ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) САНАТТАРЫН БЕЛГІЛЕУ ЖӘНЕ АВТОТҰРАҚТАР (ПАРКИНГТЕР) ОРНАЛАСҚАН ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЗАЛЫҚ САЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІН ҰЛҒАЙТУ ТУРАЛЫ

2019-06-10 00:00:00 Мәслихат шешімдері

Павлодар облысының Әділет

департаментінде 2019 жылғы  10 маусымда

№ 6410 болып тіркелді

Павлодар қалалық мәслихаты

6-сайланған 52-кезектен тыс сессия

2019 жылғы 30 мамырдағы № 379/52

 ШЕШІМ

 

 

Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған базалық салық мөлшерлемелерін ұлғайту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 505-бабына, 509-бабы 3-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 46-бабы 2-тармағының  4) тармақшасына сәйкес, Павлодар қалалық мәслихаты
ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Автотұрақтар (паркингтер) санаттары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2. Автотұрақтар (паркингтер) санаттарына байланысты автотұрақтар (паркингтер) орналасқан елді мекендердің жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес ұлғайтылсын.

3. Павлодар қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3745 болып тіркелген, 2014 жылғы 04 сәуірде «Шаһар» газетінде және 2014 жылғы 07 сәуірде «Версия» газетінде жарияланған) № 233/32 шешімі;

Павлодар қалалық мәслихатының 2016 жылғы 01 маусымдағы «Павлодар қалалық мәслихатының 2014 жылғы 24 ақпандағы «Автотұрақтар (паркингтер) санаттарын белгілеу және автотұрақтар (паркингтер) үшін бөлінген жерлерге базалық салық ставкаларын ұлғайту туралы» № 233/32 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5162 болып тіркелген, 2016 жылғы 18 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) № 41/5 шешімі.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың қала құрылысы және экология бойынша тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы,                                                     

қалалық мәслихат

хатшысының міндетін атқарушы                               А. Оспанов 

 

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы «30» мамырдағы

№ 379/52 шешіміне

1-қосымша

 

Павлодар қаласындағы автотұрақтардың (паркингтердің) санаттары

 

р/с №

Автотұрақтардың (паркингтердің) типтері және түрлері

Автотұрақтар (паркингтер) мақсаты

Павлодар қаласындағы нысаналы мақсат жіктемесіне сәйкес жер учаскесінің нысаналы мақсаты

Автотұрақтар (паркингтер) санаты

1

2

3

4

5

1

Қызметтік автотұрақтар (паркингтер)

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі автокөлік құралдарын тегін негізде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

1 санат

2

Айып автотұрақтары

Автокөлік құралдарын айып автотұрақтарында сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

3

Су көлік құралдарының тұрағы

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі су көлік құралдарын сақтау

Су көлік тұрақтарын пайдалану және қызмет көрсету үшін

4

Аз қозғалатын топтардың көлік құралдарын және велотранспортты қоятын орындар

Аз қозғалатын топтардың автокөлік құралдарын және велотранспортты сақтау

Автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

5

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жүк машиналары қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі жүк көліктерін қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін

2 санат

6

Ғимараттардың цокольді және (немесе) жерасты деңгейінде орналасқан және (немесе) көзделген және осындай ғимараттардың ажырамас құрамдас бөлігі болып

Жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын ақылы негізде сақтау

Автотұрағы (паркингі) бар ғимаратты, құрылысты пайдалану және қызмет көрсету үшін

1

2

3

4

5

 

табылатын автотұрақтар (паркингтер)

 

 

 

7

Тұрақты орындары белгіленген күрделі құрылыспен байланысты көп деңгейлі автотұрақтар (паркингтер)

Жыл сайын белгіленген төлем төлейтін жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын сақтау

Көп деңгейлі автотұрақтарды (паркингтерді) пайдалану және қызмет көрсету үшін

8

Тәулік бойы бір орынға бірнеше жеңіл машина қойылатын және сағаттық немесе тәуліктік тариф қолданатын автотұрақтар (паркингтер)

Бекітілген тариф бойынша ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдарын қысқа мерзімде сақтау

Автотұрақтарды (паркингтер) пайдалану және қызмет көрсету үшін
 

3 санат

 

Павлодар қалалық мәслихатының

2019 жылғы «30»  мамырдағы

№ 379/52 шешіміне

2-қосымша

 

 

Автотұрақтар (паркингтер) орналасқан жерлерге арналған

базалық салық мөлшерлемелерін  ұлғайту мөлшері

 

Автотұрақтардың (паркингтердің) санаты

Базалық салық мөлшерлемелерін

ұлғайту (есеге)

1 санат

1

2 санат

5

3 санат

10

Прочитано: 281 раз