ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ АУМАҒЫН ДАМЫТУДЫҢ 2016 - 2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН БАҒДАРЛАМАСЫ

2019-07-16 11:39:56 АУМАҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мазмұны

 

1.

Паспорт

 

2.

Ағымдағы ахуалды талдау

 

2.1

Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

 

2.2

Орта мерзімді перспективада Павлодар қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктерінің, қалыпты факторларының, негізгі проблемалардың, тәуекелдердің кешенді сипаттамасы 

 

3.

Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары

 

 

1-бағыт: Экономика

 

 

2-бағыт: Әлеуметтік сала

 

 

3-бағыт: Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

 

4-бағыт: Инфрақұрылым                       

 

 

5-бағыт: Экология және жер ресурстары

6-бағыт: Мемлекеттік қызметтер

 

4.

Қажетті ресурстар

 

 

1. Паспорт

 

Бағдарламаның атауы

Павлодар қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы

Әзірлеу үшін негіз

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы «Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы»        № 790 қаулысы, Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2018 жылғы 04 қазандағы «Павлодар облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының 2015 жылғы 26 қазандағы «Павлодар облысы қалалары мен аудандарының жергілікті атқарушы органдары үшін нысаналы индикаторлардың базалық тізбесін бекіту туралы» №115 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»       № 119 бұйрығы

Қаланың негізгі сипаттамасы

Павлодар қаласы 1861 жылы құрылды. Қала республиканың солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы 0,6 мың шаршы км. құрайды.

Қаланың халқы – 360,0 мың адам, қала халқының саны 95,7 %-ды, ауылдық -  4,3 %-ды құрайды.

Павлодар қаласы Павлодар облысының облыс орталығы болып табылады.

Қаланың әкімшілік – аумақтық құрылымына 1 кент,  1 ауылдық округ, 5 ауыл кіреді.

Қала аумағында табиғи ресурстарды пайдалану және өндіріс салаларының базасын дамытуға бағытталған көп салалы өндіріс кешені құрылған.

Бағыттар

Экономика

Әлеуметтік сала

Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

Инфрақұрылым

Экология және жер ресурстары

Мемлекеттік қызметтер

Бағдарламаның мақсаттары

  • Өнеркәсіптің басымды секторларын дамыту;
  • қаланың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен салаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру;
  • еркін бәсекелестікті дамыту және тауарлар мен қызметтер нарығында тең қолжетімділікті қамтамасыз ету жолымен бизнестің экономикалық белсенділігінің өсуі үшін қолайлы орта құру, ішкі сауданың тиімділігін арттыру, сауданың тұрақты дамуы үшін жағдайлар жасау;
  • өңірлік инновациялық жүйені дамыту. инвестициялық климатты жақсарту;
  • білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту;
  • қала халқының денсаулығын жақсарту;
  • қала халқын әлеуметтік қорғаудың тиімді жүйесін қалыптастыру;
  • мәдениет саласын дамыту;
  • бұқаралық спортты дамыту;
  • туристік индустрияны дамыту;
  • қаланың мемлекеттік тіл саясатын тиімді іске асыруды арттыру;
  • қоғамдық қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету;
  • ақпараттық қоғам мен инновациялық экономикаға көшу үшін ақпараттық коммуникациялық технологияларды дамыту;
  • тұрғын үй қолжетімділігін дамыту;
  • көлік қызметтерінде экономика мен халықтың қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға қабілетті көліктік-коммуникациялық кешенді дамыту;
  • қаланың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту, тұтынушыларды сапалы коммуналдық қызметтермен, тіршілікті қамтамасыз ету жүйесінің қызмет ету сенімділігін қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы қызметінің тиімділігін арттыру;
  • орнықты дамыту негізін құру, қоғамның тіршілік әрекетіне қолайлы қоршаған ортаның сапасын  жақсарту;
  • мемлекеттік қызметтің кәсіби жүйесін  қалыптастыру.

Нысаналы

индикаторлар

2020 жылғы нысаналы индикаторлар:

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың нақты көлем индексі – 100,1 %.

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің нақты көлем индексі – 100 %.

Машина жасау саласы өндірісінің нақты көлем индексі – 101,0 %.

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірудің нақты көлем индексі -103,0 %.

Химия өнімінің нақты көлем индексі – 103,0 %.

Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндірудің нақты көлем индексі – 100,0 %.

Жеңіл өнеркәсіптің нақты көлем индексі – 105,5 %.

Электр энергиясын өндіру көлемі – 7,4%.

Электр энергиясын өндіру көлемін ұлғайту, өткен жылға қарағанда  %-бен – 68,3%.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі – 111,0 %.

Тамақ өнімдерін өндірудің негізгі капиталына салынатын инвестициялардың нақты көлем индексі – 106,0 %.

Ұйымдастырылған шаруашылықтардағы мал басының үлесі:

- ірі қара мал – 22,0 %,

- ұсақ қара мал – 0,1 %.

Тұқымды өзгертуге қатысатындардың үлесі:

- ірі қара мал –17,5 %,

- ұсақ қара мал – 0 %.

Мерзімін бұзумен берілген субсидиялардың үлесін төмендету – 0 %.

Тіркелгендердің жалпы көлеміндегі шағын және орта кәсіпкерліктің жұмыс істейтін субъектілерінің үлесі – 93,0 %.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 105,7 %.

Өңдеу өнеркәсібінің негізгі капиталына салынатын инвестициялар – 155,6 %.

Шикізат емес секторының негізгі капиталына салынатын инвестициялардың өсуі (бюджеттік инвестицияларды қоспағанда), % – 131,7 %.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың жалпы көлеміндегі сыртқы инвестициялардың үлесі -  12,2 %.

Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар санынан инновациялық-белсенді кәсіпорындардың үлесі –             7,5 %.

Жұмыс істеп тұрған апатты және үш ауысымды мектептердің саны  – 0 бірлік.

Мектеп түлектері арасында білім беру бағдарламаларын ойдағыдай (өте жақсы/жақсы) меңгерген оқушылардың жаратылыстану-математика пәндері бойынша үлесі – 62,3 %.

Мүмкіндігі шектеулі балалардың жалпы санынан балаларды инклюзивті білім берумен қамту – 25,1 %.

Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеумен және оқытумен (3-6 жас) қамту - 100,0 %, соның ішінде жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісін дамыту есебінен – 1,7 %.

14-тен 29 жасқа дейінгі жастағы халықтың мемлекеттік жастар саясаты іске асырылуымен қанағаттану деңгейі  – 93 %.

Мемлекеттік желі нормативіне сәйкес жалпы орта білім беру ұйымдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету – 100,0 %.

100 мың тірі туылғанға шаққанда ана өлім-жітімін төмендету – 0.

1000 тірі туылғанға шаққанда сәби өлім-жітімін төмендету – 7,26.

100 мың тұрғынға шаққанда қатерлі ісік өскіндерінен болатын өлім-жітімді төмендету   – 177,0.

15 - 49 жас ерекшелік тобындағы адамның иммун тапшылығы вирусының таралуы, 0,2-0,6 % шегінде – 1,6 %.

Жұмыссыздық деңгейі – 4,9 %.

Жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жүгінген адамдардың қатарынан жұмысқа орналасқандардың үлесі – 80,2 %.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жүгінген еңбекке қабілетті жастағы жұмысқа орналастырылған мүгедектердің саны – 113 адам.

Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына тартылған атаулы әлеуметтік көмек (шартты ақшалай көмекті) алушылардың үлес салмағы  - 24 %.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы  (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан)  - 99,9 %.

Жеке-меншік сектор субъектілері ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған адамдардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) – 33,5 %.

1000 адамға шаққанда кітапханаларға келушілердің орташа саны: – 612,8 адам.

Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту – 30,7 %.

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене дайындығының спорт клубтарында дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту – 23,3 %.

Өткен жылмен салыстырғанда ішкі туризм (резиденттер) бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын ұлғайту  –  117,0 %.

Өткен жылмен салыстырғанда кірмелі туризм (резидент еместер) бойынша орналастыру орындары қызмет көрсеткен келушілердің санын ұлғайту  – 146,0 %.

Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне берілетін төсек-орындарының санын ұлғайту – 109,0 %.

Мемлекеттік тілді меңгерген ересек халықтың үлесі –  84,0 %.

Ағылшын тілін меңгерген ересек халықтың үлесі –41,0 %.

Үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын) меңгерген ересек халықтың үлесі – 40,0 %.

Көшелерде жасалған қылмыстылықтың үлес салмағы -  17,6 %.

100 зардап шеккенге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың санын төмендету  – 2,1 %.

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстылықтың үлес салмағы – 3,7 %.

Бұдан бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстылықтың үлес салмағы – 61,6 %.

Аумақтардың төтенше жағдайлардан (селдер, қар көшкіндері, көшкіндер, су басулар және тасқындар) қорғалу деңгейі – 100,0 %.

100 тұрғынға шаққанда телефон байланысының тіркелген желілер тығыздығы – 25,0 бірлік.

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі – 102,0 %.

Пайдалануға берілген тұрғын үй ғимараттарының жалпы ауданы – 189,1 мың шаршы метр.

Паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі – 100,0 %.

Жақсы және қанағаттанарлық күйдегі қалалық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі -  98,5 %.

Жолаушылар автокөлігі қатынасымен қамтылмаған елді мекендердің үлесі – 0 %.

Күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесін төмендету – 15,0 %.

Қалалардағы қолжетімділік:

- орталықтандырылған сумен жабдықтау – 93,4 %;

- орталықтандырылған су бұру  – 88,0 %.

Ауылдық елді мекендердің қолжетімділігі:

- орталықтандырылған сумен жабдықтау – 66,7 %;

- орталықтандырылған су бұру  – 25 %.

Жалпы ұзындығынан жаңғыртылған желілердің үлесі:

- жылумен жабдықтау – 1,1 %;

- газбен жабдықтау – 0 %;

- электрмен жабдықтау – 0,5 %.

Жаңғыртылған желілердің ұзындығы:

- жылумен жабдықтау  – 4,7 км;

- электрмен жабдықтау – 5,4 км.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың қалыптасуына қарай оларды кәдеге жарату үлесі – 43,7 %.

Облыс, республикалық маңызы бар қала, астана халқын қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызметтерімен қамту  – 86,5 %.

Санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі (көму орындарының жалпы санынан)  – 12,5 %.

Нормативтік ластайтын заттардың көлемі (қалалар үшін):

- атмосфералық ауаға шығарындылар – 0,2648 млн. тонна.

- су объектілеріне тастаулар – 0,0595 млн. тонна.

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында орманмен жабылған алқаптардың ауданы – 0,594 мың га.

Жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы мемлекеттік орман қоры аумағында бір орман өртінің орташа ауданы – 0,0012 мың га.

Ауыл шаруашылығы айналымына тартылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің үлесін ұлғайту – 0 %.

Егістік жерлер құрамындағы ауыспалы егістің үлесі (қырдағы ауыспалы егіс) – 12,96 %.

Табиғи жайылымды алқаптар құрамындағы жайылымды егістердің үлесі (азықтық ауыспалы егіс) – 0 %.

Мемлекеттік қызметшілер санының таза алмасушылығы – 6,0 %.

Қажетті ресурстар

Қаржыландыру көздері: республикалық және жергілікті бюджеттер, инвесторлардың меншікті қаражаты.

Қаржыландыру көлемдері (алдын ала есептеулер):

2016 жыл – 18386,2 млн. теңге;

2017 жыл – 211353,9 млн. теңге;

2018 жыл – 21728,1 млн. теңге;

2019 жыл – 23469,3 млн. теңге;

2020 жыл – 186819,0 млн. теңге.

Барлығы – 461756,5 млн. теңге.

Павлодар қаласының аумағын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасын қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде нақтыланатын болады.

 

2. Ағымдағы ахуалды талдау

 

Қаланың жалпы сипаттамасы

 

Павлодар қаласы – Қазақстан Республикасында өзінің әлеуетімен жетекші орын алатын, ірі индустриалды орталық. Қала 1861 жылы құрылған.

Облыс орталығы республиканың солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Қаланың аумағы – 0,6 мың ш.км, халықтың тығыздығы 1 ш.км – 597,7 адамды құрайды.

2018 жылғы 1 қаңтарға халық саны 360,0 мың адамды құрады, соның ішінде қала халқы – 344,7 мың адам, ауылдық –  15,3 мың адам.

Халықтың ұлттық құрылымы: қазақтар (46,2%), орыстар (42,3%), украиндықтар (4,0 %), немістер (2,2 %) және өзге  ұлт өкілдері (5,3 %).

Қаланың әкімшілік – аумақтық құрылымына 1 кент, 1 ауылдық округ,         5 ауыл кіреді.

Қала аумағында табиғи ресурстарды пайдалану және өндіріс салаларының базасын дамытуға бағытталған көп салалы өндіріс кешені құрылған.

Қаланың жер қоры 63,3 мың га құрайды, соның ішінде ауыл шаруашылық алқаптары 35,4 мың га, егістік – 10,6 мың га.

Қаланың гидрографиялық желісі жалғыз Ертіс өзенімен ұсынылған.

 

2.1. Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау

2.1.1 Экономика

2.1.1.1 Өңірлік экономика

Салықтық және салықтық емес түсімдер

2015-2017 жылдары салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу  қарқыны тұрақсыз сипатқа ие.

2015 жылғы кірістерде (102,9%) біржолғы сипаттағы түсімдер                     89,1 млн.теңгені құрайды. Бұл ретте, өсу қарқынына «ПМХЗ» ЖШС-тің                   алыс-беріс шикізатын қайта өңдеудің жаңа схемасына көшуі теріс әсер етті. Салықтық және салықтық емес түсімдердің нақты өсу қарқыны - 102,7%.

2016 жылы көрсеткіш бензин мен дизель отынына акциз ставкаларының өсуі есебінен көтерілді, сондай-ақ мемлекеттік және азаматтық қызметшілер жалақысының өсуіне байланысты ЖТС бойынша түсімдер артты. Салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны 119,2%-ды құрады.

2017 жылғы (119,0%) түсімдердің өсуіне мұнайды қайта өңдеу көлемдерінің ұлғаюымен бірге, бензин мен дизель отынына акциз ставкаларының өсуі де әсер етті. Сондай-ақ, қала бюджетіне жалпы алымдардан 54% көлемінде қосымша әлеуметтік салық түсе бастады. Салықтық және                    салықтық емес түсімдердің нақты өсу қарқыны - 118,4%.

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдер (млн. теңге), соның ішінде:

43 419,6

51 800,4

61 659,2

1.1

біржолғы түсімдер, тексеру актілері (млн. теңге)

89,1

138,7

470,7

2

Біржолғы төлемдерді есепке ала отырып, кірістердің өсу қарқыны, %

102,9

119,3

119,0

3

Табыс өсуінің нақты қарқыны, %

102,7

119,2

118,4

 

2.1.1.2 Өнеркәсіп

Қала экономикасының басты құрамдас бөлігі өнеркәсіп болып табылады.

Павлодар қаласы өңделмеген алюминий, жербалшық, шамамен 70%  жіксіз құбырлар, 40%-дан астам бензин өндірісінің республикалық көлемінің 100%-ын қамтамасыз етеді.

Қаланың Павлодар облысының өнеркәсіп өндірісі көлеміндегі үлес салмағы шамамен 38,4%-ды құрайды.

Павлодар қаласы өнеркәсібінің құрылымы

пайызбен

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

  1.  

Өнеркәсіп – барлығы,

соның ішінде:

100,0

100,0

100,0

100,0

 

  1.  

тау-кен өндіру өнеркәсібі

0,1

0,1

0,1

0,1

  1.  

өңдеу өнеркәсібі

86,5

89,6

90,4

91,8

  1.  

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны алмастыру

11,8

9,1

8,3

7,1

  1.  

сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

1,5

1,2

1,2

1,0

2015-2017 жылдары өнеркәсіп өндірісінің құрылымы тұрақсыз өзгерді.

2015-2017 жылдар ішінде өнеркәсіптік өндірістің салалық құрылымында өңдеу өнеркәсібінің үлесі ұлғайды  (86,5%-дан 90,4%-ға дейін), электрмен жабдықтаудың үлесі керісінше 3,5 пайыздық тармаққа төмендеп, 8,3%-ды құрады, сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылауда 0,3 пайыздық тармаққа төмендеді.

Қаланың жүйе құраушы 8 кәсіпорнының өнеркәсібінде: «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - АҚ) (жербалшық, электр энергиясын өндіру), «Қазақстан  электролиз зауыты» АҚ (өңделмеген алюминий өндіру), «KSP Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі – ЖШС) (жіксіз құбырлар және болат өндіру), «Кастинг» ЖШС Павлодар филиалы (бұдан әрі – ПФ) (болат шығару), «ERG Service» АҚ филиалы – Павлодар машина жасау зауыты (крандар және металл конструкциялар өндіру), «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС (мұнай өнімдерін өндіру), «Қазэнергокәбіл» АҚ (сым өнімін шығару), «Павлодарэнерго» АҚ (электр, жылу энергиясын өндіру) өнеркәсіп өндірісінің барлық көлемінің 70 %-дан астамын қамтамасыз етеді.

 

Экономикалық қызмет түрлері бойынша өнеркәсіп өнімінің

нақты көлем индексі

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

  1.  

Өнеркәсіп – барлығы,

соның ішінде:              

96,5

101,3

106,7

106,3

  1.  

тау-кен өндіру өнеркәсібі

29,6

83,6

132,7

87,7

  1.  

өңдеу өнеркәсібі

98,5

100,8

106,6

107,4

  1.  

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны алмастыру

92,8

102,9

101,5

99,2

  1.  

сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, суды жинау мен үлестіруді бақылау

76,1

106,2

115,2

99,6

2017 жылы өнеркәсіптік өндіріс көлемі 683,3 млрд.теңгені құрады, бұл 2015 жылғы деңгейден 54,7%-ға жоғары (441,6 млрд.теңге). Нақты көлем индексі 106,7%-ды құрады. Нақты көлем индексінің (бұдан әрі - НКИ) жоғарылауы барлық өнеркәсіп салаларында орын алды.

Павлодар қаласының өнеркәсіп құрылымында едәуір үлес салмағын өңдеу өнеркәсібі алады – 90,4 % (2017 жылы).

2017 жылы өңдеу өнеркәсібінде 617,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді. НКИ 106,6%-ды құрады.

Өндіріс көлемдерінің ұлғаюы мына салаларда байқалады: металлургия өнеркәсібі (НКИ - 106,3%), машина жасау (НКИ -129,4%), химия өнеркәсібі (НКИ -116,7%), өзге металл емес  минералды өнім (170,8%), фармацевтикалық өнеркәсіп (НКИ -102,1%), мұнай өнімдерін өндіру (НКИ -103,9%).

2018  жылғы қаңтар-қазан айларында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 639,8 млрд. теңгені құрады (НКИ – 106,3%), соның ішінде өңдеу өнеркәсібінің көлемі 587,7 млрд. теңге  (НКИ – 107,4%).

Құрылымды талдау өңдеу өнеркәсібінде металлургия өнеркәсібі (60,4 %) және мұнайды қайта өңдеу (13,9%) елеулі орын алатынын куәландырады.

Қаланың металлургиялық кешені қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындарымен ұсынылған: «Кастинг» ЖШС ПФ, «KSP Steel» ЖШС, «Қазақстан алюминийі» АҚ,  «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, олар                   2017 жылы өңдеу өндірісі көлемдерінің 60 %-дан астамын өндірді.

Олар шығаратын өнімнің номенклатурасы төмендегідей: жербалшық (алюминий оксиді), өңделмеген алюминий, жіксіз құбырлар, ұнтақ шарлар, болат.

Металлургия өнеркәсібінің өнім өндірісі

 

Р/с №

Көрсеткіш

атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1

Металлургия өнеркәсібі

217,8

99,9

319,8

105,7

372,7

106,3

361,3

101,6

 

соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

 

 

2

қара металлургия

34,1

89,7

44,4

106,2

60,7

118,0

64,9

108,3

3

негізгі асыл және түсті металдар өндіру

182,3

103,5

274,1

105,4

309,9

103,3

294,0

99,5

2015-2017 жылдары металлургия өнеркәсібінде өндіріс көлемі 2015 жылы 217,8 млрд. теңгеден (НКИ – 99,9%)  2017 жылы 372,7 млрд. теңгеге дейін     (НКИ – 106,3 %) ұлғайды.

2017 жылы Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде «Giessenhausе» ЖШС-те жылына 36 000 тонна жобалық қуатымен қоспаланған алюминий қорытпаларының өндірісі іске қосылды, бұл «КиК Павлодар» ЖШС жылына            1 млн. диск жобалық қуатымен жеңіл балқитын автомобиль дөңгелектері өндірісін ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде металлургия өнеркәсібінде өндірілген өнім көлемінің 1,6%-ға өскені байқалады – 361,3 млрд. теңге, соның ішінде: қара металлургия 64,9 млрд. теңге (НКИ – 108,3%), негізгі асыл және түсті металдар өндіру 294,0 млрд. теңге (НКИ - 99,5%).

 

Металлургияның өнеркәсіп өнімдерінің

аса маңызды түрлерін өндіру

 

Р/с №

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015

жыл

2016 жыл

2017

жыл

2016 жылға қарағанда 2017 жылы

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Болат

мың тонна

305,3

*

*

*

*

2

Жіксіз құбырлар

мың тонна

120,6

136,5

*

113,2

*

3

Өңделмеген алюминий, алюминий оксиді

мың тонна

1667,5

1740,2

1764,0

104,4

1460,7

* кәсіпорынмен ақпараттың құпиялылығына байланысты статистикалық деректерді беруден бас тартылды

Машиналар мен құрал-жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісінің көлемі 2015 жылы – 16,3 млрд. теңгені (НКИ - 107,9 %), 2016 жылы – 22,9 млрд. теңгені (НКИ - 117,8 %), 2017 жылы – 26,1 млрд. теңгені (НКИ -   115,5 %), 2018 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында – 20,1 млрд.теңгені (НКИ - 86,9 %) құрады.

Мұнай-химия өнеркәсібі. Сала «Павлодар мұнай-химия зауыты»      ЖШС-мен ұсынылған.

