ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

АБАЙЛАҢЫЗ, ЖҰМСАҚ БАЛМҰЗДАҚ!

2019-06-25 17:37:22 Жаңалықтар (Санитариялық-эпидемиологиялық қызмет)

Жылдың ыстық мезгілінде жіті ішек инфекциялары мен тамақтан уланудың пайда болуының негізгі себептерінің бірі автоматтан жұмсақ балмұздақты пайдалану болып табылады, ол көбінесе рұқсат етілмеген сауда орындарында тиісті жағдайларсыз өткізіледі. 

Автоматтарда жұмсақ балмұздақты сатуға қойылатын негізгі талаптар санитарлық ережелермен реттелген. Сондықтан санитарлық дәрігерлер жұмсақ балмұздақ жасайтын автоматтарды аралап, сатушылармен және автоматтардың иелерімен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Санитарлық ережелерге сәйкес жұмсақ балмұздақты дайындау және өткізу үшін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен бекітілген Кеден одағының "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін, сәйкестікті растау рәсімінен өткен, олардың сәйкестігін растайтын құжаттары (сертификаттары, Одақтың сәйкестік туралы декларациялары) бар, тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ұшырайтын автоматтар, тамақ өнімдерін өндіруді (дайындауды) қамтамасыз ететін конструкциялық және пайдалану сипаттамалары қолданылады. Автоматтарда тиісті бақылау аспаптары, бір реттік ыдыс пайдаланылады.

Автоматтарға, оның ішінде жұмсақ балмұздаққа арналған тез дайындалатын жартылай фабрикаттарды өндіру (дайындау) нормалау құжаттарына сәйкес келетін қоғамдық тамақтану объектілерінде, тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) жөніндегі объектілерде жүзеге асырылады.

Дайындаушының техникалық құжаттамасына (технологиялық нұсқаулыққа, рецептураға) сәйкес автоматтарда жұмсақ балмұздақты дайындау кезінде):

1) құрғақ қоспалардан немесе концентраттардан дайындалған қалпына келтірілген қоспаларды пайдаланады, қалпына келтірілген қоспаны дайындау үшін жаңа қайнатылған ауыз суды пайдаланады;

2) пастерленбеген шикі сүтті, шикі жұмыртқаны пайдалануға жол берілмейді;

3) қалпына келтірілген қоспаны дайындау сатылуына қарай жүргізіледі;

4) сатуға ол дайындалған жерлерде ғана жол беріледі.

Сауда нүктесінің сатушысы:

1) объектіні, іргелес аумақты таза ұстайды;

2) сапасы мен қауіпсіздігін растайтын, оның қадағалануын қамтамасыз ететін тауарға ілеспе құжаттары болған кезде тамақ өнімдерін қабылдауды және өткізуді жүзеге асырады;

3) тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімдерін, сақтау және өткізу шарттарын сақтауды қамтамасыз етеді;

4) тамақ өнімдерін өткізу мерзімдерін және босату талаптарын сақтайды, босату кезінде сауда мүкәммалын пайдаланады;

5) тамақ өнімдерін ластанудан сақтайды;

6) таза арнайы киім киеді;

7) жеке гигиена ережелерін сақтайды;

8) өздерімен бірге нормалау құжаттарымен бекітілген нысан бойынша жеке медициналық кітапшасы болады.

Жұмсақ балмұздақты жүзеге асыра отырып, Сіз халықтың денсаулығына үлкен жауапкершілік артасыз, сондықтан жоғарыда аталған ережелерді қатаң сақтау қажет. Зардап шегушінің орнында өзіңіз немесе жақындарыңыз болуы мүмкін!

Прочитано: 507 раз