ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ӨЗ АВТОКӨЛІГІҢДІ ӨРТТЕН САҚТА

2019-07-16 10:53:19 ТЖ БАСҚАРМАСЫ ХАБАРЛАЙДЫ

Автокөліктегі өрттің негізгі себебі қысқа тұйықталуы болып табылады. Орташа есеппен  машина 5-10 минут ішінде толығымен жанып кетеді, сондықтан өртті бастапқы сатысында  жою негізгі фактор болып табылады

Өрт туындауы кезіндегі бірер кеңес: 

егер жану басталып,  түтіннің шығуын байқап қалсаңыз, көлікті тез арада  жол жиегіне  тоқтату керек. Отты қурткамен немесе  басқа да затпен сөндіріп, уақытыңызды кетірмеңіз. Оған қоса жарақат алуыңыз да  мүмкін. Отты өрт сөндіргішсіз сөндіремін деп бос әуреге түспеңіз.

Егер от капоттың  астынан шықса, капоты қырынан таяқпен немесе монтировкамен  байқап ақырын ашу керек. Ашқан кезде өте сақ болған жөн, өйткені от жалындап кетуі мүмкін. Көлік астына төгілген жанармайды  сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолданыңыз. Өрт сөндіргішті негізінен қатты жанып жатқан жерге бағыттаңыз.

Отқа брезент жабуға, құм, топырақ шашуға, су құюға болады. Көліктің қалың өрт шалған жеріне пакетті суды күшпен лақтыру да тиімді. Өртті  май болған немесе бензин төгілген киімде сөндіруге болмайды. Көліктің қандай түрінде болсын  іске жарамды, қызмет көрсету мерзімі  шықпаған өрт сөндіргіш болуы міндетті. Болмаса жаңасын сатып алу немесе ескісін қайта толтыру кезі келген шығар. Уақыт өткен сайын көліктің электр сымдарының жай-күйін  және де басқа да өрт шығу қатері жоғары тетіктерін көзбен қарап тексеруді ұмытпаңыз. Қажет болса мамандарға жүгініңіз. Балаларды автокөлік салонында ата-анасының қарауысыз қалдырмаңыздар. Сіріңке, от шырпыны көлікте ұстамаңыздар.

Автотұрақ үй-жайлары мен гараждарда:  

-жанар-жағармай багінен, жанар-жағармай өткізгіштерінен, карбюраторлардан майы ағып тұрған, сонымен қатар электр қуатымен қамту жүйелері өшірілмеген автокөліктерді қоюға;

-  электр сымдарын дәнекерлеусіз қосуға;

- автокөліктерді бояуға, мөлшерден тыс жанар-жағармай құюға;

- бөлшектерді оталғыш және жанатын сұйықтықтармен жууға; 

жөндеу жұмыстарын жүргізген кезде ашық от қолдануға  жол бермеу қажет.

 

А. Буркутбаев

Павлодар қ. ТЖБ 

бас маманы