2017 жылғы қарашада мұнайды қайта өңдеу көлемін ұлғайту мақсатында Индустрияландыру картасының жалпы жоба құны 180 млрд. теңге, 161 жаңа тұрақты жұмыс орнын ашумен және жылына 5,1 млн. тоннаға дейін мұнайды қайта өңдеу жобалық қуатымен «Павлодар мұнай-химия зауыты»                            «МХЗ жаңғырту» ЖШС Республикалық жобасы іске асырылды.

Осы жоба тұтынушыларды К4, К5 экологиялық сыныптарының талаптарына сәйкес келетін сапалы мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге және жаңа технологияларды енгізу, басқаруды автоматтандыруды  арттыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен қоршаған ортаға зиянды әсер етуді азайтуға мүмкіндік береді.

 

Мұнай-химия өнеркәсібі өнімінің өндірісі

 

Р/с

Көрсеткіш

атауы

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

1

Мұнай өнімдерін өндіру, млрд. теңге

52,6

74,8

85,9

90,5

2

Мұнай өнімдерін өндірудің НКИ, %

97,2

95,4

103,9

115,9

3

Мұнай өнімдерін өндіру, мың тонна

4745,5

4516,6

4729,0

4492,0

4

Моторлық отын (авиациялықты қоса алғанда, бензин), мың тонна

1244,0

1258,9

1285,1

1182,8

5

Газойльдер (дизельді отын), мың тонна

1617,3

1553,9

1500,4

1528,1

6

Отын мазуты

899,6

714,8

690,6

552,0

2015-2017 жылдардың қорытындысы бойынша мұнайды қайта өңдеу өнімдерінің өндіріс көлемі 213,3 млрд.теңгені құрады, соның ішінде 2017 жыл ішінде – 85,9 млрд. теңге немесе 2016 жылға қарағанда 103,9 %.

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндіру саласында 90,5 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді (НКИ – 115,9 %).

Химиялық кешені мұнай-химияны, лак-бояу өнімдерін, тыңайтқыштар өндіруді қамтитын көп салалы болып табылады және өңдеу өндірісі көлемінің 3,6 %-ын алады.

Химиялық кешені «Каустик» АҚ (хлор, каустикалық сода, тұз қышқылы, натрий гипохлоритін өндіру), «Нефтехим LTD компаниясы» ЖШС (эфирлер, пропилен полимерлерін өндіру) кәсіпорындарымен, тұрмыстық химия өнімін, залалсыздандырушы, жуғыш құралдарды  шығаратын шағын кәсіпорындармен көрініс табады.

 

Химия өнеркәсібінің өнім өндірісі

 

Р/с

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

7

1

Химия өнеркәсібі

млрд.теңге

14,4

17,3

22,5

24,0

2

Химия өнеркәсібінің НКИ

%

109,2

91,9

116,7

105,8

3

Хлор

мың тонна

*

22,7

*

*

4

Каустикалық сода

мың тонна

*

35,2

*

*

5

Полипропилен

мың тонна

23,7

*

*

*

6

Полимерлер негізіндегі бояулар мен лактар

мың тонна

3,2

3,6

*

*

7

Тұз қышқылы

мың тонна

*

43,8

*

*

8

Метилтретбутил эфирі

мың тонна

19,9

16,9

15,5

*

* кәсіпорынмен ақпараттың құпиялылығына байланысты статистикалық деректерді беруден бас тартылды

2015-2017 жылдар ішінде 54,2 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді, соның ішінде 2017 жыл ішінде – 22,5 млрд.теңге (НКИ – 116,7%).

2015-2017 жылдар ішінде салада 2 жоба іске қосылды: «Ұнтақ полипропиленін ұсақтау қондырғысын орнату», «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы (бұдан әрі – «Павлодар» АЭА) аумағында агрохимиялық өнім өндіру».

2017 жылғы сәуірде «Майлайтын материалдар өндірісін ұйымдастыру» жобасы іске қосылды - 1 кезең, «EvooilKazakhstan» ЖШС.

Саланың одан әрі дамуы «Павлодар» АЭА қызметін кеңейтумен байланысты.

Фармацевтикалық өнеркәсіп медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсақ өндірушілерді қоса алғанда, фармацевтикалық өнімді өндіруші –                         30 кәсіпорынмен ұсынылған.

Фармацевтикалық саланың үлес салмағы 0,1%-ды құрайды.

 

Фармацевтика өнеркәсібінің өнім өндірісі

 

Р/с №

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

5

6

6

7

1

Фармацевтика өнеркәсібі

млрд.

теңге

0,64

0,54

0,62

0,48

2

Фармацевтика өнеркәсібінің НКИ

%

102,5

72,3

102,1

108,9

2015-2017 жылдар ішінде 1,8 млрд. теңге сомасына фармацевтикалық өнім өндірілді, соның ішінде 2017 жылы 0,62 млрд. теңге (НКИ - 102,1%).

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде 481,3 млн.теңгеге өндірілді (НКИ – 108,9%).

Машина жасау секторы «ERG Service» АҚ филиалы - Павлодар машина жасау зауытымен (крандар мен металл құрылымдар өндіру), «Қазэнергокәбіл» АҚ (электр жабдықтарын өндіру), «Павлодар құбыр-илек зауыты» ЖШС (әртүрлі диаметрлердегі болатты электр дәнекерленген тік жікті құбырлар өндіру), «Стандартталмаған құрал-жабдық зауыты» ЖШС (стандартталмаған құрал-жабдық шығару және металл өңдеу), «Агромир» ЖШС (жоғары қысымды майысқақ түтіктер, сегменттер, қарсы кесетін пластиналар, өрт сөндіргіштердің қайта зарядтау құрылғыларын өндіру), «Павлодар металл құрылымдар зауыты  – «Имсталькон» АҚ (металл құрылымдар өндіру), сондай-ақ шағын кәсіпорындармен ұсынылған, олардың өңдеу өндірісіндегі үлесі 6,0 %-ды құрайды.

2015-2017 жылдар ішінде 94,7 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, соның ішінде 2017 жылы -  41,2 млрд.теңге (НКИ – 129,4 %).

 

Р/с №

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

5

6

6

7

  1.  

Машина жасау

млрд.теңге

25,2

28,3

41,2

32,5

  1.  

Машина жасаудың НКИ

%

84,8

100,2

129,4

125,8

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде машина жасауда 32,5 млрд.теңге сомасына өнім өндірілді (НКИ – 125,8%).

Құрылыс индустриясы. Қалада құрылыс индустриясының саласы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындармен ұсынылған. Олар жұмсақ жабын материалдарын, темір бетон бұйымдары мен құрылымдарын, металл құрылымдарын, силикат және керамикалық кірпіштер шығарады. 

Р/с №

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

5

6

6

7

  1.  

Өзге металл емес минералды өнім (құрылыс индустриясы)

млрд. теңге

7,96

6,74

12,2

8,0

  1.  

Өзге металл емес минералды өнімнің НКИ

%

96,3

81,2

170,8

71,6

 2015-2017 жылдар ішінде 26,9 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, соның ішінде 2017 жылы -  12,2 млрд.теңге (НКИ – 170,8 %).

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде саладағы өндіріс көлемі 8,0 млрд.теңгені құрады (НКИ – 71,6 %). Қаланың шағын кәсіпорындарында бәсекелестердің көп санының болуына байланысты құлдырау байқалады.

Жеңіл өнеркәсіп шағын және орта бизнес кәсіпорындарымен ұсынылған. Орта кәсіпорындар: «ДЭКО» ЖШС (тігін бұйымдар шығару), «Технопромтекс» ЖШС (биг-бэгтер шығару), «ЕртісСпецодежда» ЖШС (тігін бұйымдар шығару), «Қазақ зағиптар қоғамының Павлодар оқу-өндірістік кәсіпорны» ЖШС (арнайы киім,  тыстарға арналған фильтрлер, тігін бұйымдар шығару), «Павлодар қаласының Ауғаныстан соғысының мүгедектер одағы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі - ҚБ), «Светлана» тігін фабрикасы» ЖШС, «Шебер» тігін фабрикасы ЖШС.

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы көлеміндегі саланың үлесі 0,6 %-ды құрады.

 

Жеңіл өнеркәсіп өнімінің өндірісі

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы

қаңтар-қазан

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

млрд.

теңге

НКИ,

%

1

2

2

3

4

5

6

7

8

9

1

Жеңіл өнеркәсіп

3,37

116,6

4,3

117,6

4,0

98,6

3,6

88,0

 

соның ішінде:              

 

 

 

 

 

 

 

 

2

тоқыма бұйымдар шығару

2,24

116,4

2,9

126,0

126,0

2,8

103,0

89,9

3

киім шығару

1,13

121,6

1,37

93,5

1,2

90,1

1,06

84,6

4

былғары және оған жататын өнім шығару

0,001

16,7

0,002

-

0,001

-

0,001

-

2015-2017 жылдардың кезеңі ішінде жеңіл өнеркәсіпте 11,7 млрд. теңге сомасына өнім шығарылды.

2017 жылы киім шығару көлемінің 9,9%-ға азаюына байланысты               4,0 млрд.теңгеге өнім өндірілді (НКИ – 98,6 %).

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде 3,6 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді (НКИ – 88,0 %).

Халық сұранысы негізінен арзан импорт тауарларының есебінен қанағаттандырылады.

Тау-кен өндіру саласында өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі үлес салмағы 0,1%-ды құрайды, 2015-2017 жылдары 2,2 млрд. теңге сомасына өнім өндірілді, соның ішінде 2017 жылы – 0,9 млрд. теңге (НКИ – 132,7 %).

Павлодар қаласында бұл саланы қиыршық тас және құмды карьер әзірлеу, ізбес және гипс шығару кәсіпорындары көрсетеді.

 

Тау-кен өндіру саласының өнімдерін өндіру серпіні

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

7

1

Тау-кен өндіру өнеркәсібі

млрд.

теңге

0,59

0,64

0,98

0,5

2

Тау-кен өндіру өнеркәсібінің НКИ

%

29,6

83,6

132,7

87,7

3

Табиғи құм

мың текше метр

330,8

403,0

*

*

* кәсіпорындармен ақпараттың құпиялылығына байланысты статистикалық деректерді беруден бас тартылды.

2017 жылы тау-кен өндіру өнеркәсібінде НКИ (132,7%) өсуі «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС-те (бұдан әрі – ПМХЗ) шикі күкірт өндірудің ұлғаюымен байланысты.

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде 494 млн.теңге сомасына өнім өндірілді, НКИ - 87,7%-ды құрады. Құлдырау шағын кәсіпорындарда құм шығару көлемінің азаюымен, сондай-ақ  2018 жылы       «Пик Тайм» ЖШС (қиыршық тас, гравий) облыстың басқа ауданына көшуіне байланысты жұмысын тоқтатуымен байланысты.

Экспортқа бағдарланғандығын ескере отыра, қаланың дамуына сыртқы факторлар едәуір әсерін тигізеді.

Сыртқы сауданың дамуына әсер ететін сыртқы факторлар: металл мен шикізатқа әлемдік бағалардың беталысы, басқа елдердің сыртқы экономикалық саясаты (импортты әкелуге шектеулер енгізу), сыртқы нарықтардағы сұраныс, сыртқы нарықтағы жоғары бәсекелестік, ТМД елдерінен әкелінетін азық-түлік тауарларының импорт жеткізілімдеріне тәуелділік, қазақстандық экспорттың шикізаттық бағыты.

Өңірдегі сыртқы сауданың дамуына әсер ететін ішкі факторлар, бұл сондай-ақ өнеркәсіп салаларының экономикалық дамуы, мұнда табиғи монополиялардың өнімі мен қызметтеріне бағалардың өсуі, ескірген технологиялар және  сатылатын өнім сапасының өсуіне кедергі келтіретін кәсіпорындардағы тозған құрал-жабдық, кәсіпорындарда инновацияларды пайдаланудың төмен деңгейі, банк секторының қажет етілетін көлемде ұзақ мерзімді кредиттер беруге дайын еместігі теріс факторлар болып табылады.

Дамудың сыртқы жағдайлары әсерін ескере отыра, 2016-2020 жылдары облыс экономикасы мынадай ішкі факторлардың әсерінен дамитын болады:

қолайлы инвестициялық климатты, шикізат салаларында жоғары         экономикалық белсенділікті сақтау;

әртараптандырылуын және бәсекеге қабілеттілігінің өсуін қамтамасыз ететін экономиканың басымды секторларын дамыту.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

меншікті минералды-шикізат базасының болуы;

өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасының болуы;

АЭА-ны дамыту;

машина жасауда кластерлеу үшін әлеуеттің болуы;

энергетикалық ресурстармен қамтамасыз етілгендік;

индустрия үшін мамандарды даярлау бойынша ЖОО мен колледждердің болуы;

түсті металлургияның экспортқа бағдарланған өнім өндірісі бойынша      жетекші компаниялардың болуы;

өнімнің ірі нарық-импорттаушыларына жақындық (Ресей, Қытай);   энергетикалық инфрақұрылымдармен қамтамасыздық.

Осал жақтары:

шетелдік ұқсас кәсіпорындармен салыстырғанда өнім өндірісінің жоғары ресурстық және энергия сыйымдылығы;

ішкі нарықтың салыстырмалы түрде аз көлемі;

техникалық құрал-жабдық тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

кәсіпорында өндірісті жаңғырту және техникалық қайта жарақтандыру үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

коммерциялық сұраныстың жалпы төмендеуі;

Мүмкіндіктері:

электр энергетиканы дамыту;

электр энергиясына өңіраралық сұраныстың өсуі;

металлургия, машина жасау кластерлерін дамыту;

шикізат пен бөлшектердің экспортын және импортын жеңілдететін    Бірыңғай Азия Экономикалық Одағына (бұдан әрі – БАЭО)  бірігуге байланысты нарықты кеңейту;

өз кезегінде шектес салалар тарапынан өңірішілік сұраныстың өсуі;

өндірілетін түсті металлдар негізінде жоғары қосылған құнымен жаңа өндірістерді ашу.

Қауіп-қатерлер:

минералды-шикізат базасының таусылуы;

шикізат (металл сынықтары, мұнай) тапшылығының өсуі;

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

шикізатты және дайын металлдарды теміржол тасымалына тарифтердің тез өсуі;

өңірде экологиялық жағдайды нашарлататын жаңа өндірістік қуаттылық-тарды салуға қоғамның теріс көзқарасының өсуі.

Жүргізілген SWOT-талдауының нәтижесі бойынша мынадай проблемалар анықталды:

металлургиялық өнеркәсіпте шикізатты қайта өңдеудің төмен тереңдігі (болатты қайта өңдеуді қоспағанда): түпкілікті өнім өндіру жалпы шығарудан шамалы үлесті құрайды;

ресей өндірісі құрылыс өнімінің демпингі;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі;

Қазақстан Республикасында коммерциялық сұраныстың жалпы төмендеуі;         станциялардағы энергия жабдықтарының тозуы;

технологиялық жабдықтар тозуының жоғарылығы (70%-ға дейін), негізгі қорлардың баяу жаңартылуы.

Индустриялық-инновациялық даму.

2015-2020 жылдары Павлодар қаласында Индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі - ИИДМБ) аясында инвестициялар көлемі 545 млрд. теңгеге 23 жобаны іске асыру жоспарлануда, соның ішінде: Индустрияландыру картасының 1 жобасы, Кәсіпкерлікті қолдау картасының  22 жобасы. Бұл ретте 2800 жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

2018 жылы қалада  321 жұмыс орнын ашумен жалпы инвестициялар көлемі 3,5 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылуда, соның ішінде:

- «Павлодар Водоканал» ЖШС – 14,3 млн. теңге сомасына құрылыс материалдарын өндіру;

- «METALLOGAMMA» ЖШС – 360,7 млн.теңге сомасына минералды шикізатты қайта өңдеу және алюмосиликатты қуыс микросфералары бар дайын өнімді шығару өндірістік цехы;

- «Нефтехим ЛТД компаниясы» ЖШС – 1600 млн.теңге сомасына «Жұмсақ контейнерлер (биг-бегилер) шығаратын экструзиялық цех»;

- «Гринланд Инвест» ЖШС – 1500 млн.теңге сомасына «Өсімдік майын өндіру (күнбағыс, рапс, зығыр)».

2019 жылы 820 жұмыс орнын ашумен 13,5 млрд. теңге сомасына 2 жоба жоспарлануда, соның ішінде:

- «Format Mach Company» ЖШС - 10,5 млрд. теңге сомасына ірі және орташа құйма шығаруды ұйымдастыру;

- «РOCCDORKOM KZ» ЖШС – 3,0 млрд. теңге сомасына ыстық мырыштау цехы.

Инвестицияларды тарту бойынша аймақтың одан әрі қызметі экономиканың басым секторларында ірі инвесторлар үшін сараланған тәсілді көздейтін шетел және ішкі инвесторлар үшін жаңа ынталандыруларды ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Өнеркәсіп салаларын дамытудың күшті жақтары:

- индустриялық базаның болуы;

- экономиканың өсімін ескере отыра, энергетикалық ресурстардың жеткіліктілігі;

- өнімі әлемдік нарықта қажет етілген металл өндіретін жетекші компаниялардың болуы;

- өндірілетін түсті металдар негізінде жоғары үстеме құнымен жаңа өндірістер құру бойынша әлеуетті мүмкіндіктер;

- жаңа заманауи өнеркәсіптік объектілердің, соның ішінде Индустрияландыру картасы шеңберінде құрылғандардың болуы;

- арнайы экономикалық аймақтың болуы.

Осал жақтары:

жоғары үстеме құнымен өнімнің өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі төмен үлес салмағы;

өндірістік қуаттылықтарды толық жүктемеу;

негізгі қорлардың баяу жаңартылуы;

кәсіпорындарда өндірістерді жаңғырту үшін айналым қаражатының жетіспеушілігі;

білікті техникалық кадрлардың тапшылығы;

ішкі нарықтың аз көлемі;

еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.

Мүмкіндіктері:

өндірістерді дамыту үшін бизнесті мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалану;

инновациялық өнімдер әзірлеу;

БАЭО елдеріндегі әріптестермен бірлескен жобаларды іске асыру үшін кедендік және өзге кедергілердің болмауы;

өңіраралық кооперацияны дамыту;

өнеркәсіптік кластерлерді дамыту, соның ішінде түсті металлургия кластерін, химиялық кластерді дамыту;

өндірілетін түсті металдар негізінде жоғары үстеме құнымен жаңа өндірістер құру.

Қауіп-қатерлер:

өндірістерді дамытуға инвестициялардың жеткіліксіз ағыны;

интеграциялық процестерге байланысты бәсекелестіктің күшеюі;

шикізат тапшылығының өсуі (мұнай, металл сынықтары);

шикізат ресурстарына бағаның түсуі;

өңірдегі экологиялық жағдайға ықпал ететін жаңа кәсіпорындарды салу проблемалары;

білікті кадрлар ағынының күшеюі.

Жүргізілген SWOT-талдау нәтижелері бойынша мынадай проблемалар анықталды:

- жоғары үстеме құнымен өнімнің өнеркәсіптік өндірістің жалпы көлеміндегі төмен үлес салмағы;

- өнеркәсіптік кәсіпорындардың өндірістік қуаттылықтарын толық жүктемеу;

- негізгі өндірістік қорларды жаңғырту қажеттілігі;

- айналым қаражатының жетіспеушілігі және пайыздық мөлшерлемесі төмен ұзақ мерзімді кредиттердің қолжетімсіздігі;

- еңбек өнімділігінің төмен деңгейі.

 

2.1.1.3 Агроөнеркәсіптік кешен

 

2017 жылы қала бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің НКИ 114,4%-ды (10 млрд.теңге), өсімдік шаруашылығы – 111,4%-ды, мал шаруашылығы – 119,5%-ды құрады.

 

Мал шаруашылығы саласының даму көрсеткіштері

Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

2016 жыл

2017

жыл

2015 жылға қарағанда 2017

жылы,

%-бен

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

7

8

  1.  

Ірі қара мал

мың бас

7,1

7,1

6,4

90,1

5,6

  1.  

Қой мен ешкі

мың бас

10,3

11,8

9,6

93,2

9,0

  1.  

Шошқа

мың бас

21,0

22,9

20,6

98,0

24,2

  1.  

Жылқы

мың бас

3,0

3,0

2,7

90,0

2,5

  1.  

Құс

мың бас

24,4

100,9

287,6

11,8 есе

432,9

  1.  

Ет сату (тірі салмақта)

мың тонна

2,73

2,0

1,9

 

 

76,0

 

1,3

 

  1.  

Сүт

мың тонна

7,0

7, 15

7, 15

96,0

6,1

  1.  

Жұмыртқа

млн. дана

2,24

1,96

1,96

15 есе

59,3

 

2017 жылы мал шаруашылығы саласында 2015 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда қой мен ешкі басы – 6,8 %-ға, ІҚМ басы – 9,9 %-ға, жылқы –      6,7 %-ға, шошқа – 2%-ға азайды, сол уақытта «Павлодар – Құс» ӨК ЖШС құс шаруашылығы кешенін пайдалануға беру есебінен құс басы 12 есеге айтарлықтай ұлғайды. Сүт өндірісі 2,8 %-ға, жұмыртқа тиісінше 15 есеге ұлғайды.

Павлодар қаласының ауылдық аймағы бойынша барлық ауыл шаруашылығы мал басының 43,4 %-ы жеке меншік аулаларда, жануарлардың 54,5%-ы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында (негізінен «Рубиком» ЖШС-те шошқа басының есебінен) және 1,1%-ы шаруа (фермерлік) қожалықтарда.   

Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілерге төленген субсидиялардың көлемі 2017 жыл ішінде 206,8 млн. теңгені құрады, соның ішінде:

- мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін 203,1 млн. теңге төленді; 

- өсімдік шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыру үшін 3,7 млн. теңге бөлінді.

Өсімдік шаруашылығында картоп пен көкөністер өсіру басты өндіріс бағыты болып табылады. Дәнді-дақылдар отырғызылған егістік жерлер жоқ.

Павлодар ауданының ауылшаруашылығы тауар өндірушілері Павлодар қаласының тұрғындарын көкөніс өнімдеріне қажеттілігін қамтамасыз етеді, олар қаланың базарларына көкөніс жеткізеді, сондай-ақ көкөніс сақтау қоймаларына жіберіледі.

