ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

«Б» КОРПУСЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУҒА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-06-14 00:00:00 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

«E-R-3» «E-G-3»  санаттары үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

«Е-R-3» санаты үшін:

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

«E-R-3»

106288

142886

«Е-G-3»

                 90874

               122392

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1.  «Павлодар қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімшілік-құқықтық секторының меңгерушісі E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Сектор бас мамандарының жұмыстарын үйлестіреді. Қазақстан  Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кондоминиум объектілерін басқарудың барлық нысандарына тексеріс жүргізеді.  Барлық бағыттағы соттарда және басқа да мемлекеттік және өзге де мекемелерде бөлім мүддесін ұсынады.0

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім (техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы; құқықтық саласындағы; өнер саласындағы: сәулет мамандығы бойынша; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы).  

2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншікті жедел басқару секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.   

Функционалдық міндеттері: Коммуналдық меншіктің жылжымайтын және жылжымалы мүлікті басқару бойынша іс-шараларды бақылау және ұйымдастыру, оларды қорғау, пайдалану және сақтау бойынша шаралар қолдануды жүзеге асыру, иесіз қалған, қайтыс болған адамның мүлігі ретінде танылған коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті еспке алуын, сақталуын, бағалауын және оны одан әрі пайдалануын ұйымдастыруын жүзеге асыру. Коммуналдық мүліктің жекешелендірілуін (бағалау, сату-сатып алу келісім-шарттарын дайындау және жасау, келісім шарттарының сақталуын бақылау) жүзеге асыру. Мемлекеттік кәсіпорындар мен квазимемлекеттік секторының қаржылық-шаруашылық қызметін талдау. Мемлекеттік-жеке меншік серіктестік аясындағы іс-шараларға қатысу. Белгіленген мерзімде есептілікті тапсыруын қамтамасыз ету. Тапсырмалардың орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика).

3. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңгерлік жұмысы секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Заңгерлік секторының қызметін бақылауды жүзеге асырады.Бөлім мүддесін сақтау бойынша талап-шағым жұмысын ұйымдастырады, базылайды және жүргізеді. Соттарда азаматтық және қылмыстық істер бойынша Бөлім мүдделерін қорғайды. Бөлім дайындайтын бұйрықтар, келісім-шарттар, нұсқаулықтар мен басқа құқықтық сипаттағы актілер жобаларының құқықтық қамтамасыз етуін бақылауды жүзеге асырады.Қылмысқа қарсы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламалары бойынша қалалық іс-шараларды ұйымдастыру және уақытылы орындау бойынша бақылайды қамтамасыз етеді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қаралуының бақылауын қамтамасыз етеді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: заң (халықаралық құқық және/немесе заң.

4. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала инженерлік–техникалық коммуникациялармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Инженерлік-техникалық коммуникацияларға қатысты  су-құбыры-канализация желілері мен басқа мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау үшін қалулылар жобаларын келісу. Желілердің техникалық жағдайларын зерттеуге қатысу. Қаланың коммуналыдық меншігіндегі жылу-су-электр қуатымен жабдықтау объектілерін есепке алуын бақылау. Сенімгерлік басқару және мүлікті жалға алу келісімдер шарттарының орындалуын бақылау. Инженерлік инфрақұрылым объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарын ресімдеу. Инженерлік инфрақұрылым объектілеріне конкурстық құжаттар (техникалық ерекшеліктер) дайындауын, әзірлеуін бақылауды жүзеге асыру. Сенімгерлік басқару және мүліктік жалға алу келісім-шарттар жобаларын келісу. Белгіленген мерзімде есептілікті тапсыруын қамтамасыз ету. Тапсырмалардың орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылау   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика).

5. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бюджеттің орындалуын талдау және жиынтық секторының меңгерушісі (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2021 жылғы 24 қаңтарға дейін уақытша), E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Бюджеттің орындалуын талдау және жиынтық секторының қызметін ұйымдастыру. Міндеттемелер мен төлемдер бойынша түсімдер жоспарларының және қаржыландыру жоспарларының жиынтығы және бақылау. Түсімдер мен қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, мәслихаттың шешімі және жергілікті атқарушы органның қаулысы және бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мен мемлекеттік мекемелердің өтінімдері (бюджеттік бағдарламалар әкімшілері жетекшілік ететін) негізінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландырудың жиынтық жоспарларына  қажетті өзгерістер мен толықтырулар енгізу. Мемлекеттік сатып алулар бойынша мониторинг жүргізуді ұйымдастыру және бақылау. Бюджеттің орындалуы бойынша жиынтық есептер құрастыру және бюджеттік қаражаттың игерілу мониторингін жүзеге асыру. Нысаналы ағымдағы трансферттер, дамуға бөлінген нысаналы трансферттер мен кредиттерді бөліп, жиынтық жоспарлар құрастырады. Тапсырмалардың орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика)

6. «Жетекші ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маман-бас бухгалтері, E-G-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес ауыл әкімі аппаратының бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржы-шаруашылық қызметі бойынша функцияларды жүзеге асыру. ОБ қазынашылық органдарына, салық органдарына, статистика мекемелеріне есептерді уақытылы жасау және тапсыру. Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес. Салықтар мен басқа міндетті төлемдерді жинауға жәрдемдесу.

 Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейінгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1. Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2. Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік

30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені___________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________

________        ____________________________________

  (қолы)         (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.