ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

МӘСЛИХАТТЫҢ 2013 ЖЫЛҒЫ 30 МАМЫРДАҒЫ "ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ АУМАҒЫНАН ҚАТТЫ ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ӘКЕТУ ТАРИФТЕРІН БЕКІТУ ТУРАЛЫ"» ШЕШІМІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНГІЗУ ТУРАЛЫ

2019-06-14 17:27:29 Мәслихат шешімдері

Жоба

 

 

Мәслихаттың 2013 жылғы 30 мамырдағы "Павлодар қаласы аумағынан қатты тұрмыстық қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы"» шешіміне өзгеріс енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Павлодар қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қалалық мәслихатының 2013 жылғы 30 сәуірдегі "Павлодар қаласы аумағынан тұрмыстық қатты қалдықтарды әкету тарифтерін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы:

көрсетілген шешімнің 1-тармағының 1-жолы жаңа редакцияда жазылсын:

"Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау,  әкету, кәдеге жарату, қайта өңдеу және көму тарифі бекітілсін".

2. Осы шешімнің орындалуын  бақылау қалалық мәслихаттың Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Сессия төрағасы                                                         А. Оспанов

Қалалық мәслихаттың хатшысы                             З. Мұқашева