Картоп пен басқа көкөністерді егу үшін алаңдарды кеңейту мақсатында қала тұрғындарына меншік иелерімен пайдаланбайтын  иесіз қалған саяжай телімдерін жалға беру тәжірибеленіп отыр. Қаланың нарықтары мен сауда алаңшаларында өсірілген өнімдер жеке сатылады. Қала аумағында барлығы 20 бақша кооперативі орналасқан, мұнда 2400 гектар жерді алып жатқан 25 мың саяжай телімі бар. Негізгі өнімдердің түрлерін өндіру туралы мәліметтер кестеде көрсетілген.

 

Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі

Р/с

Көрсеткіш атауы

Өлшем

бірлігі

2015

жыл

2016

жыл

 

2017

жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы,

%-бен

1

2

3

4

5

6

7

Жалпы жинау

  1.  

Көкөніс

мың тонна

12,9

10,7

13,4

103,9

  1.  

Картоп

мың тонна

34,9

28,9

30,5

87,4

Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі

  1.  

Көкөніс

ц/га

328

279

295

90,0

  1.  

Картоп

ц/га

246

214

226,5

91,7

       

2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы көкөністерді жалпы жинау 3,9%-ға ұлғайды, картоп 12,6 %-ға төмендеді.

Көкөніс өнімділігі 2016 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға, картоп өнімділігі 5,8%-ға өсті.

Павлодар қаласының аумағында және оның ауылдық аймағында көкөністер астығын сақтау үшін 4 көкөніс қоймасы бар, онда  жыл сайын 47 мыңнан  астам картоп пен көкөніс сақталады.

Павлодар қаласының ауылдық аймағында: 3 элеватор («Жолқұдық элеваторы» ЖШС, «Арго» ЖШС, «Павлодарская Нива» ЖШС), 3 жылыжай шаруашылығы («Модуль-ПВ» ПКФ ЖШС, «Максима» шаруа қожалығы (бұдан әрі – ШҚ), «Павлодар жылыжай комбинаты» ЖШС) бар.

Р/с

Өнім атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы,

%-бен

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

Ұн

41580

50737

63631

153%

46939

2

Макарон

8768

---

6588

75,1%

6721

3

Сұйық өңделген сүт

13551

14676

15676

115,7%

12095

4

Шұжық және еттен жасалған өнімдер

3803

4170

4228

111,2%

3291

5

Нан

19023

8938

19335

101,7%

29889

6

Сары май мен спред

653

767

775

118,7%

755

Макарон өнімдері өндірісінің төмендеуі «Группа Интер» ЖШС-де сорпа-бешпармақ өндірісі көлемінің қысқаруымен байланысты.

2017 жылы ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу объектілері іске қосылды:

- «Сүт» АҚ –да «Президент» маркалы сары май өндіру, қуаты жылына 1000 тонна, инвестициялар көлемі 348,7 млн.теңге;

- сүт цехын жаңғырту (ірімшік өндіру желісі), қуаты тәулігіне 40 тонна, өндірісті кеңейту және жаңғырту, соның ішінде «Молком Павлодар» ЖШС-те қуаты тәулігіне 30 тонна полиэтилентерефталат (бұдан әрі - ПЭТ) бөтелкелеріне сүт өнімін құю желісін іске қосу,  жалпы инвестициялар көлемі 328 млн. теңге.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша мынадай объектілер іске қосылды:

«Группа Интер» ЖШС астықты сақтау және қайта өңдеу бойынша астық қоймасын салу, инвестициялар көлемі – 59,0 млн.теңге;

- «Ертіс диірмендері» ЖШС астық және бұршақ дақылдарын өндіру  бойынша жарма зауытын жаңғырту, қуаты 21 мың т/жыл., инвестициялар сомасы 210,0 млн. теңге.

2018 жылғы 10 ай ішінде өнімнің (қызметтің) жалпы шығарылымы 10,3 млрд. теңгені құрады, НКИ – 102,3 %.

ІҚМ басының саны 5 610 басты (2017 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 85,0%), қой – 8 210  (80,3%), ешкі – 789  (79,5%), жылқы – 2 507 (82,6 %), шошқа – 24 196 (101,3 %) және құс – 432 882 (191,5 %) құрады

6 102,4 тонна (99,9 %) сүт, 1325,0 тонна (103,4%) тірі салмақтағы ет және 59 324 дана (2,5 есе)  жұмыртқа өндірілді.

2018 жылы 100-ге жуық жұмыс орнын ашумен жалпы құны 3,2 млрд.теңгеге 4 жоба іске асырылады, бұл:

- «Агротехника Дидар» ЖШС Ленин кентінде жалпы 50 млн.теңге сомасына диірмен салу;

- «Xinjiang Jinta Investment Co., LTD» қытай компаниясымен Жетекші ауылында жалпы 1,5 млрд. теңге сомасына күнбағысты қайта өңдеу және өсімдік майын өндіру зауытын салу;

-  «Рубиком» ЖШС Жаңаауыл кентінде жалпы 100 млн.теңге сомасына құрама жем зауытын кеңейту;

-  «GroupKSM» ЖШС  Ленин кентінде жалпы сомасы 1,5 млрд.теңгеге элеватор салу.

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Сала дамуының күшті жақтары:

- ауыл шаруашылығы құралымдарының облыс орталығына жете жақын орналасуы;

- өндірістік әлеуеттің болуы;

- ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеудің жоғары үлесі;

- ауыл шаруашылығы мұқтаждықтары үшін су көзінің болуы.

Осал жақтары:

- өнімнің негізгі түрлерін өндірудің жалпы көлемінде анағұрлым үлес салмағын халықтың жеке қосалқы шаруашылықтары алады;

- ауыл шаруашылығы алқаптарының кішкентай ауданы;

- азықтық дақылдардың жеткіліксіз базасы (пішендеме, сүрлем), осыған байланысты малдың төмен өнімділігі;

- асыл тұқымды табынның төмен үлесі.

Мүмкіндіктері:

- бәсекеге қабілетті өнім өндіру;

- Павлодар қаласының айналасында азық-түліктік белдеуін құру бойынша жобаларды іске асыру;

-  ауыл шаруашылығы өндірісінің тиімділігін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

- ауыл шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтардың басым болуы, бұл саланы дамытуға теріс әсер етеді, жаңа технологиялар енгізуге кедергі келтіреді және өнімнің бәсекеге қабілеттілік артықшылықтарын төмендетеді;

- ауыл тұрғындары үшін нашар кепіл базасына байланысты кредиттер алудағы қиыншылықтар.

Ауыл шаруашылығын дамытуды тежейтін проблемалар:

- ауыл шаруашылығы шикізатын терең қайта өңдеу өнімінің өндірісін   жеткіліксіз дамыту;

- кәсіпкерлер мен фермерлердің өндірістік жобаларды қаржыландыру мәселелері бойынша жеткіліксіз хабардарлығы;

- ауыл шаруашылығында жеке қосалқы шаруашылықтардың басым           болуы;

- малдың төмен өнімділігі;

- кредиттеу үшін кепіл мүлігінің жеткіліксіздігі.

 

2.1.1.4 Шағын және орта кәсіпкерлік, сауда

Қала экономикасының негізгі басымдықтарының бірі шағын және орта бизнес саласы болып табылады.

Кейбір көрсеткіштердің төмендеуіне қарамастан, қалада шағын және орта бизнесті тұрақты дамыту байқалады.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті (бұдан әрі - ШОК) дамытудың жекелеген көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

2015

жыл

2016  жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

ШОК тіркелген субъектілерінің саны

бірлік

29 711

29 182

30 164

31 027

ШОК жұмыс істейтін (белсенді) субъектілерінің саны

бірлік

24 963

22 960

23 683

24 766

ШОК тіркелген субъектілерінің жалпы санындағы жұмыс істейтіндердің (белсенділердің) үлесі

%

84,0

78,7

78,5

79,8

Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы санының қолданыстағы үлесі 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 5,5 пайыздық тармаққа төмендеді, оның ішінде: тіркелгендердің өсуі есебінен - 4,3, қолданыстағылардың төмендеуі есебінен - 1,2

Сол мезетте, 2018 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша ШОК жұмыс істейтін субъектілерінің үлесі 2017 жылғы ұқсас кезеңге қарағанда 2 пайыздық тармаққа өсті және 79,8 %-ды құрады.

2010 жылдан бастап ШОК қолдау және дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» (бұдан әрі – БЖК-2020) бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы» бағдарламасы іске асырылып жатыр.

2015-2017 жылдар ішінде БЖК-2020 іске асыру үшін жалпы 22,6 млрд.теңге сомасына 313 жоба қолдау тапты, оның ішінен жалпы 21 млрд.теңге инвестиция сомасына 212 жоба субсидияланды, 88 кредит бойынша жалпы  1,6 млрд.теңге инвестиция сомасына ішінара кепілдендіру ұсынылды, жалпы 29,2 млн.теңге сомасына 13 грант берілді.

2018 жылғы 10 ай ішінде БЖК-2020 бойынша жалпы 353,9 млн.теңге сомасына  36 жоба мемлекеттік қолдау алды, соның ішінде ішінара кепілдендіру шеңберінде  331 млн.теңге сомасына 28 жоба, 22,9 млн.теңге сомасына 8 жоба гранттық қаржыландырылды.

 

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде қолдау алған жобалардың саны

Құралдың атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

са-ны

сома-сы

са-ны

сома-сы

са-ны

сомасы

саны

со-ма-сы

кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау, млрд. теңге

 

 

58

7,5

93

10,4

61

3,8

-

-

банк кредиттері бойынша ішінара кепілдендіру, млн.теңге

29

846,5

36

614,0

23

192,0

28

331

мемлекеттік гранттар беру, млн. теңге

4

10,0

3

6,1

6

13,1

8

22,9

 2015-2017 жылдар ішінде «Бизнес-кеңесші» жобасы шеңберінде 2069 өз ісін бастаған кәсіпкер оқытылды,  «Бизнес-кеңесші 2» бойынша 268 өз ісін бастаған кәсіпкер оқытылды. «Іскерлік байланыстар» жобасы шеңберінде        107 жұмыс істейтін кәсіпкер оқытылды, «Назарбаев Университет» АБҰ бизнес-мектебі негізінде шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту бойынша 106 жұмыс істейтін кәсіпкер оқытылды.

Оқыту түрінің атауы

Оқытылғандардың саны, адам

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

«Бизнес- кеңесші»

309

810

950

710

«Бизнес- кеңесші 2»

45

108

115

100

«Іскерлік байланыстар»

14

46

47

48

«Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту»

12

36

40

30

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- ШОК жұмыс істейтін субъектілерінің елеулі өсуі;

- ауылдық кәсіпкерлікті белсенді дамыту;

- ШОК дамыту үшін мемлекеттік бағдарламалардың болуы;

- мемлекеттік бағдарламаларға қатысатын кәсіпкерлер санының белсенді өсуі;

- әкімдікпен әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша жұмыс жүргізу;

- кредиттердің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға, мемлекеттік гранттар беруге республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемдерінің ұлғаюы;

- іске асырылатын үкіметтік бағдарламалар шеңберінде тұрақты жұмыс орындарын ашу;

- өндірілген өнімнің (жұмыстар мен қызметтердің) көлемін ұлғайту, тиісінше бюджетке түсетін төлемдер өсті.

Осал жақтары:

- бизнес жүргізуде ШОК субъектілерінің нашар хабардарлығы.

Мүмкіндіктері:

- жаңа өндіріс ашуға және өндірісті кеңейтуге республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат бөлу;

- инвестициялық жобаларды енгізу есебінен жаңа жұмыс орындарын құру;

- ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.

Қауіп-қатерлер:

- бюджеттік қаражатты оңтайландыруға байланысты, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды қаржыландыру көлемінің азаюы;

- кепілдің жеткіліксіздігіне немесе толықтай болмауына, екінші деңгейдегі банктерде кепіл мүлігінің бағалық құнын төмендетуге негізделген қаржылық-кредиттік ресурстардың қолжетімсіздігі.

Жүргізілген SWOT-талдау нәтижелері бойынша мынадай проблемалық мәселелер анықталды:

- қаржылық-кредиттік ресурстардың жеткілікті қолжетімсіздігі, яғни жаңа іс бастауды қалайтын азаматтар кредиттің сұратылатын сомасын қамтамасыз ету үшін кепілдің жеткіліксіз мөлшеріне байланысты, бизнес ұйымдастыру мүмкіндіктерінен айырылған;

- коммерциялық банктердің жобаларды ауылда іске асыратын кәсіпкерлерге кредит беруге қызығушылығының болмауы.

Сауданың дамуы 

 

2017 жылы бөлшек тауар айналымының көлемі  233,1 млрд. теңгені құрады, НКИ – 2016 жылғы деңгейге қарағанда 101,8 % (211,7 млрд. теңге).

 

Бөлшек сауда серпіні

 

Р/с№

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

 

 1

Бөлшек тауар айналымы, млн. теңге

 

205523,7

211651,5

233073,6

 

193370,3

 2

Бөлшек тауар айналымының НКИ, %

79,3

86,9

101,8

 

98,6

3

Азық-түлік тауарлары бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі, млн. теңге

 

65375,1

57290,5

102034,1

 

57422,8

4

Азық-түлік емес тауарлар бойынша бөлшек тауар айналымының көлемі, млн. теңге

 

140148,6

154361,1

131039,5

 

135947,5

2017 жылы бөлшек тауар айналымының құрылымында азық-түлік тауарларының үлесі  43,8 %-ды, азық-түлік емес тауарлардың үлесі – 56,2 %-ды құрады.

2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде бөлшек тауар айналымының көлемі 193370,3 млрд. теңгені құрады, НКИ - 98,6 %.

Әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуін болдырмау шеңберінде мынадай іс-шаралар кешені жүзеге асырылады:

- бағалық жағдайды, бөлшек сауда бағаларының серпінін қадағалауға және баға жағдайларын тұрақтандыру үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік беретін сауда үстемесінің белгіленген деңгейін  сақтау мәніне қарай тұрақты мониторинг жүргізу (10%);

- көтерме кәсіпорындармен, қайта өңдеу кәсіпорындарымен, көкөніс шаруашылықтарымен бағаларды тұрақтандыру бойынша меморандумдар мен келісімдер жасау, сондай-ақ ауыл шаруашылық жәрмеңкелерін тұрақты негізде өткізу;

 

Сату арналары бойынша бөлшек сауда көлемі

 

Р/с№

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

4

5

5

 

 1

Нарықтар мен жеке кәсіпкерлердің тауар айналымы көлемі, млн. теңге

101769,7

99882,2

 

108037,9

 

88780,6

 2

үлес салмағы, %

48,08

47,0

46,4

45,9

Павлодар қаласының тұтынушылық нарығында бағаны тұрақтандыру және оның негізсіз өсуін болдырмау үшін қала аумағында  2018 жылы  27 «әлеуметтік» дүкен жұмыс істейді, оның ішінен 2 дүкен ауылдарда орналасқан.

Апта сайынғы негізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу ұйымдастырылды. Ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізудің негізгі мақсаты әлеуметтік маңызды тамақ өнімдеріне бағаны ұстау, жұмыс істеп тұрған нарықтарға бәсекелі орта құру, сондай-ақ делдалдық түйінсіз тікелей өндірушіден сатуды ұйымдастыру болып табылады. 2018 жылдың басынан       40-тан астам жәрмеңке өткізілді, онда 864 млн. теңге сомасына өнім сатылды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында (газеттер, телеарна, радио, ақпараттық агенттіктердің, жергілікті атқарушы органдардың интернет-ресурстары) халыққа азық-түлік нарығының бағалық жағдайы мен конъюктурасы, бағалық жағдайды тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы хабарлау жүзеге асырылады.

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- сауда көлемдерін дамытудың оң серпіні;

- кәсіпкерліктің орнықты өсуін қамтамасыз ету бойынша бағдарламаларды іске асыру, қолданыстағыларын сақтау және жаңа тұрақты жұмыс орындарын құру;

- әлеуметтік маңызды тауарларға бөлшек бағаларын мониторингілеу бойынша тұрақты жұмыс;

- көтерме және бөлшек саудаға тауарлар түсімінің өсуі;

- қалыптасқан көтерме және бөлшек сауда желісі.

Осал жақтары:

- сөрелерде импорт өнімі мен басқа облыстардың аумағында өндірілген тауарлардың шамадан асқан көлемінің болуы;

- отандық кәсіпорындардың өнім өндірісінің дамымағандығы, олардың нашар бәсекеге қабілеттілігі;

- сауда орындары мен халыққа пластикалық карточкалар бойынша қызмет көрсететін сервистің жеткіліксіз саны.

Мүмкіндіктері:

- БАЭО қызметіне байланысты тауарлы нарықтың даму перспективалары;

- ішкі нарықты тұтынушылық тауарлармен толықтыру;

- сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

Қауіп-қатерлер:   

- азық-түлік нарығында әлеуметтік-маңызды тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне әсер ететін делдалдық құрылымдардың болуы;

- азық-түлік тауарлары бойынша да азық-түлік емес тауарлар бойынша да импорт жеткізілімдеріне тәуелділік;

- өнімнің төмен бәсекеге қабілеттілігіне байланысты, өндірілетін тауарларға сұраныстың төмендеуі;

- нарықтық ортадағы қолайсыз өзгерістер: валюта бағамы, пайыздық мөлшерлеме;

- сатып алушылық қабілетінің төмендеуі;

- кредиттік ресурстардың қымбаттауы.

Сауда саласындағы проблема делдалдық құрылымның болуы болып табылады, оның азық-түлік нарығындағы қызметі, ең алдымен әлеуметтік- маңызы бар тамақ өнімдеріне бағаның өсуіне себеп болады.

2.1.1.5 Инновациялар және инвестициялар

 

Қаланың инновациялық әлеуетінің негізін ЖОО ғылым және өнеркәсіптік кәсіпорындардың ғылыми бөлімшелері құрайды.

Қаланың инновациялық жүйесінде: «Ертіс» ғылыми-технологиялық паркі;

«Start up» академия; С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Инновациялар мен технологиялар трансфертінің өңірлік орталығы;  технологияларды коммерцияландыру кеңсесі, бизнес-акселератор; қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарының («Қазақстан алюминийі» АҚ, «Павлодар» АЭА, «Павлодар» ӘКК» ҰК АҚ) ғылыми бөлімшелері қалыптастырылды және жұмыс істеуде.

Статистикалық деректерге сәйкес Павлодар қаласында өндірілген инновациялық өнім көлемі 2015 жылмен салыстырғанда (1,5 млрд. теңге)       2017 жылы ұлғайды және 8,8 млрд. теңгені құрады, осыған байланысты 2017 жылы кәсіпорындардың инновациялық белсенділік деңгейі 6,3 %-ды құрады, бұл    2015 жылғы деңгейден 2,9 %-ға жоғары.

Инновациясы бар кәсіпорындардың ең көп саны Павлодар қаласында (облыстық деңгейдің 50%-ы) жұмыс істейді, сондай-ақ қалада өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының азық-түлікті және үдерісті инновациялар бойынша инновациялық белсенділігі анағұрлым жоғары (облыстық деңгейдің 87,3 %-ы).

Павлодар қаласы кәсіпорындарының инновациялық белсенділік деңгейін арттыру мақсатында және «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасын іске асыру шеңберінде инновациялық жобаларды қолдауға бағытталған «Гранттық қаржыландыру» (өтеусіз негізде) бағыты іске асырылып жатыр.

2018 жылы 22,9 млн.теңге сомасына 8 жоба мақұлданды:

- «А.А. Фоменко» жеке кәсіпкер (бұдан әрі – ЖК) – жылына 20 тонна қуаттылығымен тұйықталған сумен жабдықтау (ТСЖ) қондырғыларын орнату жағдайында кларин африкалық сомын өсіру бойынша фермерлік шаруашылық құру, жоба 3 млн.теңге сомасына;

- «QAZAQSTAN INNOVATIONS» ЖШС – металл кесу үшін 3Д плазморездер өндірісі, жоба 2,8 млн.теңге сомасына;

- «Ahseyt» ЖШС -  «OYNA center» балаларды дамыту орталығы, жоба 3 млн.теңге сомасына;

- «Жұматаев» ЖК – бетон және темір-бетон бұйымдарын өндіру, жоба 3 млн.теңге сомасына;

- «Омаров Алибек Серикович» ЖК – тұзды үңгір, жоба 2,5 млн.теңге сомасына;

- «Казстройсервис - LLC» ЖШC – құрғақ құрылыс қоспаларын өндіру, жоба 2,8 млн.теңге сомасына;

-  «Нұртаев» ЖК – ағаштан жасалған балалар ойыншықтарын өндіру, жоба 2,8 млн.теңге сомасына;

- «Rus-Al-PV» ЖШС – тұрмыстық және техногендік қалдықтардан құрылыс материалдарын өндіру, жоба 3 млн.теңге сомасына.

Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде 2018 жылы жоғарыда аталған жобалар қала аумағында табысты іске асырылды.

Ағымдағы жылы Астана ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде ұсынылған технологиялар шеңберінде 2018 жылы Павлодар қаласында биомасса негізінде жұмыс істейтін Ленин кентінің № 31 ЖОМ кірістірілген қазандығын шығару бойынша жалпы сомасы 19,2 млн. теңгеге жоба іске асырылды.

Павлодар қаласының көше жарығының жүйесі толық жаңғыртылды. Жеке инвестормен 12 жарым мыңға жуық шам энергияны көп қажет ететін және тиімді жарық диодты шамдарға ауыстырылады, сондай-ақ көшедегі жарықтандыруды басқарудың интеллектуалды автоматтандырылған жүйесі енгізілетін болады.  

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру – экономикалық өсімді қамтамасыз етудің тағы бір құралы.

