ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-06-18 16:58:44 Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару Заңының 3 - бабы 10 - тармақшасына сәйкес, 2019  жылдың 28 маусымында сағат 11.00-де (Павлодар қ., Қайырбаев көш, 32, отырыс залында) VI сайланған Павлодар қалалық мәслихатының 53 кезекті сессиясы өтеді.

Күн тәртібі:

1. Қала және елді мекендердің аумағын абаттандыру Ережесін сақтау туралы.          

2. Мүгедектердің өмір сапасын жақсарту үшін әлеуметтік нысандардың, көлік инфрақұрылымының бейімделуі бойынша атқарылған іс-шаралары  туралы (ММ басшыларының нысандардың бейімделу жөніндегі жұмыстары туралы есебі).

3. 2019 жылдың I жартыжылдығында төртінші бюджеттік деңгейінің  орындалуы.

4. Қылмыстық  жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу жөніндегі, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік – кеңесші органның жұмысы туралы.

5. Павлодар қаласында шағын және орта бизнестің дамуы үшін жағдай жасау және қолдау көрсету.

2. Әртүрлі.

 

Павлодар қалалық

мәслихат аппараты

Прочитано: 1514 раз