үшін үздік бастамаларға конкурс жарияланады.

2. Мақсаты:

Конкурс арқылы  Қала стратегиясын  әзірлеуге жұртшылықтың назарын аудару. Тұрғындардан нақты ұсыныстарды  жинау  және үздік бастамаларды  марапаттау.

3. Міндеттері:

1. Павлодардың даму стратегиясына енгізу үшін өз ұсыныстарын қалыптастыру (мекенжайларын, нақты проблемаларды, топтану аясында қызықты идеяларды көрсетумен). 

2. Фото-бейне контентін ұсынысқа  сәйкес  жинау.

3. Әлеуметік желілерде дайын бейне /фото/материалды және ұсыныс мәтінін жариялау.

4. #StrategyPavlodar2050, #mypavlodar2019 хэштектерін қою, @akimat.pavlodar аккаунтын  белгілеу.

4. Конкурс  өткізу мерзімдері:

- жұмыстарды  қабылдаудың  басталуы -2019 жылғы  14 мамыр;

- ұсыныстарды  қабылдауды  аяқтау – 2019 жылғы 14 маусым;

- қорытындылар қала әкімдігінің www.akimat-pvl.gov.kz ресми сайтында,                  сондай-ақ  әлеуметтік желілерде орналастырылатын болады (төменде,  «анықтама  үшін»   тармағында  көрсетілген.

5. Қатысушыларға қойылатын  талаптар:

Конкурсқа әлеуметтік желілерде аккаунттары бар қаланың  барлық тұрғындары  мен қонақтары қатыса  алады. Жұмыс кез келген  тәсілдермен (телефон, фотоаппарат)  түсіріліп, қойылады. Мәтін көлемі  шектелмеген, бірақ та конкурс тақырыбы  бойынша нақты  ұсынысты қамтуы тиіс.

6. Күтілетін нәтижелер:

Жиналған жұмыстар қорытындысы бойынша қаланың билік өкілдерінде Стратегияның соңғы нұсқасына  енгізуге болатын қаланы одан әрі дамыту бойынша қала  тұрғындарының  көзқарасын  бақылаудың  толық картинасы  болады.

7. Марапаттау:

Конкурс  нәтижесі  бойынша 150 мың теңгеге үш ақшалай сыйлық  қарастырылған. Марапаттау қорытындылар шығарылғаннан кейін болады (уақыты мен өткізілетін орны алдын ала хабарланатын  болады).

8. Ұйымдастырушылар:

Павлодар қаласының әкімдігі.

Комиссия  мүшелері  қала әкімдігінің,  БАҚ  және ҮЕҰ  өкілдері  болады.

Прочитано: 1095 раз