2015-2017 жылдары ішінде қала бойынша негізгі капиталға салынатын инвестициялар 59,4%-ға өсті және 2017 жылы 219,9 млрд.теңгені немесе         2016 жылға қарағанда 134,8%-ды  құрады, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіне – 169 млрд.теңге (146,7%). Инвестициялардың айтарлықтай өсуіне  Павлодар мұнай-химия зауытында «ПМХЗ жаңғырту» жобасының іске асырылуы ықпал етті.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың көлемі2018 жылғы қаңтар-қазан ішінде 97,8 млрд.теңгені құрады, 2017 жылғы 10 ай ішінде – 130,1 млрд.теңге, НКИ - 70%. Инвестициялардың төмендеуі 140 млрд. теңгеге «ПМХЗ» ЖШС жаңғырту жобасын іске асыруды 2017 жылы аяқтау себебінен байқалады.  2017 жылғы 10 ай ішінде ЖШС 73,9 млрд. инвестиция салынды, 2018 жылғы ұқсас кезеңде – 4,2 млрд.теңге. 2017 және 2018 ж.ж. 10 айдың қорытындысы бойынша «ПМХЗ» ЖШС (инвестициялар) жобасын есептемегенде инвестициялардың көлемі 56,2 және тиісінше 93,2 млрд. теңгені құрайды, яғни өсу серпіні 1,5 есеге байқалады (152,7%).

 

Инвестициялық қызметтің негізгі көрсеткіштері

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

 

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Негізгі капиталға салынатын инвестициялар, млн. теңге

137,9

154,5

219,9

2

өткен жылға қарағанда, %

121,9

107,9

134,8

Инвестицияларды қаржыландыру көздерінің құрылымында бұрынғыдай кәсіпорындардың меншікті қаражаты басым. Бұл ретте, 2015-2017 жылдар ішінде кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың меншікті қаражатының үлесі салымдардың жалпы көлемінде 52,8%-дан 88%-ға дейін ұлғайды, бюджеттік инвестициялар үлесі 28,9%-дан 8,9%-ға дейін, қарыз капиталының үлесі 18,3%-дан 3,1%-ға дейін азайды.

Негізгі капиталға салынатын инвестициялардың салалық құрылымында ең көп үлес салмағы өңдеу өнеркәсібіне – 76,8 % (2015 жылы – 44,2 %),  электрмен жабдықтауға - 5,4% (2015 жылы – 13,2%), көлік және қоймалауға – 3%          (2015 жылы – 21,7%) келеді.

Қалада инвестицияларды ұлғайту мақсатында жаңа өндірістерді ашу (жаңғырту) бойынша жұмыс жүргізілуде. Алюминий қорытпаларын өндіру бөлімшесі бар («ERG» компаниясы) электролиз зауытының 3-кезегінің, («Air Liquide» компаниясы) техникалық газ өндіру бойынша қондырғының құрылысы, «Павлодар» АЭА аумағында - («АгроХимПрогресс» ЖШС) 2,4 D қышқылын өндіру бойынша зауыттың құрылысы, («Kety Group» компаниясы) көлденең үздіксіз құюдың жаңа технологиясы бойынша алюминий профильдерінің өндірісі, («TENIR Logistic» компаниясы) пигментті титан диоксидін, кремний диоксидін, ванадий пентаоксидін және қоспаланған болаттар шығарумен тау-химиялық-металлургиялық кешеннің құрылысы және т.б. жоспарлануда.

2015-2020 жылдары Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – ИИДМБ) шеңберінде 545 млрд. теңге инвестиция көлемімен 23 жобаны іске асыру жоспарлануда, бұл ретте 3 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда.

Күшті жақтары:

    • негізгі капиталға салынатын инвестициялар көлемінің өсуі;
    • отандық және шетелдік инвестициялар үшін тартымды инвестициялық климатты сақтау;
    • қаланың қолайлы экономикалық-географиялық жағдайы, көліктік жер үсті және әуе коммуникацияларының кең желісіне шығу.

Осал жақтары:

    • белгілі бір салаға салынатын инвестициялар басқа шектес салалардың дамуына ықпал етпейді;
    • мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктің нашар дамуы;
    • ғылым және өнеркәсіп арасында өзара байланыстың болмауы;
    • инновациялық өнім өндірісін ұйымдастыруға бизнес уәжінің болмауы.

Мүмкіндіктері:

    • қаланың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру бойынша жоспарлы ақпараттық жұмыс;
    • Павлодар - АЭА қызметін кеңейту;
    • сыртқы инвесторларды тарту;
    • химия, мұнай-химия салаларын дамыту, атап айтқанда заманауи технологияларды қолдана отырып, жоғары үстеме құнымен экспортқа бағдарланған өнім өндіру;
    • жоғары қайта өңдеумен басымды салаларды дамыту шеңберінде озық инвестициялық жобаларды, ғылыми-зерттеу және ғылыми-техникалық инновациялық жобаларды іске асыру;
    • қолайлы инвестициялық климат жасау және инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды тарту.

Қауіп-қатерлер:

    • Қазақстанда жоқ ерекше бәсекеге қабілетті артықшылықтары бар көршілес елдер тарапынан инвестициялық ресурстарға жоғары бәсекелестік деңгейі (Қытайда жұмыс күшінің төмен құны, Ресейде ішкі нарықтың үлкен тығыздығы және т.б.).
    • мемлекет тарапынан да, жеке-меншік капитал тарапынан да инновациялық саланы жеткіліксіз қаржыландыру;
    • қаржыландыруға мұқтаж төлтума инновациялық жобалардың тапшылығына әкеп соқтыратын инновациялық жүйені дамытудың қолда бар басты құрамдас бөліктері арасында өзара іс-қимылдың болмауы;
    • сыртқы экономикалық жағдайдың нашарлауы.

Проблемалық мәселелер:

- инвестициялық жобаларды іске асыру үшін отандық және шетелдік инвестицияларды жеткіліксіз тарту;

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық әзірлемелерді іске асыруда ғылым және өнеркәсіп арасында жеткіліксіз өзара іс-қимыл;

- инновациялық технологиялар және инновациялық өнімге деген сұраныс жайлы нашар хабардарлық;

- мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті нашар дамыту.

 

2.1.1.6 Ауылдық аумақтарды дамыту

 

Павлодар қаласында: 5 ауылдық елді мекен (бұдан әрі – АЕМ) есептеледі: Кенжекөл, Ленин, Мойылды, Павлодар және Жетекші.

Әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі бойынша Павлодар қаласының барлық АЕМ орташа даму әлеуетіне сәйкес.

2015 жылы Кенжекөл ауылдық округінде, Павлодар ауылында және Ленин кентінде 3 дәрігерлік амбулатория, Ленин кентінде 300 орынға арналған мәдениет үйі салынып, пайдалануға берілді.

2016 жылы Мойылды ауылының, Кенжекөл ауылдық округінің көшелеріне орташа жөндеу жүргізілді, Мойылды ауылында су бұру желілеріне 3,4 млн.теңгеге, сумен жабдықтау желілеріне 5,4 млн. теңгеге ағымдағы жөндеу жүргізілді.

2017 жылы Кенжекөл ауылдық округінде құны 723,8 млн. теңгеге 600 орынға арналған мектеп құрылысы аяқталды, Мойылды ауылында – 12,7 млн. теңгеге су қысымды мұнара ауыстырылды, Жетекші ауылында – 9,5 млн. теңгеге су қысымды мұнара ауыстырылды, Кенжекөл ауылдық округінде, Ленин кентінде сумен жабдықтау желілері салынып, пайдалануға берілді.

2018 жылы Ленин кентінде сумен жабдықтау желілері салынып, пайдалануға берілді, Ленин кентінде, Мойылды ауылында және Кенжекөл ауылдық округінде, Жетекші ауылында, Павлодар ауылында бес ветеринарлық пункт салынды. Теміржолшылар кентінде және Жаңаауыл кентінде ауылдық клубтардың құрылысы аяқталып жатыр. 2019 жылы іске асыру мерзімінің аяқталуымен Жетекші ауылының жеке тұрғын үй құрылысы (бұдан әрі – ЖТҮҚ) шағын ауданының көше жарығының және электрмен жабдықтау желілерінің, Мойылды ауылында әкімдік ғимаратының, Кенжекөл ауылдық округінде мәдениет үйінің, Ленин кентінде және Павлодар ауылында дене шынықтыру – сауықтыру кешендерінің құрылысы жүріп жатыр.

2.1.2 Әлеуметтік сала

2.1.2.1 Білім беру

Павлодар қаласының білім беру жүйесі әлеуметтік сектордың базалық салаларының бірі болып табылады.

Павлодар қаласының білім беру жүйесі құрылымына 138 мемлекеттік және жеке меншік білім беру ұйымдары, соның ішінде: 44 мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп, 1 оқу өндірістік кешені (бұдан әрі – ОӨК), 72 мемлекеттік мектепке дейінгі мекеме, 12 мектептен тыс мекеме, 9 мемлекеттік емес ұйым  кіретін ұйымдар желісін ұсынады.

 

Білім беру саласының негізгі көрсеткіштері

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы

(ауытқу)

1

2

3

4

5

6

1

Тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар саны

93

99

100

 

7

2

Олардағы балалар, мың адам

19,2

19,9

20,1

0,9

3

Күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер саны

59

59

57

-2

4

Олардағы оқушылар саны, мың адам

40,7

42,8

44,7

 

4

5

Мектептен тыс мекемелер саны

11

11

12

 

1

 

6

олардағы оқушылар,  адам

11000

11000

11475

475

Соңғы жылдары қалада мектепке дейінгі ұйымдарда тәрбиеленушілер санының, соның ішінде 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 900 балаға көбейгені байқалады.

2018 жылы қаладағы орындар тапшылығы мен мектепке дейінгі тәрбиемен қамтуды ұлғайту жеке-меншік балабақшаларда мемлекеттік тапсырысты кеңейту есебінен шешіледі (2018 ж. – 933, 2017 ж. - 813).

Балабақшалар желісін қалпына келтіру 1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамтудың орташа көрсеткішін 73,5%-ға дейін жеткізуге (2017 – 72,5, 2016 – 70,1), 2-ден 6 жасқа дейінгі балаларды 88,0%-ға (2017 ж. – 88, 2016 ж. – 87,4), 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100%-ға (2014-2017 ж.– 100 %) қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

«Достық» шағын ауданында әрқайсысы 320 орынға арналған 2 балабақшаның құрылысы жоспарлануда.

Нысаналы мақсаты бойынша пайдалану үшін бұрынғы балабақшалардың ғимараттарын қайтару бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда.

2018 жылы Тәуелсіздік даңғылы, 42/9 мекенжайы бойынша 100 орынға арналған бұрынғы балабақша ғимаратын қайта жаңарту жүргізіледі. 2019 жылы Лермонтов көшесі, 99 мекенжайы бойынша 280 орынға арналған ғимаратты мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде қайта жаңарту жоспарлануда, ал Ж. Мұса көшесі, 4 мекенжайы бойынша орналасқан ғимаратта жеке-меншік мектеп ашу жоспарлануда.

Мектепке дейінгі оқытумен қамтуды 933 бала (2017 - 813, 2016  – 686,   2015 – 446) контингентімен 7 жеке-меншік мектепке дейінгі ұйым жүзеге асырады. 21 жалпы білім беретін мектеп жанында 1229 (2017 – 1218, 2016 – 1175, 2015 – 1187) балаға мектепке дейінгі шағын орталықтар, соның ішінде қаланың ауылдық аймағының жалпы білім беретін мектептері жанында    2 шағын орталық жұмыс істейді.

Жетекші ауылында 100 орынға арналған шағын орталықпен 300 орынға арналған, «Затон» шағын ауданында 350 орынға арналған, «Сарыарқа» шағын ауданында 650 орынға арналған мектептер салуға жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленіп жатыр. «Достық» шағын ауданында 1200 орынға арналған мектеп құрылысы жоспарлануда.

Қаланың барлық мектептері компьютерлік техникамен қамтылған және 10-нан 45 Мбит/сек дейін жылдамдықпен кең жолақты Интернет желісіне қосылған. Бір компьютерге орташа қамтылу көрсеткіші 6,8 адамды құрайды (2017 - 6,9, 2016 - 7,0, 2015 - 6,9), компьютерлер саны - 6062 бірлік (2017-5733, 2016 – 5311, 2015- 5045).

Қала мектептерінде интерактивті жабдық белсенді қолданылады, 575 интерактивті тақта және 40 лингафонды-мультимедиялық кабинет бар, соның ішінде интерактивті жабдықпен – 24.

2016-2017 жылдар кезеңі ішінде 35 робот-техника кабинеті сатып алынды.

2018 жылы 17 жаңа модификация кабинеті (биология, химия, физика),  компьютерлік техниканың 336 бірлігі сатып алынды.

2018 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің орташа балы 99,0 баллды құрады (2017-100, 2016 -84,4, 2015 – 80,6).

2018 жылы жаратылыстану-математика пәндері бойынша білім беру бағдарламаларын ойдағыдай меңгерген түлектердің үлес салмағы 61,7%-ды құрады (2017 – 52,0, 2016 -60, 2015-52,1).

Қажеттіліктері ерекше балаларды инклюзивті білім берумен қамту 22,1%-ды құрайды. Қалада 597 баланы қамтумен 6 жалпы білім беретін мектепте 67 сынып жұмыс істейді.

Білім берудің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту шеңберінде 2018 жылы бюджеттік қаражат есебінен 32 объектіге (17 мектеп, 15 балабақша) күрделі жөндеу жүргізілді, 5 толық өлшемді спорт алаңы күрделі жөнделді, Ленин кентінде, Теміржолшылар кентінде және Жетекші ауылында балаларды тасымалдау үшін үш автобус сатып алынды, № 122 балабақша жаңа кабинеттермен және ойын алаңдарымен жабдықталды, Ленин кентіндегі № 31 мектепте био-отынмен жанатын қазандық орнатылды.

Ведомстволық бағыныстағы мекемелердің күрделі шығыстарына арналған бюджет шығындары 2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылы 2 есеге ұлғайды және 1 млрд. астам теңгені құрады.

Қаланың білім беру жүйесінің SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- балабақшалар желісін ұлғайту;

- мектепке дейінгі ұйымдармен балаларды қамтудың өсуі;

- ҰБТ көрсеткішінің жыл сайынғы өсуі;

- инклюзивті білім беру дамуда.

Осал жақтары:

- бөбекжай топтары бойынша мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті сақтау;

- білім беру ұйымдарының жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы, соның ішінде жаңа түрлендіру кабинеттерімен, құрал-жабдықпен және компьютерлік техникамен.

Мүмкіндіктері:

- мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде орындар тапшылығын азайту;

- білім беру ұйымдарын жабдықтау, соның ішінде білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа түрлендіру кабинеттерімен;

- мектептер салу және балабақшалардың ғимараттарын қалпына келтіру.

Жастар саясаты

Қаладағы жастардың саны 14 жастан 29 жасқа дейінгі 74 144 адамды құрайды, бұл халықтың жалпы санының 21%-ын құрайды.

Қалада қоғамдық құрылымдар жұмыс істейді: Павлодар қаласы әкімі жанындағы жастар саясаты және патриоттық тәрбие жөніндегі кеңестер, Жас мемлекеттік қызметшілер кеңесі.

Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімімен  2016-2018  жылдары 10,0 мың адамнан астам жастарды жалпы қамтумен қаланың жастар күні мерекесін өткізу, жастар еңбек жасақтарын құру (Павлодар қаласында 60 адамнан кем емес санымен «Жасыл ел» жасақтарына жұмысқа орналастыру қамтамасыз етілген болатын), 3 мың адамнан астам жастарды жалпы қамтумен мемлекеттік және орыс тілдерінде КТК қалалық турнирлерін өткізу  сияқты ірі жастар іс-шаралары іске асырылды.

2017-2018 жылдары дене мүмкіндіктері шектеулі жастарын әлеуметтендіру және интеграциялау  бойынша іс-шаралар өткізілді.

2018 жылы жастар саясаты саласында  8 жобаны (лоттар) іске асыруға 18 688,0 мың теңге жұмылдырылды.

Ағымдағы жылы Павлодар қаласында 7 үкіметтік емес ұйым: «Менің тілім» қоғамдық қоры (бұдан әрі – ҚҚ), «Ұлт денсаулығы» ҚҚ, «Кенжекөл жастары» жастар қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – ЖҚБ), «Павлодар жастар жобаларының лигасы» ҚҚ, «Самал» оңалту орталығы» ҚҚ, «Павлодар облысы және Павлодар қаласы Ауған соғысы және жергілікті соғыстың ардагерлері мен мүгедектері» ҚҚ, «Тәлімгер» ЖҚБ мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы бағдарлама бойынша өнім берушілер болды.

Павлодар қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберіндегі іс-шаралармен жыл сайынғы қамту 35 000-нан аса жас адамды құрайды, бұл Павлодар қаласы жастарының жалпы санының 47,2 %-ын құрайды.

Жастардың спортпен шұғылдану үшін инфрақұрылым дамып жатыр, салауатты өмір салтын қалыптастыруға, азаматтылық пен қазақстандық патриоттылықты тәрбиелеуге бағытталған іс-шаралардың саны ұлғаюда. Жастар арасында суицид жағдайларының төмендеуінде оң серпін байқалады.

саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- ұйымдасқан қоғамдық жастар ұйымдарының болуы;

- «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастырылған жастар санының өсуі;

- іс-шаралармен қамтылған жастар санының өсуі.

Осал жақтары:

- тұрғын үйге мұқтаж жастар мен жас отбасылар санының өсу беталысы бар;

- жастар проблемаларының және оларды шешу жолдарының радио және теледидар, электрондық және баспа БАҚ бағдарламаларында нашар жария етілуі;

- жас отбасылар арасындағы ажырасулардың жоғары көрсеткіші.

Мүмкіндіктері:

- жастардың көп бөлігін қоғамдық жұмысқа тарту, ақпараттық көздер арқылы қалалық жастардың интеллектуалдық және шығармашылық әлеуетін ашу;

- өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастармен жұмысты жандандыру (жақсарту).

Қауіп-қатерлер:

- жастардың шектен тыс ғаламдық әлеуметтік желілерге деген қызығушылығы, онда деструктивті діни ағымдарға ұшырайды;

- мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тиімділігінің төмендеуі;

- жастар проблемаларын және оларды радио және телеарна бағдарламаларында, хабарларында, электрондық және баспа БАҚ шешу жолдарын нашар жариялау.

2.1.2.2 Денсаулық сақтау  

Павлодар қаласының аумағында облыс денсаулық сақтау басқармасына ведомстволық бағыныстағы 35 медициналық объект жұмыс істейді, соның ішінде 8 аурухана ұйымы, 5 диспансер, 9 амбулаториялық-емханалық ұйым, 5 өзге медициналық ұйым, дәрігерлік амбулаториялар – 5 және медициналық пункттер - 3.

2015 жылдың басынан бастап паллиативтік көмек ауруханасы ашылды.

2015 жылғы маусымнан бастап кардиохирургиялық орталық пен № 2 қалалық аурухананы біріктіру арқылы облыстық кардиологиялық орталық құрылды.

Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 маусымдағы «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» № 190/6 қаулысына сәйкес облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жеке секторға берілді.

2017 жылдың басынан «Павлодар облыстық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оңалту орталығы» ашылды.

 

Халық денсаулығының негізгі

әлеуметтік маңызды көрсеткіштері

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы,

%-бен

1

2

3

4

5

6

1

Ана өлім-жітімі, 100 мың тірі туылған балаға шаққанда оқиғалар

0,0

0,0

17,4

-

2

Сәби өлім-жітімі, 1000 тірі туылған балаға шаққанда оқиғалар

6,6

7,9

8,2

124,0

3

Қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітім, 100 мың тұрғынға шаққанда

180,0

167,2

165,2

98,8

4

АИТВ таралуы (15-49 жас аралығындағы инфекция) 0,2%-0,6% шегінде

0,591

0,61

0,67

113,4

 

Павлодар қаласында қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітімнің көрсеткіштері  жоғары болып қалуда, 165,2 (облыс бойынша – 130,8), АИТВ таралуы 0,2 – 0,6 % - 0,67 шамасында (облыс бойынша – 0,42).

Ана өлім-жітімі көрсеткіші. 2015,  2016 жылдары Павлодар қаласында ана өлім-жітімінің жағдайлары тіркелген жоқ. 2017 жылы ана өлім-жітімінің 1 жағдайы тіркелді. 2017 жылы көрсеткіш  100 мың тірі туылған балаға шаққанда 17,4-ті құрады.

Ана өлім-жітімінің көрсеткіші облыс бойынша 2015-2017 жылдары ішінде мынаны құрады: 2015 жылы – 15,6,  2016 жылы – 15,6,  2017 жылы – 16,6.

Сәби өлім-жітімі көрсеткіші. Павлодар қаласы бойынша сәби өлім-жітімі көрсеткіші 2015 жылмен салыстырғанда 24,0%-ға ұлғайды және 2017 жылы    1000 тірі туылғанға шаққанда 8,19-ды құрады (2015 ж. – 6,6).

Облыстық сәби өлім-жітімі көрсеткіші 2015 жылдан бастап 17, 0 %-ға ұлғайды және 2017 жылы 7, 72-ні құрады (2015 ж. – 6,6).

Себептер арасында біршама үлесті перинаталдық кезеңде туындаған жағдайлар құрайды, екінші орында - дамудың туа біткен кемшіліктері және үшінші орында - жазатайым жағдайлар мен уланулар.

Павлодар қаласында әлеуметтік-маңызды аурулар бойынша жағдай өзекті болып қалуда. Өлім-жітім себептерінің құрылымында жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары бірінші орында, екінші орында – онкологиялық аурулар, үшінші орында – жазатайым жағдайлардан, жарақаттар мен уланулардан болған өлім-жітім.

Павлодар қаласында соңғы 3 жылда (2015-2017 жж.) онкологиялық аурулармен жоғары сырқаттанушылық сақталады. Онкологиялық сырқаттану көрсеткіші 2017 жыл ішінде облыстықтан 16, 9%-ға жоғары (Павлодар қаласы – 100 мың тұрғынға шаққанда 370, 2, облыс – 316,6). 

Қала бойынша қатерлі ісік өскіндерінен болған өлім-жітімнің көрсеткіші (100 мың тұрғынға шаққанда) 2015-2017 жылғы кезең ішінде 1, 2%-ға азайып, 2015 жылы –180,0-ді, 2016 жылы – 167,2-ні, 2017 жылы – 165,2-ні құрады.

2015 жылы 15-49 жас ерекшелік тобындағы АИТВ-инфекциясының таралуы қала бойынша 0,591%-ды құрады, 2016 жылы – 0,61%-ды, 2017 жылы – 0,67%-ды құрады.

