ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС СУБЕКТІЛЕРІНЕ РАҚЫМШЫЛЫҚ ЖАСАУ (бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару тәртібі)

2019-06-14 17:24:23 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

1. Павлодар қаласы бойынша кірістер басқармасы хабарламасы, осы бересі сомасын төлеген жағдайда өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару  (бұдан әрі – Қағидалар) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексін қолданысқа енгізу туралы» (бұдан әрі – Салық кодексі) Қазақстан Республикасы Заңының 57-1 бабына сәйкес әзірленген және соманы есептен шығару тәртібін анықтайды:

1) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, сондай-ақ 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған бересі сомасына, 2018 жылғы 1 қазаннан бастап оны төлеген күнге дейінгі кезеңге, салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем төленген күнді қоса алғанда, есептелген өсімпұл сомасын;   

2) 2018 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша салықтың сол түрі бойынша және бересі төленген, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем бойынша салық төлеушінің дербес шотында болған, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (бұдан әрі – ӘҚБтК) сәйкес салық салу саласындағы құқық бұзушылық үшін салынған айыппұлдар сомасын;

3) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына және Қазақстан Республикасының оңалту және банкроттық туралы заңнамасына сәйкес, 2018 жылғы 1 қазандағы төлеу мерзімі жағдайына, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық міндеттемесін салық төлеушінің толық көлемде мерзімінен бұрын орындауы жағдайында өсімпұлдар мен айыппұлдар сомасын есептен шығару тәртібін анықтайды.

2. Салық кодексін қолданысқа енгізу туралы Заңының 57-1 бабының нормалары қолданылмайтын салық төлеушілерге осы Ережелердің тәртібі қолданылмайды.

Бюджетке берешегі туралы салық төлеушілерге “Салық төлеушілер қабинеті” мобильді қосымшасы,  www.kgd.gov.kz  мемлекеттік кірістер Комитетінің сайтында және “электрондық үкімет” арқылы және орналасу орны мен  тұрғылықты мекенжай бойынша салық басқармаларында анықтап алуына болады.

Мониторингке жататын ірі кәсіпорындарға, акцизделетін өнімді өндірушілерге және  жер қойнауын пайдаланушыларға, жерасты сулары мен емдік балшықтарын өндіруге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыларды қоспағанда, салық кешірімі қолданылмайды.