ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-05-21 10:04:22 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ «БАСТАУ БИЗНЕС»ЖОБАСЫ БОЙЫНША ОҚУҒА НИЕТ БІЛДІРУШІЛЕР ҮШІН ҮШІНШІ ЛЕК АЛУҒА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАЙДЫ

Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде Павлодар облысының аудандары мен моноқалаларында «Бастау Бизнес» оқыту жобасы іске асырылуда».

Жоба бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік дағдыларға, соның ішінде ауыл шаруашылығы кооперативтерін қалыптастыру қағидаттарына оқытуға, сондай-ақ олардың бизнес жобаларын сүйемелдеуге бағытталған. «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға қатысушылар халықты жұмыспен қамту орталықтарында тіркелуіне қарамастан жұмыссыздар және кәсіпкерлік әлеуеті бар өз бетінше жұмыспен айналысушылар болып табылады.

«Бастау-Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту тегін болып табылады және оқуды аяқтағаны/қатысқаны туралы сертификат алған жобаға қатысушылар бір жолғы стипендиямен қамтамасыз етіледі.

Оқуға үміткерлер өңірлік Кәсіпкерлер Палатасының филиалдарына мынадай құжаттарды: жеке куәліктің көшірмесін, мекенжай анықтамасын және өтінішті ұсына отырып өтініш береді. Тестілеу 2019 жылдың 3 маусымында өтеді. Оқыту 2019 жылдың 6 маусымында басталады.

АКП филиалының мекен-жайы: Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, тел.87182660311 (ішкі 5560).

Өтінімдерді Аймақтық Кәсіпкерлер палатасына мына мекен-жай бойынша қалдыруға болады:  Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 21, 2 қабат, анықтама телефоны 66-03-11, ішкі.5554,5560.

Прочитано: 1731 раз