Бағдарлама бойынша өткізілген алдын алу іс-шаралары арқасында қалада АИТВ-инфекциясының жағдайы тұрақтанды және шоғырланған індет сатысында тұр.

Ауруларды ерте кезеңде анықтау мақсатында мемлекеттік - жекешелік әріптестік шеңберінде 2018 жылы қаланың 9 денсаулық сақтау объектісінде     51 бірлік медициналық жабдық, соның ішінде 19 наркозды-тыныс алу аппараты және 32 өкпені жасанды желдету аппараты 1 130,0 млн.теңге сомасына сатып алынды және орнатылды, шаруашылық жүргізу құқығындағы (бұдан әрі – ШЖҚ) «Ғ. Сұлтанов атындағы Павлодар облыстық ауруханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) үшін  240,0 млн. теңге сомасына компьютерлік томограф сатып алынды және орнатылды.

Құны миллион доллардан аса (394,9 млн.теңге) тұратын, кішкентай пациенттерге клиника қабырғасынан шықпай-ақ қиын зерттеулерден өтуге мүмкіндік беретін  компьютерлік томографты облыстық балалар ауруханасы алды.  Жаңа томографтың барлық қажетті сүйемелдеуі – наркозды - тыныс алу аппараты, электр сорғышы, кондиционері бар. Аппараттың өткізу қабілеті -күніне  шамамен 15 пациент.

Қалада құрылысы  2019 жылы аяқталатын 200 төсекке арналған облыстық онкологиялық диспансер және бір ауысымда 100 адам қабылдайтын емхана салынып жатыр.

 Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- медициналық ұйымдардың дамыған желісі;

- қалалық медициналық ұйымдардың дәрігерлік кадрлармен толықталуы;

- орта буын медицина персоналымен қамтамасыз етілу көрсеткішінің жоғарылуы;

- көліктік медицина мен телемедицинаның дамуы;

Осал жақтары:

- салауатты өмір салтын насихаттау бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылы тиісті деңгейде емес;

- азаматтардың өз денсаулығы үшін төмен тілектес жауапкершілігі;

- әйелдердің репродуктивтік денсаулығының төмен индексі.

Мүмкіндіктері:

- мемлекеттік медициналық ұйымдарда кадрлардың, әсіресе жоғары санатты мамандардың ағымын болдырмау бойынша шаралар жүйесін әзірлеу;

- медициналық құрал-жабдық сатып алумен байланысты шығындарды қаржыландыру тетігін әзірлеу,  денсаулық сақтау объектілеріне күрделі жөндеу жүргізу;

- жас мамандарды өңірлерге, атап алғанда ауылдық елді мекендерге тарту бойынша шаралар жүйесін әзірлеу.

Қауіп-қатерлер:

- саланы жеткіліксіз қаржыландыру медициналық жабдықты сатып алуға, денсаулық сақтау объектілерін салуға арналған шығыстарды жаппайды, бұл халыққа медициналық қызмет көрсету қолжетімділігін және сапасын төмендетеді.

Қаланың негізгі денсаулық сақтау проблемалары болып қалады: халықтың  онкологиялық сырқаттануының жоғары деңгейі; халық тарапынан өз денсаулығына жеткіліксіз жауапкершілік. Емдеу-алдын алу ұйымдарының материалдық-техникалық базасы әлі де жеткіліксіз болып қалуда.

2.1.2.3 Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау

Қаланың экономикалық белсенді халқының саны 2017 жылы 195,4 мың адамды немесе халықтың жалпы санының 68,6 %-ын құрады. 2015 жылмен салыстырғанда ол 1,7 %-ға азайды.

Жұмыспен қамтылған халықтың саны 185,9 мың адамды құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға кем. Ашық еңбек нарығында жұмыссыздардың саны 2 %-ға азайып, 9,6 мың адамды құрады.

Тіркелген еңбек нарығында жұмыссыз азаматтардың саны  2015 жылы    902 адамнан 2017 жылы 1368 адамға дейін ұлғайды.

 

Павлодар қаласының еңбек нарығындағы негізгі индикаторлар

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2015 жылға қара-ғанда  2017 жылы,  %-бен

1

2

3

4

5

6

1

Экономикалық белсенді  халық саны, мың адам, оның ішінен: 

 

196,7

 

196,3

 

195,4

99,3

2

экономикада жұмыспен қамтылғандар

186,9

186,6

185,9

99,5

3

жұмыссыздар

9,8

9,7

9,6

98,0

4

Ресми тіркелген жұмыссыздар саны, мың адам

 

0,902

 

0,831

 

1,368

 

139,3

5

Тіркелген жұмыссыздық деңгейі, %

 

0,5

 

 

0,4

 

 

0,7

 

х

6

Ашық еңбек нарығындағы жұмыссыздық деңгейі, %

 

5,0

 

4,9

 

4,9

х

 

Ашық еңбек нарығында жұмыссыздық деңгейі қала бойынша 2015 жылы -5,0 %-ды, 2016-2017 жылдар бойы - 4,9%-ды құрады.

Халықтың жұмыспен қамтылуының салалық құрылымында анағұрлым үлес салмағы қызметтер саласына келеді – 62,9 % (с.і. бюджеттік сала: мемлекеттік басқару, білім беру, денсаулық сақтау). Өнеркәсіптік кешенінде экономикада жұмыспен қамтылғандардың шамамен 33,2 %-ы жұмыспен қамтылған. Ауыл шаруашылығында – 3,9 %.

 

Павлодар қаласы халқының жұмыспен қамтылу құрылымы, пайызбен

 

Р/с №

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Экономикада қамтылғаны, барлығы

100,0

100,0

100,0

 

соның ішінде:

 

 

 

2

өнеркәсіп және  құрылыс

35,9

34,6

33,2

3

қызметтер саласы

64,1

61,6

62,9

 

соның ішінде:

 

 

 

4

көлік және қоймалау

6,3

6,5

7,4

5

көтерме және бөлшек сауда, автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу

4,9

5,0

5,4

6

басқа салалар 

52,9

50,1

50,1

Соңғы жылдары қаладағы әлеуметтік-экономикалық жағдай тұрақты болып қалуда. Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жобаларды іске асыру есебінен жұмыс орындары мен бос орындардың саны өсуде, білікті жұмыс күшіне деген сұраным ұлғаюда, бұл еңбек нарығындағы жағдайға жақсы әсер етеді.

 

Жұмысқа орналастыру бойынша негізгі көрсеткіштер

 

Р/с №

Индикатор атауы

 

2015 жыл

 

2016 жыл

 

2017 жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы (+, -)

1

2

3

4

5

6

1

Жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша жүгінген тұлғалардың

санынан жұмысқа орналасқандардың үлесі, %

69,1

55,8

67,5

-1,6

2017 жылы жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша жұмыспен қамту органына 9251 азамат жүгінді. 6246 азаматқа жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді, соның ішінде 5134 адам тұрақты жұмыс орындарына, 593 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 252 түлек жастар практикасына жұмысқа орналастырылды. Жүгінген азаматтарды жұмысқа орналастыру деңгейі           67,5 %-ды құрады. 2016 жылмен салыстырғанда жұмысқа орналастыру деңгейі 11,7 пайыздық тармаққа өсті.

914 жұмыссыз азамат қоғамдық жұмыстарға қатысты, 564 жұмыссыз азамат кәсіби даярлау мен қайта даярлауға жіберілді.

2017 жылы қаланың кәсіпорындарымен және ұйымдарымен 2945 жаңа жұмыс орны немесе жоспардың 100%-ы ашылды. Жұмыспен қамту органдарында жұмыс берушілермен 27189 бос жұмыс орын мен бос орын лауазымға өтінім берілді, 7 бос орындар жәрмеңкесі өткізілді, оған 308 жұмыс беруші, 2298 азамат қатысты. Жұмыспен қамту органдарында тіркелген жұмыссыздардың саны 1368 адамды құрады, экономикалық белсенді халық санына қарағанда жұмыссыздардың үлесі 0,7 %-ды құрады.

 

Қала халқының өмір сүру деңгейі көрсеткіштерінің серпіні

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Орташа айлық атаулы жалақы, теңге

110752

123932

133087

2

өткен жылға қарағанда %-бен

106,2

111,9

107,3

3

Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесі, %

0,8

0,9

0,9

4

Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың құрамындағы еңбекке қабілетті

халықтың үлесі, %

32,5

32,0

25,8

5

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан), %

95,9

98,6

98,6

6

Жеке сектор субъектілері ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдар), %

12,8

17,7

19,3

Табысы ең төменгі күнкөріс мөлшерінен төмен халықтың үлесі 0,9% деңгейінде қалыптасты. Ең төменгі күнкөріс мөлшері 2017 жылы 21676 теңгені құрады.

Атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағының төмендеуі маңызды көрсеткіш болып табылады. 2017 жылы атаулы әлеуметтік көмек алушылар құрамындағы еңбекке қабілетті халықтың үлес салмағы 2015 жылмен салыстырғанда 6,7 %-ға төмендеді және 25,8 %-ды құрады.

Өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға әлеуметтік көмек және қолдау көрсетіледі,  соның ішінде арнайы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша мемлекеттік стандарттарды ұсынуға үкіметтік емес ұйымдарды тарту арқылы.

Арнайы әлеуметтік қызмет көрсетумен қамтылған тұлғалардың үлес салмағы (оларды алуға мұқтаж тұлғалардың жалпы санынан) – 98,6%-ды, жеке сектор субъектілері ұсынатын арнайы әлеуметтік қызметтермен қамтылған тұлғалардың үлесі (соның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен) -19,3%-ды құрады.

SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

- жұмыссыздық деңгейінің төмендеуі;

- қала экономикасының негізгі салаларында тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құра отырып, жобалардың іске асырылуы;

- халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары шеңберінде жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша қала кәсіпорындарымен ынтымақтастық.

Осал жақтары:

- білікті жұмыс күшінің жетіспеушілігі;

- қолданыстағы еңбек нарығының бос жұмыс күші жұмыс берушілердің талаптарына және жаңа жұмыс орындарының қазіргі құрылымына жауап бермейді;

- еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың тең болмауы;

- атаулы әлеуметтік көмек алушылардың төмен білім деңгейі.

Мүмкіндіктері:

- азаматтардың белсенді жұмыс іздеулеріне жәрдемдесу және олардың жаңа мамандықтар алуын ынталандыру;

- төленетін қоғамдық жұмыстардың формалары мен тәсілдерін ұйымдастыру және жетілдіру;

- еңбек нарығының қажеттіліктерін және жұмыс берушілермен қойылатын талаптарды ескеріп, жұмыссыз халықты кәсіби даярлау және қайта даярлаудың икемді жүйесін жүзеге асыру;

- жұмыссыздардың кәсіпкерлік бастамасын дамытуға жәрдемдесу.

Қауіп-қатерлер:

- кәсіпорындарда бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру бойынша мүмкіндіктерді шектеу;

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылардың жеткіліксіз белсенділігі және арқа сүйеушілік бағдары.

Проблемалар -  халықтың нысаналы топтарының жекелеген санаттарын жұмыспен қамтамасыз етудің күрделілігі (мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және зейнет алды жасындағы адамдар).

2.1.2.4. Мәдениет

Қаланың мемлекеттік желісінде 28 мекеме жұмыс істейді: соның ішінде 18 кітапхана, 10 мәдени мекеме.

Павлодар қаласының кітапханаларында электрондық дерекқорлар құрылды, жұмыс істейді және тұрақты түрде толықтырылып отырады, интернетке шығу мүмкіндігі бар.

2018 жылы кітап қоры 2205 данаға толықтырылды, соның ішінде қазақ тілінде – 1859 дана және 462,9 мың кітап данасы есептеледі, соның ішінде қазақ тілінде – 109,9 мың дана.

Қаланың Орталықтандырылған кітапхана жүйесінде өткізілген оңтайландырудан кейін 18 кітапхана қызмет етеді, оның ішінен 4 – ауылдық аймақта.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде 4 коворкинг-орталық ашылды, 3 коворкинг демеушілік қаражат есебінен 3 қалалық кітапхана базасында  (Торайғыров көшесі, 44/1 бойындағы П. Васильев атындағы Орталық қалалық кітапхана, Суворов көшесі, 2 бойындағы Орталық қалалық балалар кітапханасы, Теплов көшесі, 38/2 бойындағы № 10 көпшілік кітапхана) және біреуі бюджет қаражаты есебінен Ленин кентінің кітапханасында. Коворкинг–орталықтар кітапханаларда Интернетке шығу, өзекті әдебиетке, электрондық ресурстарға, қызықты және креативті іс-шаралар, кездесулер, семинарлар, тренингтер, мастер – класстар және т.б. өткізуге арналған орындарға қол жеткізу  үшін ашық кеңістік құруға мүмкіндік берді.     

Мәдени-демалыс жұмыстары шеңберінде 120,7 млн.теңге сомасына (2017 жылы – 126,2 млн.теңге) 1185 іс–шара өткізілді (2017 жылы – 980 іс-шара), оған 567,2 мыңнан аса адам қатысты.

Көркемөнерпаздар ұжымдары республикалық және аймақтық конкурстарға, фестивальдарға және айтыстарға белсенді қатысып отырады. Жаппай-мәдени іс-шараларды өткізу үшін қалада төменгі жағалауда жаңа «Ертіс Promenade» сахнасы орнатылды.

 Күшті жақтары:

 - мәдени мерекелік іс-шаралар жүйелі және ұйымдасқан түрде өткізіледі, бұл қоғамның әлеуметтік-саяси тұрақтылығына оң әсер етеді;

- мәдениет мамандарын дайындайтын ЖОО мен колледждің болуы;

- халықтың мәдениет объектілерінің қызметтерімен қамтамасыз етілу дәрежесін ұлғайту.

Осал жақтары:

 - талантты жастарды мемлекеттік қолдаудың шектелгендігі (жас таланттарды қолдау);

- мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының жеткіліксіз жабдықталғандығы;

- жөндеулер жүргізуге жеткіліксіз қаржыландыру.

Мүмкіндіктері:

- мемлекеттік жеке-меншік әріптестік шеңберінде жұмысты жетілдіру;

 - әлеуметтік осал топтардың өкілдеріне тегін қызмет көрсету;

 - шығармашылық бірлестіктермен және одақтармен өзара іс-қимылды жандандыру, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, халықтың мәдени құндылықтарға қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- мәдениет қызметкерлерінің кәсіптілік деңгейін арттыру.

Қауіп-қатерлер:

- халықтың барлық топтары үшін саланың қызметтеріне қол жеткізудің төмендеуі.

Жүргізілген SWOT-талдау негізінде өңірдің мәдениет саласын дамытуға кедергі келтіретін негізгі проблемалар анықталды:

-кәсіби кадрлардың жетіспеушілігі;

- мәдениет саласын жеткіліксіз қаржыландыру.

2.1.2.5. Дене тәрбиесі және спорт

2017 жылы Павлодар қаласында дене тәрбиесімен және спортпен жүйелі шұғылданатындардың саны – 108 958 адамды құрады, бұл барлық қала халқының 30,2%-на сәйкес келеді (2016 жылы – 29,4 %, 2015 жылы – 29,1%).

Павлодар қаласында дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 2017 жылы 8386 адамды немесе мектеп оқушыларының жалпы санының 21,4 %-ын құрады.

 

Р/с №

Нысаналы индикатор атауы

2015 жыл

факті

2016

жыл

факті

2017

жыл факті

1

Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту, %

29,1

29,4

30,2

2

Балалар мен жасөспірімдердің жалпы санынан балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене дайындығының спорт клубтарында дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын 7-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді қамту, %

22,4

22,4

21,4

2017 жылы дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатындар санының ұлғаюына, соның ішінде спорт объектілерінің өткен жылмен салыстырғанда      56 бірлікке өсуі ықпал етті, олардың саны – 1130 бірлікті құрады.

2017 жылы «Samruk – Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілік қаражаты есебінен Павлодар қаласында 7 әмбебап инклюзивті «Samruk – Kazyna Trust» спорт алаңын орнату бойынша жұмыстар аяқталды, олар   стрит – воркаут, стритбол бойынша алаңдардан, хоккей кортынан – шағын футбол алаңынан, көше тренажерларынан, балалар ойын алаңынан тұрады.

Павлодар облысының әкімдігі мен «ERG» компаниясы арасында жасалған Меморандум шеңберінде Павлодар қаласының саябақтарында, скверлерінде және аулаішілік аумақтарында  стрит-воркаут алаңдарының 42 жиынтығы және көше күш тренажерлары орнатылды.

Димитров көшесі, 2 бойындағы Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінде өлшемі 100x70 м тартан жабындысы бар жүгіру жолымен және жабық трибуналары бар толық өлшемді футбол алаңы орнатылды.

2017 жылы «Монолит» автожанармай құю станциясының ғимаратында жасанды жабындысы бар шағын футбол алаңының, «ARGOS» бокс клубы залының, «Life fitness club»  фитнес орталығының, «Еңлік» балалар жастар орталығы – каратэ орталығының, Усолка шағын  ауданында академиялық ескек есуге арналған эллингтің ашылуы болды.

4 шағын футбол алаңында жасанды шөп жабындысын ауыстыру,  4 хоккей кортында ағаш ернеулерін қазіргі заманғы пластикалық  ернеулерге ауыстыру,   2 хоккей кортында жасанды шөп жабындысын орнату бойынша жұмыстар жүргізілді.

2017 жылы 400 жарыс өткізілді, оған 33 000 мың салауатты өмір салтын сүюшілер  спорттың 55 түрі бойынша қатысты. Ұлттық спорт түрлері бойынша 1500 адамның қатысуымен 40 жарыс өткізілді. 

Қалада 32  олимпиадалық, 37 олимпиадалық емес, 4 ұлттық,  3 техникалық және 13 мүгедектер спорт түрлері таратылады.

Жазғы кезеңде 131 спорттық алаң, соның ішінде баскетбол, волейбол және теннис ойынына арналған 81 алаң, сондай-ақ 50 шағын футбол алаңы жұмыс істейді.

Қысқы спорт түрлерімен 1928 адам шұғылданады, 33 спорт-бұқаралық     іс-шара өткізілді, соның ішінде 2500-ден аса адамның қатысуымен шаңғы жарысы бойынша – 17, қысқы Президенттік көп сайыс бойынша  - 4, мәнерлеп сырғанау бойынша - 1, хоккей бойынша - 5, қысқы футбол бойынша - 4, коньки тебу спорты бойынша - 2.

Бейімделме дене тәрбиесі және спорт тәсілдерін пайдаланумен мүгедектерді дене тәрбиелік оңалту мен әлеуметтік бейімдеудің оң серпіні байқалады. Спорт имараттарына қол жеткізу үшін жағдайлар жасалды.

Дене тәрбиесімен және спортпен шұғылданатын азаматтарды мүгедектер спорт түрлерімен қамту 597 адамды құрайды, оның ішінен 13 спорт түрі бойынша көру, есту, тірек қимыл аппаратының органдары зақымдалған 18 жасқа дейінгі 191 бала.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тестілерін тапсыру бойынша іс-шаралар табысты жүзеге асырылуда. Президенттік тестілер спортының нормативтік түрлері оқушылар, оқушы жастар, еңбек ұжымдары және т.б. арасында қалалық спартакиадалардың бағдарламасына енгізілді.      2017 жылы 196 990 адам немесе  54,6% қатысты.

2018 жылдың 10 айында 390 (2017 жылы-320) спорттық - бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары өткізілді, оған 44 спорт түрі бойынша (2017 жылы - 40) 48 мыңнан астам салауатты өмір салтын сүюшілер (2017 жылы – 30,6 мың) қатысты.

Келесі іс-шаралар өткізілді:

- №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне роллерлік типтегі 10 велотренажер, 10 велостанк, 2 күштік мультистанция, 2 күштік көпфункционалды тренажер, үстел теннисіне арналған зеңбірек робот, штангалар және т. б. сатып алынды;

- № 3 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің шахмат бөліміне мүгедектер үшін көтергіш және спорттық құрал-жабдықтар орнатылды;

- «№ 6 балалар - жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – КММ) жанынан үлкен теннис бөлімшесі және мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған шахмат бөлімшесі ашылды;

- демеушілік қаражат есебінен «Street Workout» Қазақстан Федерациясымен   (1 Май көшесі, 284; Геринг көшесі, 78; Майра көшесі, 43;    Генерал Дүйсенов көшесі, 105) 4 алаң орнатылды;

- қолда бар 2 хоккей кортында жасанды шөп жабыны орнатылды (Тәуелсіздік даңғылы, 20; Павлов көшесі, 44);

- 5 шағын футбол алаңы орнатылды (Комсомольская көшесі, 1/1; 1 Май көшесі, 288; Сибирская көшесі, 89; Бектұров көшесі, 5; Айманов көшесі, 2);

- Суворов көшесі, 39 бойындағы жабық хоккей кортына жөндеу жүргізілді (жиынтықтаушы, торлы қоршаумен, негіз дайындаумен, жарықтандырумен, хоккей қақпаларымен шыны-пластикалық хоккей кортын орнату).

- «Спорттың балалар-жастар орталығы» КММ үшін Ткачев көшесі, 17/1 бойындағы жасанды жабын ауыстырылды;

- «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының демеушілік қаражаты есебінен стрит-воркаут бойынша жиынтықтан, көшедегі күш беретін тренажерлардан, 20*40 метр көлеміндегі жасанды шөп жабыны бар хоккей кортынан, Естай көшесі, 146, Астана көшесі, 10, Қамзин көшесі, 68 бойындағы балалар ойын алаңынан тұратын 3 әмбебап инклюзивтік алаң.

2018 жылдың соңына дейін Усолка шағын ауданында 50 метрлік бассейннің құрылысын аяқтау, демеушілік қаражат есебінен Ломов көшесі, 140/1 бойындағы бұрынғы Батыр стадионының аумағында өлшемі 50х70 м футбол манежінің құрылысын салу жоспарлануда. 2019 жылы Солтүстік өнеркәсіп аймағы ауданында мұз сарайының құрылысын аяқтау жұмыстары жүргізілуде.

МЖӘ шеңберінде жеңіл атлетикалық және футбол манежін, олимпиада резервін дайындау орталығын салу, Усолка өзенінің рекреациялық аймағында көпфункционалды спорт кешені құрамында есу арнасын салу жоспарлануда.

Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында теледидарда және  радиода, баспа БАҚ-тарда қалалық спорт-бұқаралық іс-шаралардың нәтижелері үнемі жарияланады, қала спортшыларының спорт жетістіктері туралы ақпараттық материалдар жарияланады.

Ішкі факторлар:

- дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушыларды қамтудың өсуі.

Сыртқы факторлар:

- материалдық-техникалық базасын спорттық жабдықтаудың жеткіліксіздігі;

- жеке-меншік спорт клубтарындағы қызметтерге жоғары бағалар.

SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

- дене шынықтыру-сауықтыру және спорт инфрақұрылымының дамуы;

- дене тәрбиесі және спортпен шұғылданушыларды қамтудың өсуі.

Осал жақтары:

- материалдық-техникалық базасын спорттық жабдықтаудың жеткіліксіздігі;

- жеке-меншік спорт клубтарындағы қызметтерге жоғары бағалар;

- қаланың ауылдық аймағында нұсқаушылар мөлшерлемелерін қысқарту;

- БЖСМ- дегі жаттықтырушы-оқытушылар ставкаларының жеткіліксіздігі.

Мүмкіндіктері:

- халық санаттарының спорт имараттарына қолжетімділігін қамтамасыз ету.

Қауіп-қатерлер:

- қаланың ауылдық аймағында спортпен шұғылданатын адамдар санының азаюы;

- жас кадрлар ағынын тудыратын салада төмен жалақы.

Проблемалар:

- ұйымдарда, оқу орындарында және жаппай демалыс орындарында спорт имараттарының, спорт мүкәммалы мен жабдықтың жетіспеушілігі.

2.1.2.6 Туризм

Павлодар қаласының аумағында Қазақстанның денсаулық сақтау орны «Мойылды» санаторийі, сондай-ақ  «Ағарту» санаторлық профилакторийі, Ертіс өзенінің алқабы, «Гусиный перелет» табиғи ескерткіші бар.

«Мойылды» санаторийінде төрт апартамент, он жартылай люкс, 100 жақсартылған нөмір, 15 стандартты нөмір бар.

Емдеудің айрықша тиімділігі санаторийдің құрамында жоғары минералды балшық пен тұзды рапасы бар Мойылды көлінің жанында орналасқанымен түсіндіріледі. Сауықтыру рәсімдерінің жүйесінде санаторий аумағындағы минералды жер асты сулары бағалы болып табылады.

«Гусиный перелет» табиғат ескерткіші Павлодар қаласының солтүстік шеті Ертіс өзенінің оң жағалауында орналасқан. Ол әлемдегі ең ірі неогенді жануарларды жерлеу болып табылады.

Павлодар қаласына туризм саласындағы мәдени-танымдық мамандану тән.

Қаланың инфрақұрылымы және мәдени-тарихи әлеуеті жақсы өзіндік қала ретінде қызықты болып табылатын, өңірдің туристік орталығы болуға барлық мүмкіндіктері бар.

Қалада 38 орналастыру объектісі тіркелген. Орналастыру орындарының қызметі қонақ үйлердің қызметтерімен, демалыс және қысқа мерзімді тұрудың өзге кезеңдеріне тұрғын үймен ұсынылған.

2018 жылы «Ertis Promenade» маусымы басталды. Апта сайынғы негізде жаз бойы қаланың Орталық жағалауында қазақстандық және шетелдік әртістер өнер көрсетті.

Алдын ала есептеулер бойынша алғашқы екі күн ішінде «Ertis Promenade» 20 мыңнан кем емес адам жиналды.

Туризмді одан әрі дамыту мақсатында 2018-2019 жылдары Өзен вокзалынан бастап Усолка шағын ауданына дейін және «КазТрансОйл» АҚ бұрынғы ғимаратынан бастап Ертіс арқылы өтетін теміржол көпіріне дейін жағалауды ұзарту бойынша жұмыс жүргізілуде, жобаның шамаланған құны      400 миллион теңге.

 

Туризмді дамыту көрсеткіштерінің серпіні

Көрсеткіш

атауы

Өлшем бірлігі

2015 жыл

факті

2016 жыл

факті

2017 жыл

факті

Орналастыру орындарында қызмет көрсетілген келушілердің саны

адам

15 125

57 736

88 374

Орналастыру орындары көрсеткен қызметтердің көлемі

млн.

теңге

247,4

964,1

1 214,79

Өткен жылмен салыстырғанда тәулігіне берілетін төсек-орын санын ұлғайту

тәулігіне төсек орын

144 240

113 188

176 476

 

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- қала аумағында туризмді дамыту үшін бастапқы әлеует: мәдени-танымдық, емдеу-сауықтыру және медициналық (Мойылды ауылында).

Осал жақтары:

- өңірдің туристік қызметтерін (жұмыстар, тауарлар) көрсету бойынша кәсіби маркетингтің болмауы;

- орналастыру объектілерінің материалдық базасының жоғары моральдық және физикалық тозуы;

- өңірдің экологиялық жағдайының проблемасы.

Мүмкіндіктері:

- «Гусиный перелет» бірегей табиғи ескерткішін республикалық маңызы бар объектіге ауыстыру және ЮНЕСКО «Мәдени және табиғи мұра» бағдарламасына енгізу.

Проблемалар:

- туристердің демалыс орындарында сервистің төмен деңгейі;

- туристік саланың қызмет көрсететін секторында білікті, соның ішінде мемлекеттік тілді меңгерген кадрлардың тапшылығы.

2.1.2.7 Үштілділікті дамыту

Қаланың мемлекеттік тіл саясаты мемлекеттік тілді барлық қызмет салаларында қолдануды кеңейтуге және қаланың лингвистикалық капиталын сақтауға бағытталған.

Мемлекеттік тілді дамыту саласында Павлодар қаласында Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша жұмыс жүргізілді.  

Барлық мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметке түсуге және іс жүргізудің негізгі тілін талап ету ретінде қазақ тілін нығайтудың оң үрдісі байқалуда.

Павлодар қаласында  барлық санаттағы азаматтар үшін қазақ тіліне оқытудың тегін курстары ұйымдастырылады. Ағымдағы жылы  қазақ тіліне оқыту курстарына 349 адам келді. Сондай-ақ, мемлекеттік мекемелердің мемлекеттік қызметшілері мен қызметкерлеріне «Тіл керуені» жобасы ұйымдастырылды. Жобаның негізгі мақсаты тілдік ортаға түсумен ойын сабақтары, флеш-тренингтер және психологиялық сипаттағы ойындар сияқты дәстүрлі емес оқыту нысандарын пайдалана отырып мемлекеттік тілді меңгеру, сондай-ақ оны насихаттау және қоғамдағы тілдік қарым-қатынастар жүйесіне енгізу. Жобаға жыл сайын, Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында, «ҚАЗТЕСТ» тестілеу бойынша қазақ тілін білу деңгейін анықтау бойынша мониторинг жүзеге асырылады.

Сондай-ақ, іс-шаралар жоспары бойынша 5 іс-шара өткізілді: түрлі ұлт өкілдері арасында «Абай оқулары», қазақ тілін меңгерген орыс жастары арасында «Тіл – парасат» байқауы, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген жастар арасында «Тіл шебері» байқауы, «Мәшһүр Жүсіп оқулары» байқауы және О. Бөкейдің 75-жылдығына арналған «Оралхан Бөкей және қазіргі қазақ поэзиясы» атты әдеби кеш.

Қалада тілдерді дамыту мен қолданудың 2016-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жалғасатын болады.

Павлодар қаласында мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы 71,4%-ды, 2016 жылы 72,1%-ды, 2017 жылы 74,1%-ды, 2018 жылы 74,1%-ды құрады.

Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы 19,8%-ды, 2016 жылы 33,0%-ды, 2017 жылы 38,0%ды, 2018 жылы 39,0%-ды  құрады.

Үш тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесі 2015 жылы 10,7%-ды, 2016 жылы 31,0%-ды, 2017 жылы 34,0%-ды, 2018 жыл 37,0%-ды  құрады.

Саланың SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

  1. іс жүргізуді мемлекеттік тілге ауыстыру үрдісіндегі тұрақты өсім;

2. мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі жақсарып келеді, атап айтқанда, телеарна мен радиода, газеттерде, көлік және байланыс, сауда және қызмет көрсету саласында;

3. өңірде тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды;

4. қазақ тілінде оқытатын меткептерде оқитын басқа ұлт балаларының саны көбейді;

5. реквизиттерді және көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде заңнаманы сақтау бойынша құқық бұзушылықтардың саны төмендеді.

Осал жақтары:

1. сауда және тұрмыстық қызмет көрсету, көлік және банктік қызмет көрсету саласында қала халқы аз дәрежеде мемлекеттік тілді меңгерген;

2. бұрынғыдай әлеуметтік-тұрмыстық салада қазақ тілін қолданудың төмен дәрежесі қалуда.

Қауіп-қатерлер:

- мемлекеттік тілді дамытуда құқықтық заңды базаның толық еместігі;

- білім беру саласында үш тілді білу деңгейін бағалау және бақылаудың нашар жүйесі.

Мүмкіндіктері:

1. қазақ тіліне оқыту жүйесін құру бойынша жұмысты күшейту;

2. қалада тұратын этностардың тілдерін зерттеу және сақтау үшін қолайлы жағдайлар жасау;

3. халыққа қызмет көрсету саласында мемлекеттік тілді көпшілікке тарату;

4. мемлекеттік тілде теле және радиохабарлар жасау арқылы тіл ортасын қалыптастыру;

5. тіл туралы заңнаманың сақталуын бақылауды күшейту.

Салаларға жүргізілген талдау негізінде қалада саланы дамытудың негізгі проблемалары анықталды:

1.  қоғамда мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.

2. жұмысшылар мен мамандардың мемлекеттік тілді үйренуде кәсіпорындар ынталарының болмауы.

3. мемлекеттік тіл тұрмыстық салада және жұмыс орнында толық көлемде қолданылмайды.

  4. қазақ тіліне оқыту сапасының төмендігі және мемлекеттік тілді білу талабының төмендігі.

 

2.1.2.8 Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп

 

Құқықтық тәртіпті қорғау, қауіпсіздік және қылмысқа қарсы күрес.

Қоғамдық тәртіпті қорғау және жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қоғамдық орындарда және көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мен ескертуге, жол қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді.

Қабылданатын шаралардың жеделділігі жол-патрульдік қызмет бағыттарының уақыт және дислокация бойынша он күн сайын маневр жасауында болады.

Ең тиімді іс-шаралар қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың жекелеген түрлерінің алдын алуға бағытталған өтеулер болып табылады.

  Көше қылмысы.

2017 жылы көше қылмысының үлес салмағы 2015 жылмен салыстырғанда 0,6 пайыздық тармаққа өсті.

Себебі: 2015 жылы қоғамдық орындарда қылмыстардың өсуі әкімшілік құқық бұзушылық санатынан қылмыстық теріс қылықтар қатарына өту бөлігінде заңнаманың өзгеруі болды.

Қабылданатын шаралар:

Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың одан әрі алдын алу, сондай-ақ оларды «ізін суытпай» ашу мақсатында күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ету жөніндегі қызметке жол-патрульдік полициясының (бұдан әрі – ЖПП) саптық бөлімшелерінің  қызметкерлері кіріседі.

Нарядтардың тығыздығын арттыру үшін ЖПП саптық бөлімшелерінің жеке құрамы мерекелік іс-шаралардың алдында бірнеше рет қызмет атқарудың күшейтілген нұсқасына ауыстырылды.

Неғұрлым зақымданған патрульдік учаскелерде қоғамдық тәртіпті сақтауға № 5512 әскери бөлімінің әскери қызметшілері тартылады.

Қылмыстың алдын алу және жолын кесу үшін Павлодар қаласы ПБ ОЖБ -ның талдаулары негізінде он күн сайын қылмыспен және жол-көлік оқиғаларымен неғұрлым зақымданған орындар зерделенеді, нәтижелері бойынша қызмет атқару уақыты мен орны бойынша жол-патрульдік қызметінің саптық бөлімшелерінің патрульдеу маршруттарын маневр жасау немесе көшіру жүргізіледі.

  Бұл ретте, кешенді полиция күштері қызмет атқару барысында ауысым ішінде жол-патрульдік қызмет нарядтарына «шахмат тәртібімен» маневр жасайды.

  Қоғамдық көлікте бөтен мүлікті ұрлаудың жолын кесу үшін тұрақты негізде жолаушылар автобустары мен трамвайларында азаматтардың өз мүлкіне қырағылық және мұқият қарым-қатынасы туралы дауыстық хабарламаларды (оператордың дауысы) беру жүзеге асырылады.

Қызметті неғұрлым тиімді атқаруды қамтамасыз ету және қылмыстарды «ізін суытпай» ашу мақсатында тұрақты негізде неғұрлым тән көше қылмыстарын ашу бойынша кіріспе оқу-жаттығу сабақтары өткізіледі.

Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың санын төмендету

(100 зардап шеккенге шаққанда)

%

Р/с №

город Павлодар

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

2018 жыл              (10 ай)

1

Жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың саны, адам

12

15

19

14

2

Жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендердің саны, адам

483

452

592

349

3

100 зардап шеккенге шаққанда жол-көлік оқиғаларында қаза тапқандардың санын төмендету, %

2,1

2,4

3,1

2,3

Жол-көлік оқиғаларында қаза болғандардың өсуінің негізгі себебі жол қозғалысына қатысушылардың көлік тәртібінің төмендігі және жол төсемін қайта жаңартуға байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады, оның салдарынан жол жиегінде негізгі автожол тарылады, бұл өз кезегінде жол қозғалысы қауіпсіздігіне теріс әсер етеді.

Қабылданатын шаралар:

Жол-көлік оқиғаларының санын және олардың салдарының ауырлығын азайту мақсатында Павлодар облысы ІІД-нің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру және практикалық іс-шаралар жоспары әзірленді және бекітілді.

Апаттылықты талдауды ескере отырып және жол-көлік оқиғаларының алдын алу, сондай-ақ Павлодар облысының автожолдарындағы апаттылықты тұрақтандыру бойынша тиімді жұмысты ұйымдастыру мақсатында жол-патрульдік нарядтарды орналастыруға он күн сайын түзету енгізіледі. 

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде осы жұмысқа учаскелік полиция инспекторларын тарту арқылы жол қозғалысын қадағалауды күшейту жөнінде шаралар қабылданды.

Тәулік сайын жол-көлік оқиғаларына және жол қозғалысы ережелерінің анықталған бұзушылықтарына мониторинг жүргізіледі, жұмыс мәжілістерінде (планеркаларда) әр күннің жұмыс нәтижелерін талқылайды.

Авариялық учаскелердегі жағдайды жақсарту үшін Павлодар қаласы ПБ ӘПБ, Павлодар облысы ПД ӘПБ бірлесіп нұсқамалар жіберіледі:

- Ткачев көшесі, 5/1 бойындағы №42 ЖОМ жалпы білім беру мекемелерінің жанында, Бестужев көшесі бойындағы Соқырлар қоғамы бойында адамдар көп жиналатын жерлерде, балабақшаларда жасанды жол бұдырлары орнатылды.

- жол белгілері жаңартылды, онда белгілерге назар аудару мақсатында қосымша страбоскоптар орнатылған, бұл жүргізушілердің қозғалысын жеңілдетеді.

- Кутузов көшесі, сондай-ақ Тәуелсіздік даңғылы - Лермонтов (Ласточка), Теплов - 1 Май көшелерінің қиылысында жаяу жүргіншілер үшін секундомерлері бар қосымша бағдаршам нысандары орнатылды.

-Тәуелсіздік даңғылы бойында, сондай-ақ Ломов көшесі бойында жүру бөліктеріне  жақын қоршаулар орнатылды.

 

Жасөспірімдер қылмысы.

 

Қабылданған шаралармен оның 2016 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 52,7 % - ға (55-тен 26-ға дейін) төмендеуіне қол жеткізілді, сондай-ақ 2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы 23,6 % - ға (42-ден 55-ке дейін) өскені байқалады.

 

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы

 

 Р/с №

Павлодар қаласы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

(10 ай)

1

Кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстардың саны

42

55

26

35

2

Үлес салмағы, %

3,0

2,7

1,3

1,5

Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиямен және мүдделі мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылда «Жасөспірім және алдын алу» (ағымдағы жылғы 15-19 қаңтар аралығында), «Жасөспірім, заң, қауіпсіздік»  (ағымдағы жылғы 16-18 ақпан аралығында), «Балалар құқығын қорғау» (ағымдағы жылғы 11-14 сәуір аралығында), «Балалар түнгі қалада» (ағымдағы жылғы 16-20 қыркүйек аралығында) кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың, қадағалаусыз және панасыз қалудың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шаралар мен акциялар өткізу.

Балаларды тәрбиелеуден жалтарғаны үшін ата-аналардың заңнамалық жауапкершілігін арттыру.

Қайталанған қылмыс.

2015 жылы бұрын сотталғандармен 738 қылмыс жасалды, үлес салмағы 49,2 % -ды құрады.

2016 жылы бұрын сотталғандармен жасалған қылмыстардың  41,1 %-ға (738-ден 1254 дейін) өскені байқалады, алайда 2016 жылмен салыстырғанда     2017 жылы  оның 6,3 %-ға (1254-тен 1175-ке дейін) төмендегені байқалады.

 

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстардың үлес салмағы

 

Р/с №

Павлодар қаласы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

(10 ай)

1

Бұрын қылмыс жасағандармен жасалған қылмыстар

738

1254

 1175

 1380

2

Үлес салмағы, %

49,2

 61,7

57,8  

59,1

Осы көрсеткіштің өсуі статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру кезінде құқық бұзушылықтарды есепке алу өлшемдерінің өзгеруіне байланысты, бұрын қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам жасаған қылмыстық құқық бұзушылық туралы мәліметтердің жаңа тұрғысынан соттылықтың өтелуіне немесе алынып тасталуына қарамастан есепке алынады.

Тұтас алғанда, Павлодар қаласының аумағындағы криминогенді жағдай тұрақты, оның жақсаруының оң беталысы байқалады.

Сыртқы факторлар:

- әлеуметтік-демографиялық өзгерістер, елді мекендер инфрақұрылымының өзгеруі;

- жол қозғалысына қатысушылардың көлік тәртібінің төмендігі;

- автомобиль жолдарының және көше-жол желісінің жағдайы, автокөлік құралдарының өспелі санын ескере отырып, олардың өткізу қабілеті;

- отбасында және оқу орнында жасөспіріммен тәрбие жұмысының төмендігі және қолайсыз психологиялық ахуал;

- жасөспірімнің құқыққа қарсы әрекеттері үшін жеке жауапсыздығы;

- қоғамға қарсы бағыттағы қарым-қатынас шеңберінен ересектердің әсері;

- алкогольдік ішімдіктерді, есірткі және психотроптық заттарды тұтыну;

- интернетте агрессивті ойындардың әсері;

- ерекше режимде ұстайтын арнайы білім беру ұйымдарының болмауы;

- мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ қоғамдық институттармен және үкіметтік емес ұйымдармен осал өзара іс-қимыл.

Ішкі факторлар:

- есірткі заттары заңсыз айналымының жолын кесу бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің тиімділігі;

- жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарын болдырмау, есепке алынған адамдар мен кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылау бойынша мақсатты жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізудің тиімділігі;

- қоғамдық жастар құралымдарын құру;

- жол қозғалысын бақылаудың және Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйелерінің болмауы немесе жеткіліксіз саны.

SWOT-талдау

Күшті жақтары:

- жол қозғалысы қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарын болдырмау, есепке алынған адамдар мен кәмелетке толмағандардың мінез-құлқын бақылау жөніндегі жедел-алдын алу іс-шаралары қызметінің нәтижелілігі;

- есепте тұрған адамдардың санатына бақылауды және профилактикалық ықпал етуді күшейту;

- қоғамдық жастар құралымдарын құру;

- қала көшелерінде бейнебақылау жүйесін кеңейту;

- қоғамдық құрылымдарға қатысушыларды құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге тарту.

Осал жақтары:

- бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдардың әлеуметтік жайғаспағандығы (тұрақты тұрғын үйінің, жұмысының болмауы);

- криминогенді жағдайдың шиеленісуіне әкеп соғатын экономикалық құлдырау, рецидивті қылмыстылық деңгейінің өсуі;

- ата-аналардың балаларды тәрбиелегені үшін заңнамалық жауапкершіліктен жалтаруы;

- жол қозғалысын бақылаудың және Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйелерінің жеткіліксіз саны;

- жасөспірімдер және жастардың есірткіге тәуелділігі.

Мүмкіндіктері:

- насихаттау жұмысын жүргізу, көрнекі насихаттауды шығару, азаматтарды жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын анықтауға тарту арқылы жол қозғалысы қатысушыларының көліктік тәртіп деңгейін арттыру;

- жол қозғалысын бақылау мен реттеудің заманауи техникалық құралдарын енгізу;

-  автомобиль жолдарын жаңғырту және кеңейту, олардың жай-күйін заманауи талаптарға дейін жеткізу;

- білім беру ұйымдарында бейне-камералар қолдану;

- қосымша білім беру ұйымдарының, аула клубтарының желілерін кеңейту;

- бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға жұмыс орындарын ұсынуды кеңейту;

- нашақорлықтың алдын алу және студенттер мен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.

Қауіп-қатерлер:

- автомобиль жолдары мен көше-жол желісін дамытуға автокөліктің өсу қарқындарының сәйкессіздігі;

- криминогенді жағдайдың шиеленісуіне әкеп соғатын экономикалық құлдырау, рецидивті қылмыстылық деңгейінің өсуі;

- бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдардың әлеуметтік жайғаспағандығы (тұрақты тұрғын үйінің, жұмысының болмауы);

- синтетикалық есірткі заттары жаңа түрлерінің пайда болуы.

Проблемалар:

- жол қозғалысын бақылаудың және Жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын тіркеудің автоматты жүйелерінің жеткіліксіз саны;

- мектептердің, сондай-ақ колледждердің орта және жоғары буын оқушыларын құқықтық тәрбиелеу бойынша нашар тәрбие жұмысы;

Төтенше жағдайларды алдын алу және жою

 

Қалада табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою (бұдан әрі - ТЖ) бойынша жұмыс жүргізілуде.

Төтенше жағдайлар мен уақиғалардың туындауына негізгі себеп адами фактор болып табылады, ол негізінен өнеркәсіптік апат, өрт туындаған және судағы уақиғалар кезінде қатысады, бұл қосымша сол немесе басқа қалыпсыз жағдайлардың туындауына қатысы бар немесе зардап шеккен адамдардың алкогольдік мас болуымен қиындатылады.

Павлодар қаласы аумағының әр түрлі табиғи жағдайлары оның айтарлықтай табиғи төтенше жағдайларға - тасқындарға, су басуларға, дауылдарға, орман және дала өрттеріне, температураның күрт төмендеуіне және т.б. тап болуын алдын ала анықтайды.

Нөсерлі және дренажды кәріз жүйелері қаланың инженерлік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осы жүйенің дамымағандығынан қала көшелерінде жер суларымен басып кету және нөсерлі судың жиналу қаупі бар. Дренажды коллектор мен тазарту имараттарын салу қажет.

Жыл сайын қаланың тасқынға қарсы іс-шараларын өткізу жоспары бекітіледі. ТЖ жөніндегі қалалық комиссияның тасқын кезеңіне дайындығы және Павлодар қаласының аумағында орналасқан гидротехникалық имараттардың жай-күйі туралы отырысы ұйымдастырылып, өткізіледі.

Су тасқыны кезеңінен өту қорытындылары бойынша облыста алдағы көктемгі тасқын кезеңінің ықтимал кері зардаптарын болдырмауға бағытталған іс-шараларды іске асыру жөніндегі Жол картасы әзірленді және облыс әкімімен бекітілді.

Су тасқыны әсерінен қорғау үшін Павлодар қаласының ауылдық аймағында Ленин кенті мен  Кенжекөл ауылдық округінде екі бөгет бар, онда Жол картасына сәйкес қақпақтар орнатылған,  су жіберу құбырлары төселді, Павлодар ауылында су жіберу тартпалары орнатылды, Мойылды ауылында траншеялар орнату және ауылға баратын кіре-беріс жолға су жіберу құбырын төсеу жұмыстары орындалды.

Ауылдық елді мекендердің тұрғындарын ықтимал кері келеңсіз құбылыстар жайлы уақытылы хабарландыру мақсатында, Павлодар қаласы ауылдық аймағының барлық елді мекенінде жергілікті хабарландыру жүйелері орнатылды. Осылайша, «Ауылдық аймақ халқын төтенше жағдайлардың қаупі мен туындауы туралы хабардар етудің жергілікті жүйелерімен қамту» көрсеткіші 100%- ды құрады. 2015 жылдан 2018 жылғы қазанға дейінгі кезең аралығында су тасқынынан және су басудан адам қазалары болған жоқ.

SWOT-талдау:

Күшті жақтары:

- заманауи техникамен және жабдықпен құтқару және көмек көрсету қызметтерінің жоспарлы құрылуы;

- қаланың ауылдық елді мекендеріндегі халыққа хабарлау жүйелерінің болуы.

Осал жақтары

- ақпарат берудің қазіргі заманғы цифрлық жүйелерімен интеграцияны қамтамасыз етпейтін Павлодар қаласының азаматтық қорғанысын орталықтандырылған хабардар етудің ескірген жүйесі.

- елді мекендердегі жер үйінділерінің жыл сайынғы тозуы (Ленин кенті, Кенжекөл ауылдық округі).

- қаланың ауылдық аймағында өрт сөндіру гидранттарының тозуы.

- нөсерлі және дренажды кәріз жүйелерінің дамымағандығы.

Мүмкіндіктері:

- республикалық бюджет есебінен су тасқынына қарсы іс-қимыл инфрақұрылымын жақсартуға, адам өлімдерін болдырмауға және олар болған жағдайда залалды төмендетуге бағытталған құтқару қызметтері мен өртке қарсы қызметтерді материалдық-техникалық жабдықтау жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу және орындау.

Қауіп-қатерлер:

- өрт кезінде адамдардың қаза болуы өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, электр жабдықтары мен пешті пайдалану және монтаждау кезінде, халықтың отпен абайсыз болу себебінен орын алады.

Проблемалар:

- су тасқыны кезеңінде су деңгейінің көтерілуіне ұшырағыш ауылдық елді мекендерді (Павлодар ауылы, Кенжекөл ауылдық округі, Ленин кенті) қорғаудың инженерлік құралдарының (топырақ, бұрып апаратын каналдар және т.б.) жыл сайынғы тозуы.

- Павлодар қаласының орталықтандырылған хабарландырудың ескірген жүйесі.

- ауылдық елді мекендердің тұрмыстық және табиғи өрттерден қорғалмағандығы.

2.1.3 Инфрақұрылымдық кешен

2.1.3.1 Байланыс және коммуникациялар

 

Қалада электр және пошта байланысының барлық түрі, сондай-ақ кеңейтілген телерадио тарату желісі бар.

Қалада телекоммуникация және байланыс жөніндегі қызметтерді көрсететін 20 кәсіпорын жұмыс істейді.

Павлодар қаласында 20 байланыс операторы электр, радио және телехабар тарату қызметтерін көрсетеді, солардың біреуі жалпы пайдаланылатын телефон байланысы қызметтері нарығында істейді, ал 4 оператор ұялы радиотелефон байланысы қызметтері нарығында істейді. 

Интернетті пайдаланушылар саны 2018 жылғы 1 қаңтарға 46419 қала тұрғынын құрады, 2017 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда олардың саны  0,98 %-ға азайды.

Халықты 6-дан 15 жасқа дейінгі балалардың цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес білім беру мекемелерінде өткізіледі.

Білім беру сапасын жақсарту мақсатында қалада мектептерді заманауи компьютерлік техникамен және кең жолақты Интернетке қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.

Пошта байланысы тұрғындар үшін өзінің маңыздылығын сақтауды жалғастыруда. Көрсетілетін қызметтер аясы кеңеюде: гибридті пошта (электрондықты қоса алғанда), жеделдетілген пошта, коммуналдық төлемдерді қабылдау, ксерокөшірме жасау және т.б.

Саланың даму жағдайының SWOT-талдауы:

Күшті жақтары:

- дамыған телекоммуникациялық қызметтер жүйесі;

- талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз ету;

- жергілікті телефон байланысының 100% цифрлануы.

Мүмкіндіктері:

- халық пен ұйымдарды қолжетімді және сапалы байланыс қызметтерімен қамтамасыз ету;

- азаматтар мен ұйымдардың күнделікті өмірде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кең пайдалануға көшуі.

Қауіп-қатерлер:

- телекоммуникациялық нарықтың нақты бәсекесінің дамымағандығы;

- пошта инфрақұрылымының негізгі қорларының тозғандығы;

- Интернет желісінде қазақстандық контенттің дамымағандығы.

          

2.1.3.2 Құрылыс

Тұтас облыс бойынша құрылыс саласында Павлодар қаласының үлесі    32,2 %-ды құрайды.

 

Құрылыс қызметінің негізгі көрсеткіштері

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жылғы қаңтар-қазан

1

2

3

4

5

6

1

Тұрғын үй құрылысына салынатын инвестициялар, млн. теңге

10 160

12927,6

10011,3

9821,6

2

өткен жылға қарағанда, %

168,0

122,7

73,3

120,4

3

Орындалған құрылыс жұмыстарының көлемі, млн. теңге

60230

90770,5

106697,9

46992,8

4

өткен жылға қарағанда, %

128,5

144,9

111,8

59,4

5

Тұрғын үйлерді пайдалануға беру, жалпы ауданның шаршы метрі

123 314

143478

171143

103156

6

өткен жылға қарағанда, %

91,6

116,4

119,3

80,6

 

соның ішінде:

 

 

 

 

7

жеке құрылысшылар, жалпы ауданның шаршы метрі

82980

44676

41190

49275

8

өткен жылға қарағанда, %

139,9

62,0

92,2

140,3

Қалада үш жыл ішінде 2015-2017 жылдар аралығында барлық қаржыландыру көздері есебінен 437,935 мың ш.м. тұрғын үй пайдалануға берілді.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 2017 жылы 106,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 56,6 млрд. теңгеге артық. 2017 жылы тұрғын үй құрылысына 10,0 млрд.теңге жұмсалды, барлық қаржыландыру көздері есебінен 171,1 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл 2016 жылға қарағанда 19,3% -ға артық, оның ішінде халықпен іске қосылғаны 41,2 ш.м.     (2016 жылға қарағанда 92,2%).

2017 жылы 1416 пәтерлік 11 көп қабатты тұрғын үй пайдалануға берілді, оның ішінде бюджет қаражаты есебінен «Сарыарқа» шағын ауданында - 6 тұрғын үй, жеке инвестициялар есебінен – 5 тұрғын үй.

2018 жылғы 10 айда құрылыс жұмыстарының көлемі 47 млрд. теңгені құрады, НКИ-59,4%. 2017 жылы «ПМХЗ» ЖШС жаңғырту жобасын іске асырудың аяқталуы себебінен төмендеу байқалады. 2017 жылдың 10 айында құрылыс жұмыстарының көлемі – 75,8 млрд.теңге, олардың жарты сомасы «ПМХЗ» ЖШС жаңғырту бойынша жұмыстарын өткізуге жұмсалған еді.

2018 жылдың басынан барлық қаржыландыру көздері есебінен 103,2 мың ш.м. немесе 2017 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 80,6% пайдалануға берілді. Бюджет қаражаты есебінен жалпы ауданы 46,6 мың шаршы метр 6 тұрғын үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 45,8 мың шаршы метр болатын тағы 6 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.

Жеке-меншік инвестициялар есебінен жалпы ауданы 9,4 мың ш. м. болатын 3 үй пайдалануға берілді, жалпы ауданы 31,3 мың ш. м. болатын тағы   4 тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, шағын мобильді топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету жұмысы 2013 жылдан бастап жүргізіледі.

Мүгедектерге қол жеткізу элементтерін құру серпіні

Р/с№

Индикатор атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы

(+, -)

1

2

3

4

5

6

 

Паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қол жеткізумен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі

94,4

95,3

99,0

+4,6

Бейімделуге жоспарланған 129 нысанның ішінен 2012-2015 жылдар аралығында 113 нысан бейімделді, 2016-2020 жылдар аралығында 16 нысан бейімделуге жатады. 2017 жылы жоспарға сәйкес 3 нысан бейімделді (жоспардың 100%). Паспортталған әлеуметтік, көліктік инфрақұрылым объектілерінің жалпы санынан мүгедектер үшін қолжетімділікпен қамтамасыз етілген әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің үлесі 99,0 %-ды құрады.

SWOT – талдау:

Күшті жақтары:

- қалада объектілер құрылысын қамтамасыз етуге қабілетті құрылыс кәсіпорындары әлеуетінің болуы;

- тұрғын үй құрылысына бюджеттік қаражат бөлу.

Осал жақтары:

- азаматтар үшін тұрғын үйге қол жеткізудің жеткіліксіз деңгейі;

- құрылыс өнімінің бәсекеге қабілетсіздігі;

- заманауи экологиялық-қауіпсіз құрылыс технологияларының жетіспеушілігі.

Мүмкіндіктері:

- өндірістік мақсаттағы, әлеуметтік сала және тұрғын үй құрылысы объектілерін салуды қамтамасыз ету;

- қаланың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамыту;

- сапалы құрылыс өнімін шығаруды қамтамасыз ету.

Қауіп-қатерлер:

- құрылыс өніміне төмен сұраныс және құрылыс индустриясының тоқырауы;

- құрылыс жұмыстарының тоқтауы, жұмыс жүргізу кестелерінен қалып қою, бюджеттік қаражаттың игерілмеуі.

Саланың проблемалары

- жеке тұрғын үй құрылысын тұрақты дамыту үшін коммуникациялардың болмауы;

- халықтың ауылдық жерлерден қалаға көші-қонымен байланысты кезектіліктің өсуі.

2.1.3.3 Жолдар және көлік

Павлодар қаласының жеткілікті дамыған көліктік-коммуникациялық инфрақұрылымы бар.

Павлодар қаласында жолаушылар мен багажды уақытылы қалалық автомобиль тасымалдарының маршрут желісіне 33 автобус маршруты (соның ішінде  /А/ шағын класстың 12 маршруты – № 003, 3, 7, 14 (1 класстан ауыстырылды), 55 (1 класстан),  111, 115, 126, 151, 152, 153, 157) кіреді, оның ішінен - 3 маусымдық № 6, 17, 42.

Автобус маршруттарының жалпы ұзындығы-605,7 км.

Жолаушылар мен багажды автомобильмен қалалық тұрақты тасымалдау бағыттарымен облыс орталығынан басқа Павлодар қаласы ауылдық аймағының 5 елді мекенінен, атап айтқанда Павлодар ауылынан (№44 бағыт), Ленин кентінен (№38 бағыт), Мойылды ауылынан (№66 бағыт), Кенжекөл ауылдық округінен (Кенжекөл, Байдала, Долгое ауылынан) (№24 және № 21 бағыт), Жетекші ауылынан (№41 бағыт), сондай-ақ Теміржолшылар кентінен (№42,       № 10 бағыт) және Жаңаауыл кентінен (№14 бағыт) қызмет көрсетіледі. Павлодар қаласының ауылдық аймағының елді мекендерін тұрақты автобус тасымалдарымен қамту 100%-ды құрайды.

Халықты тасымалдау үшін қалалық маршруттарға 7 (жеті) автомобиль тасымалдаушысы қызмет көрсетеді, онда шамамен 139 бірлік үлкен класты автобус (170 резервпен), 267 шағын А класты автобус (309 резервпен) жұмыс істейді. Қоғамдық автокөлік кәсіпорындарының барлығы 406 жылжымалы құрам бірлігі (479 резервпен) бар. Тәулік сайын қоғамдық автомобиль көлігімен қаланың 246,5 мың тұрғыны және келгендер тасымалданады.

Автокөлік кәсіпорындарынан басқа, жолаушыларды тасымалдаумен Павлодар қаласында теңгерімінде 109 вагон бар. «Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ айналысады, оның ішінде күн сайын желіге электр көлігінің 75 бірлігі шығады (85-87 резервімен). Трамвай маршруттарының жалпы ұзындығы 89,2 км құрайды. Тәулік сайын трамвайлармен 44,7 мыңға дейін қала халқы тасымалданады. Трамвай паркін жаңарту және жаңғырту жобасы шеңберінде трамвай маршруттарында Беларусь өндірісінің 10 жаңа төмен вольтты вагон жұмыс істейді, жақын арада тағы 13 жаңа вагон жеткізу жоспарлануда.

Қала жолдары қаланың барлық аудандарын өзара байланыстырады және көлік пен жаяу жүргіншілердің қозғалысын қамтамасыз етеді. Көліктің нақты және үздіксіз жұмыс істеуі тек қана көше-жол желісі жақсы дамыған кезде, көшелердің жекелеген элементтерінің техникалық сипаттамалары бар (жүру бөлігі, тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолдары) есептік жүк ағынына сәйкес болуы мүмкін.

Қала автожолдарының жалпы ұзындығы 439 км құрайды, оның ішінде асфальт-бетон жабындымен – 288 км (65,6%), топырақпен түзетілген - 151 км (34,4 %).

2015 жылы қалалық автомобиль жолдарын дамытуға барлық деңгейдегі бюджеттен 800 млн. теңге жұмсалды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1,2 есеге артық. 2017 жылы қалалық бюджеттен 2728177,0 млн. теңге бөлінген болатын. 2018 жылы қалалық бюджеттен 814917,0 млн. теңге бөлінді.

Саланың даму жағдайының SWOT – талдауы:

Күшті жақтары:

- көлік қызметтеріне тұрақты сұраныс;

- жеткілікті тармақтанған көліктік инфрақұрылым.

Осал жақтары:

- орталық магистральдарда көлік қозғалысының жоғары қарқындылығы;

- үлкен жүкті автокөліктің осіне жүктеменің ұлғаюы салдарынан жолды қаптау конструкциясының ұлғаюы.

Мүмкіндіктері:

- көлік және жол қызметтерінің сапа деңгейін арттыру;

- экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу;

- қолданыстағы инфрақұрылымды қайта жаңарту және жаңғырту;

- азаматтардың ұсыныстары бойынша қосымша маршруттарды әзірлеу.

Қауіп-қатерлер:

- апаттылықтың көбеюі;

- халықтың көлікке қол жеткізуінің азаюы.

Проблемалар:

- көліктік логистика мүмкіндіктерін жете пайдаланбау;

- жол-көлік оқиғаларының жоғары деңгейі;

- үлкен жүк автокөлігімен жүктерді тасымалдаған кезде салмақ режимін бұзу.

 

2.1.3.4 Тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылым

Тұрғын үй қоры

Қазіргі уақытта қаланың тұрғын үй қорының жалпы ауданы 6,7 млн.шаршы метрді құрайды.

2015 жылмен салыстырғанда 2016 жылы көп пәтерлі тұрғын үйлер (бұдан әрі – КПТҮ) саны 0,6 %-ға, 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 2 %-ға қысқарды.

Көп пәтерлі тұрғын үйлер санының азаюы Алюминстрой ауданында тозған тұрғын үйлерді бұзу есебінен жүргізіледі. 2013 жылдан бастап 2018 жылға дейін бұрын жұмыс істеп тұрған 159 Алюминстрой үйлерінің екі қабатты 80 үйі бұзылды.

Павлодар қаласының тұрғын үй қоры 2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 1310 көпқабатты тұрғын үйді құрайды, оның ішінде 174-і – 40 жылдан астам, 336-і – 30 жылдан астам, 368-і – 20 жылдан астам, 432-і – 20 жылға дейін.

Қаланың тұрғын үй қорына қызмет көрсету мен ұстауды 251 кондоминиум басқару субъектісі жүзеге асырады, оның ішінде пәтер иелерінің тұтыну кооперативтері мен үй – жай иелерінің кооперативтері – 75, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, жеке кәсіпкерлер, фирмалар өндірістік кооперативтері – 57, үй комитеттері – 119.

Шамамен 20%-ы – 262 көп пәтерлі тұрғын үйдің жалпы саны 1310, үйішілік инженерлік желілерді, шатырларды, лифт шаруашылығын және көтергіш құрылымдарды күрделі жөндеуден өткізу қажет.

Қаланың маңызды проблемаларының бірі тозған тұрғын үй қорының проблемасы болып табылады. Павлодар қаласында 119 тозған көп пәтерлі тұрғын үй бар.

 

Тұрғын үй қорының жай-күйі

 

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

2018 жыл

1

2

3

4

5

6

1

Тұрғын үйлердің жалпы саны, соның ішінде

1342

1334

1309

1309

1.1

Күрделі жөндеумен қамтылғандар, оның ішінен

0

0

2

3

1.1.2

жаңғырту элементтерімен

-

-

-

-

1.2

тұрғындардың меншікті қаражаты есебінен

-

-

-

-

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының екінші бағытын іске асыру үшін 2014 жылы республикалық бюджеттен             370 млн.теңге бөлінді. 15 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, оның ішінде:   7 тұрғын үйдің шатырларына күрделі жөндеу және қайта жаңарту жүргізілді         (6 488 м2), 9 тұрғын үйде суық, ыстық сумен жабдықтау желілері (2177 қ.м), сондай-ақ жылумен жабдықтау желілері (3898 қ. м) ауыстырылды, 10 тұрғын үйде жылу тораптары (11 бірлік), су жылытқыштар (10 бірлік) ауыстырылды,          4 АЖП (автоматты жылу пункті) орнатылды және 2 тұрғын үйдің қасбеті жөнделді (1050 м2).

Жалпы, республика бойынша 2016 жылға «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» шеңберінде көп пәтерлі тұрғын үйлерге жөндеу жүргізуге республикалық бюджеттен қаражат бөлінген жоқ.

2016 жылы  63 млн. теңге мөлшерінде қайтарылған қаражатқа 3 тұрғын үйге (Камзин көшесі, 170, М. Исиналиев көшесі, 12, Катаев көшесі, 11/2, 2 кіре-беріс) күрделі жөндеу орындалды.

2017 жылы Мир, 60/1, Крупская, 82, Гагарин, 89, Катаев, 11/2, Красноярская, 50 көшелері бойынша 5 тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді.

2018 жылы тұрғындардың қайтарымды қаражаты есебінен Гагарин көшесі, 52 тұрғын үйде жөндеу аяқталды (жөндеу құны 17,0 млн.теңге). Жөндеу жұмыстары 2019 жылы аяқталатын Естай көшесі, 38 бойындағы тұрғын үйге 26,4 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары басталды.

Сумен жабдықтау және су бұру.

Қаланың гидрографиялық желісі су ресурстары ауыз су және шаруашылық сумен қамтамасыз ету үшін кеңінен қолданылатын жалғыз Ертіс өзені болып табылады.

Шаруашылық-ауыз су мақсатындағы суды тұтынушылар: тұрақты халық, шаруашылық-ауыз су құбыры желілерінен суды тұтынатын өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы кәсіпорындары болып табылады.

Қала халқы мен кәсіпорындарының тұтынатын ауыз су көлемі тәулігіне 79,2 мың м3 құрайды.

 

Сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жағдайы

км

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Желілердің жалпы ұзындығы

802,81

802,81

802,81

1.1

сумен жабдықтау

457,59

457,59

457,59

1.2

су бұру

345,22

345,22

345,22

2

Жаңғыртылған желілердің ұзындығы

12,98

10,51

12,94

2.1

сумен жабдықтау

11,2

9,4

10,24

2.2

су бұру

1,78

1,11

2,7

3

Орта табиғи тозуы 60%-дан астам желілердің ұзындығы

571,25

560,74

555,63

3.1

сумен жабдықтау

315,48

306,08

301,92

3.2

су бұру

255,77

254,66

253,71

Сумен жабдықтау. 2017 жылы ұзындығы 11500 м сумен жабдықтау объектілерін және 2100 м су бұру объектілерін қайта жаңарту, жаңғырту және күрделі жөндеу жоспарланған, желілердің жалпы ұзындығы – 13600 м. құрайды. Оның ішінде желілердің 14 600 метрі немесе жоспардың 107,4%-ы жөнделді.

Мүліктік жалға алу шартына сәйкес 441 км. су құбыры және 370 км. кәріз желісі «Павлодар - Водоканал» ЖШС-ге су құбыры-кәріз қызметтерін көрсету үшін жалдамалы қызмет көрсетуге тапсырылды.

Жылумен жабдықтау. 2017 жылы жалпы ұзындығы 9 512 м жылу желілерін (магистральды жылу желілері - 2 599 м, орамдық жылу желілері –   6913 м, ыстық сумен жабдықтау желілері – 148 м) күрделі жөндеу жоспарланған. 9512 метр немесе жоспардың 100 %-ы орындалды. «Павлодар жылу желілері» ЖШС сенімгерлік басқаруға 320,0 км жылу желілері мен ыстық сумен жабдықтау желілері берілді.

 

Жылумен жабдықтау желілерінің жағдайы

км    

Р/с

Көрсеткіш атауы

2015 жыл

2016 жыл

2017 жыл

1

2

3

4

5

1

Жылумен жабдықтау желілерінің жалпы ұзындығы

414,2

418,6

418,6

2

Жаңғыртылған жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы

0,97

4,21

5,62

3

Орта табиғи тозуы 60%-дан астам жылумен жабдықтау желілерінің ұзындығы

299,3

303,7

303,7

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру

Энергия үнемдеу бойынша шараларды іске асыру қазіргі уақытта өнеркәсіпті, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты және көлік секторын жаңғыртудың негізгі құралдарының бірі болып табылады. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру бойынша шараларды ойдағыдай іске асыру энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті, сондай-ақ экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

«ПРЭК» АҚ ақпаратына сәйкес Павлодар қаласы бойынша электр желілерінің (0,4 кВ) табиғи тозуы 2017 жылға 51,8 %-ды құрайды. Жөндеуді талап ететін желілердің жалпы ұзындығы 2017 жылы 130,98 км құрайды. Жөндеулер техникалық пайдалану ережелеріне сәйкес жыл сайын жүргізіледі, құрал-жабдықты пайдалануға енгізу жылына байланысты – желілердің жалпы ұзындығынан орташа есеппен 10 %. Жыл сайын жөндеуді талап ететін желілердің ұзындығы 0,4 кВ тарату желілеріне қайта жаңарту жүргізуге байланысты азаяды (жалаңаш сымды қозғалмалы оқшауланған сымға ауыстыру, 0,4 кВ кәбілді анағұрлым үлкен қимаға ауыстыру).

Халық шаруашылығы мен қала халқының электр энергиясына қажеттілігі толығынан қанағаттандырылуда.

Электр энергиясын өндіруді 3 электр станциясы жүзеге асырады.

 

Павлодар қаласының электр станциялары

 

Р/с

Электр станциялары

Белгіленген қуаты, МВт

1

2

3

1

«Павлодарэнерго» АҚ Павлодар ЖЭО-3

540

2

«Павлодарэнерго» АҚ Павлодар ЖЭО-2

110

3

 «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар ЖЭО-1

350

Қаланың электрмен жабдықтау желілерінің кернеуі 0,4–220 кВ ауа және кәбіл желілерінің ұзындығы 1 166,4 км құрайды, оның ішінен 491,2 км – әуе электр желілері, 675,2 км – кәбіл электр желілері.

Ұзындығы 1210,188 км, кернеуі  110 кВ және одан төмен электр желілерін «Павлодар электр желісін тарату компаниясы» АҚ – электр желісі компаниясы пайдаланады:

ЖЖ – 0,4 Кв – 337,42 км;

ЖЖ – 10 Кв – 177,463 км;

КЛ – 0,4 Кв – 343,361 км;

КЛ – 10 Кв – 351,944 км.

Желілерде 600 қосалқы станция жұмыс істейді (ЖҚ, КЖҚ 6-10/04 кВ,      РП 6-10 кВ).

Қалалық баланста 286,8 км электр желілері бар (Павлодар қаласы әкімдігінің 2017 ж. 27.10. № 1250/36 қаулысы).

 

Станциялар бөлінісінде электр энергиясын өндіру

Р/с

Электр станциялары

 

Өлшем бірлігі

 

 

2015 жыл

 

 

2016 жыл

 

2017

жыл

2015 жылға қарағанда 2017 жылы өсу қарқыны,  %-бен

1

2

3

4

5

6

7

1

«Павлодарэнерго» АҚ (ЖЭО-2 және ЖЭО-3)

млн.кВтс

3654

3741,6

3988,6

109,2

2

«Қазақстан алюминийі» АҚ (ЖЭО-1)

млн.кВтс

66,224

38,539

64,690

44,6

3

ЖИЫНЫ:

млн.кВтс

7440,3

3780,1

4053,29

153,8

Қалада электр энергиясын негізгі тұтынушылар өнеркәсіп кәсіпорындары болып табылады, олардың үлесіне шамамен 70 % электр тұтыну келеді.

Саланың даму жағдайының SWOT – талдауы:

Күшті жақтары:

- энергетикалық әлеуеттің болуы;

- электр, жылу, сумен жабдықтаумен жеткілікті қамтамасыздығы;

- тұщы су қорының жеткілікті деңгейі;

- коммуналдық қызметтерге жоғары қажеттілік.

Осал жақтары:

- негізгі өндірістік қорлардың тозу процесі жаңартылуына қарағанда тез қарқындармен болуда;

- жылумен жабдықтау, сумен жабдықтаудың жаңа жүйелерін салуға және қолданыстағыларын қайта жаңартуға мемлекеттік және жеке-меншік инвестициялардың жеткіліксіздігі;

- қызмет көрсетуші кәсіпорындардың жеткіліксіз материалдық-техникалық жабдықталуы;

- сумен жабдықтау және су бұру желілерінің жоғары тозу деңгейі.

Мүмкіндіктері:

өнеркәсіптік кәсіпорындардың үлкен қажеттіліктерін жылу, электр энергиясымен қамтамасыз ету;

- халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету;

- энергия үнемдеуші технологияларды енгізу;

- сумен жабдықтау және су бұру жүйелерінің техникалық жағдайын жақсарту;

- электр энергиясы объектілерін дамытуға инвестициялар тарту үшін саланың инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша шаралар қабылдау.

Қауіп-қатерлер:

- физикалық тозудың салдарынан жабдықтың жұмыс істемеуі;

- ұзақ қызмет көрсету нәтижесінде қалыптасқан жылумен жабдықтау, сумен жабдықтау объектілерінің қанағаттанарлықсыз техникалық жағдайы;

- тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасына қатысу қажеттігі туралы жеткіліксіз түсіндіру жұмысы.

Саланың проблемасы:

- электр және жылу желілерінің моральдық және физикалық тозуы.

2.1.3.5 Экология және жер ресурстары

Экологиялық жағдай. Павлодар қаласы Қазақстан Республикасының экономикалық дамыған қалаларының бірі ретінде бүкіл ел үшін үлкен стратегиялық мәнге ие. Экономикалық өсім, жаңа өндірістік қуаттылықтарды енгізуді сүйемелдейтін өнеркәсіп пен өндірістің дамуы жүктемені күшейте отырып, қоршаған ортаға қосымша эмиссия көздерінің пайда болуына және экологиялық жағдайға әсер етуіне әкеп соқтырады.

Атмосфераға шығарындылар күкірт диоксиді басым болатын көп компонентті химиялық құраммен сипатталады, сондықтан қаладағы экологиялық жағдай шиеленісті болып қала береді.

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі стационарлық көздері «Қазақстан алюминийі» АҚ Павлодар алюминий зауыты (бұдан әрі - «ҚА» АҚ ПАЗ), «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС, «Павлодарэнерго» АҚ сияқты энергетика және металлургия кешендерінің кәсіпорындары болып табылады.

Бүгінгі күні қаланың ірі жүйе құраушы кәсіпорындары жоспарланған табиғатты қорғау іс-шараларын толық көлемде орындауда.

Қала аумағында карьерлерді (құмды, қиыршық тасты және т.б.) қазу бойынша өнеркәсіптік қызмет кәсіпорындарының көлемінен қалдықтардың едәуір бөлігі ішкі үйінділерде жиналады, бұл пайда болған қалдықтарды өңдеу көлемінің едәуір ұлғаюын қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. 2015-2017 жылдар аралығында «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС өз қаражаты есебінен мұнай қалдықтарын қайта өңдеу және құрамында мұнайы бар «Янтарь» қауіптілік деңгейіндегі қалдықтарды залалсыздандыру бойынша жұмыстар орындалды. Осы кезеңде 41 952 тонна мұнай шламдары өңделіп, құрамында мұнай бар          4 000 тонна қалдықтар залалсыздандырылды. Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындылары 2017 жылы қайта өңделген мұнай көлемінің азаюынан          2015 жылмен салыстырғанда 227 тоннаға төмендеді.

«Қазақстан электролиз зауыты» АҚ-да электролиз корпусын газбен тазалау жабдығы орнатылды, ол шығарындыларды азайтуға мүмкіндік береді. «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ 2018 жылы жалпы құны 41537311 мың теңгеге 5400 бірлік негізгі өндіріс алюминий электролизі цехының № 1 газ тазарту қондырғысында жеңдік сүзгілерді ауыстыру бойынша негізгі маңызды табиғат қорғау іс-шарасы орындалды.

«Павлодарэнерго» АҚ-да электр сүзгілерін орнату есебінен күл ұстағыш қондырғылардың тиімділігін арттыру құралдары арқылы шығарындылардың көлемі азаяды. «Павлодарэнерго» АҚ ЖЭО-ның барлық энергетикалық қазандықтарындағы экологиялық параметрлерді жетілдіру мақсатында 2009-2013 жылдар аралығында екінші буынды батареялық эмульгаторлар орната отырып, күл ұстағыш құрылғыларды қайта жаңарту жүргізілді. Бұл түтін газдарын қатты бөлшектерден тазарту деңгейін 97 % - дан 99,5 % - ға дейін арттыруға және қатты бөлшектердің шығарылу санын 28,735 мың т. - дан 9,197 мың т. дейін азайтуға мүмкіндік берді. Жүргізілген қайта жаңарту нәтижесінде, сондай – ақ 2009 жылға қатысты (65,298 мың тонна) қарастырылатын кезеңде жалпы кәсіпорын бойынша атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының жалпы саны да төмендеді: 2015 ж. – 42,544 мың тонна, 2016 ж. – 44,292 мың тонна, 2017 ж. - 44,327 мың тонна.

«ҚА» АҚ ПАЗ құны бір жарым миллиард теңгеден асатын шлам үйіндісінің құрылысын жүргізуде. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары шеңберінде 2017 жылы «ҚА» АҚ ПАЗ бойынша жалпы сомасы 492 208 мың теңгеге іс-шаралар орындалды, оның ішінде «ҚА» АҚ ПАЗ ЖЭО № 2, 5, 6,          8 қазандық агрегаттарының күл ұстағыш қондырғыларына жөндеу жүргізілді.

2018 жылы «ҚА» АҚ ПАЗ бойынша жалпы сомасы 422 574,2 мың теңгеге қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспарланған, оның ішінде ЖЭО 3 қазандық агрегаттарының күл ұстағыш қондырғыларын, 2 кальцинация пештерінің газ тазарту қондырғыларын, 2 күйдіру пештерінің газ тазарту қондырғыларын жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Алдағы уақытта осы бағытта қаланың басқа кәсіпорындарын өндіріс қалдықтарының проблемасын шешуге енгізе отырып, жұмысты жалғастыру қажет.

Ертіс өзені бассейнінің су айдынын ластаудың кең тараған көздерінің бірі су объектілеріне тастаулар болып табылады.

Ертіс өзеніне ағынды сулар жіберу «Павлодар-Водоканал» ЖШС кәсіпорнымен жүзеге асырылады (облыс орталығының тазарту құрылыстарын салу).

Су объектілеріне ластайтын заттар жіберуді «Павлодар-Водоканал» ЖШС жүзеге асырады, олардың төгінділерінің нақты көлемі 2,2% – ға азайды (2015 жылы – 31,29 млн. м3, 2017 жылы-30,61 млн. м3).

Қала аумағында ауданы 200 га асатын елді мекендердің жанындағы қатты тұрмыстық қалдықтардың 9 қоқыс тастайтын жері бар. Павлодар қаласының қоқыс тастайтын жерлерінің қоршаған орта эмиссиясына рұқсат қағаздары  бар.

Ауылдық аймақта орналасқан қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі –ҚТҚ) көму бойынша объектілерді полигондарға жатқызуға болмайды. Көп жағдайда олар санитарлық ережелердің талаптарына және экологиялық көму стандарттарына сәйкес келмейтін қоқыс тастайтын жерлер болып табылады.

ҚТҚ кәдеге жарату жүргізілмейді, іріктеу және қайта өңдеу жүргізіледі.

Қалада ҚТҚ жинау және шығару бойынша коммуналдық қызметтерді көрсету нарығында жеке меншік нысанындағы «Спецмашин» ЖШС кәсіпорны айналысады. Жеке және заңды тұлғалардан ҚТҚ қабылдау мен кәдеге жаратуды жүзеге асыру үшін сенімгерлікке тапсырылған «Қоқысты жинауға арналған алаңша» мүліктік кешені қолданылады.

Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы 2018 жылғы 1 желтоқсанға 1465 га құрайды, соның ішінде орманмен жабылған ауданы 594 га құрайды. 2016 жылмен салыстырғанда орманмен жабылған мемлекеттік орман қоры алқаптарының ауданы бұрынғыдай қалды.                   

Павлодар қаласы бойынша мемлекеттік орман қорының аумағында бір орман өртінің орташа алаңы 2016 жылмен салыстырғанда 2018 жылы климаттық жағдайларға және өрт фактісінің дер кезінде анықталуына, жолын кесуге және оның таралуына байланысты 10 есеге  азайды.

Құқық қорғау органдарымен және ТЖ-мен бірлескен алдын алу іс-шаралар жоспары әзірленді және келісілді. Ірі орман өрттерінің алдын алу және сөндіру кезінде өзара іс-қимыл жасау мақсатында Ресей Федерациясының шекара маңындағы орман шаруашылықтарымен ұзақ мерзімді келісімдер әрекет етеді.

Сыртқы факторлар:

1) Атмосфералық ауаның шығарындылармен ластану, су объектілеріне тастаулар мәселелері жөніндегі бақылау-инспекциялық қызмет республикалық деңгейде жүзеге асырылады.

2) ҚТҚ қайта өңдеу бойынша зауыттар мен технологиялардың болмауы қоқыс жинайтын орындарда жиналатын көлемдерінің тұрақты өсуіне әкеледі.

3) Ауа райы – климаттық жағдайлар - қатты ыстық, құрғақшылық орман өрттеріне әкеледі.

4) Орман өрттері орманмен жабылған аумақтардың  қысқаруына ықпал етеді.

Ішкі факторлар:

1) ҚТҚ басқару жүйесін жетілдіру.

2) ҚТҚ кәдеге жарататын өндірістің жоғына байланысты, қоқыстың үлкен көлемінің жиналуы.

3) Қаланың ауылдық елді мекендерінің (бұдан әрі - АЕМ) санымен салыстырғанда  ҚТҚ рұқсатсыз қоқыс тастайтын орындары санының көп болуы.

4) Ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің өртке қарсы техникамен нашар қамтамасыз етілуі.

5) Өрт-бақылау мұнараларының, станцияларының болмауы.

6) Егерлердің көлік құралдарымен қамтамасыз етілмеуі.

Саланың даму жағдайының SWOT – талдауы:

Күшті жақтары:

1. ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың табиғатты қорғау іс-шараларын орындауы;

2. қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдердің ұлғаюы;

3. тұщы жер асты сулары қорларының жеткілікті деңгейі;

4. штаттардың орман қорғау қызметкерлерімен толықталуы.

Осал жақтары:

1. қолайсыз экологиялық жағдай.

2. атмосфераға шығарындылардың көп көлемі жылу энергетика, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарына тиесілі;

3.  қатты тұрмыстық қалдықтарды және өндіріс қалдықтарын кәдеге жарату бойынша технологияның болмауы;

4. табиғатты қорғау іс-шараларын іске асыруға бюджеттік қаражат көлемдерінің қысқаруы;

5. «Тарихи ластануларды» оңалту мәселесін шешу қажеттігі;

6. стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы;

7. ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің нашар материалдық-техникалық базасы.

Мүмкіндіктері:

1. Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағына жыл сайынғы сынапты мониторингілеу;

2. көктемгі суды Ертіс өзенінің жайылма алқабына жіберуді жыл сайынғы мониторингілеу:

3. экологиялық технологиялар жөніндегі құзыреттер орталығының қызметі;

4. материалдық-техникалық базаны жабдықтау арқылы пайдалануға беру қызметін жетілдіру;

5. ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту;

6. мемлекеттік орман қоры аумағында өрт-бақылау мұнараларын, орман өрті станцияларын салу;

7. стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағын қалпына келтіру;

8. отырғызу материалын өсіру бойынша озық технологияларды енгізу.

Қауіп-қатерлер:

1. өңірдегі экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі;

2. ластайтын заттар шығарындылары көлемінің қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына кері әсер етуі;

3. орман өрттері салдарынан орманмен жабылған аумақтың, мемлекеттік орман қоры алқаптарының қысқаруы.

Экология саласындағы проблемалар:

1. қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналуы есебінен қоршаған ортаның ластануы;

2. «Тарихи ластануларды» жою проблемасы;

3. орман өрттерінің салдарынан қалаға және ауылдық аймаққа іргелес орманмен жабылған аумақтың қысқаруы;

4. ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелердің орман өртін жедел анықтау мен жоюға мүмкіндік бермейтін өртке қарсы техникамен нашар жабдықталуы;

5. ормандарды және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемелердің мемлекеттік орман қоры аумағында стандартты отырғызу материалын өсіру бойынша орман тәлімбағының болмауы салдарынан орман дақылдары қорының игерілмеуі.

Жер ресурстары. Жер балансының деректері бойынша қала жерінің жалпы көлемі 63,3 мың га құрайды, оның ішінде 35,4 мың га ауыл шаруашылық алқаптар (55,9 %), оның ішінде 10,6 мың га егістік жер.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер санатында ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге 8,7 мың га (25,0 %) ауыл шаруашылық алқаптар бекітілген.

2014 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен қалада ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге түгендеу жүргізілді.

7,6 мың га жер зерттелді, 5,68 мың га пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптары анықталды, оның ішінде 1 жер учаскесі 0,024 мың га иесіз  жылжымайтын зат ретінде есепке алынды, олар бір жылдық мерзім өткеннен кейін де мемлекеттік меншікке қайтарылатын болады. Анықталған жер учаскелерінің ішінен 2015 жылы 11 жер пайдаланушы 3,7 мың га алқапта жер учаскелерін мақсатты пайдалану және оларды одан әрі игеру бойынша пайдаланылғанын растады. Жалпы көлемі 1,8 мың га 19 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Жүргізілген түгендеу мақсаты нақты аумағының есепке алу деректеріне сәйкес келуі мәніне аумақты нақтылау, оның жағдайын зерделеу, сондай-ақ оларды тиімді пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.

2008 жылдан бастап 2014 жыл аралығында конкурс (аукцион) негізінде жер учаскелерін беру ҚР Жер кодексінің талаптарына сәйкес бекітілген егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарларының жоғына байланысты жүргізілген жоқ. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы айналымына тартылған жер учаскелері жоқ.

2018 жылы мемлекеттік меншіктегі және ағылшын әдісі бойынша (арттыруға) жер пайдалануға берілмеген жер учаскелеріне жалдау құқығын сату бойынша жалпы сомасы 71,0 млн.теңгеге 6 аукцион өткізілді.

Жер нарығын одан әрі дамыту үшін мемлекеттік меншіктегі бос пайдаланылмайтын жерлерді жер сауда-саттықтары (конкурстар, аукциондар) арқылы беру жалғасатын болады.

SWOT-талдау

Күшті жақтары: 

- жергілікті бюджетке түсімдердің, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемдердің өсуі;

- жер нарығын дамыту және бос пайдаланылмайтын жерлерді жер сауда-саттықтары арқылы беру.

Осал жақтары:

- жер пайдаланушы нотариалдық өтініш негізінде жер телімінен бас тартқаннан кейін әділет органы иесіз жер телімін есепке қойған жағдайда ғана бір жақты тәртіпте жалға алу шартын бұзу мүмкін.

Мүмкіндіктері:

- ауыл шаруашылығы айналымына одан әрі тарту және қалалық бюджетке қосымша ақшалай қаражатының түсуі мақсатында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарына жер салығының мөлшерлемесін ұлғайту бойынша шараларды пайдалану, бұл жер телімдерін мемлекеттік меншікке қайтарудың негізгі тетігі болады.

Қауіп-қатерлер:

- пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарының өсуі (иесіз жылжымайтын зат).

Проблема:

- ірі шаруашылықтарда нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жер телімдерінің болуы.

 

2.1.3.6 Мемлекеттік қызметшілердің ауысуы.

Мемлекеттік қызметшілердің ауысуы. Павлодар қаласының мемлекеттік органдары қызметінің тиімділігін талдау таза ауысу өлшемі бойынша төмендеу серпінін көрсетеді.

Таза ауысу көрсеткіштерінің серпіні

Р/с №

Нысаналы

индикатор

2015

жыл

2016

жыл

2017

жыл

1

2

3

4

5

1

Мемлекеттік қызметшілер санының таза алмасушылығы, %

15%

10,9%

18,2%

2015 жылы таза ауысу  көрсеткіші 15% - ға жетті, мұнда қаланың атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің ауысуы - 119, оның ішінде «таза алмасушылық» - 53 адамды құрады. Бұл мемлекеттік қызметшілердің жеке және квазимемлекеттік секторларға кетуімен байланысты, онда жоғары жалақы және икемді жұмыс кестесі тартады.

2016 жылы қаланың атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің ауысуы - 130 адамды құрады, оның ішінде «таза алмасушылық» - 38 адам немесе 10,9%.

2017 жылы таза ауысудың мәні 18,2%-ды құрады.

2018 жылдың 10 айында қаланың атқарушы органдарында мемлекеттік қызметшілердің ауысуы 107 адамды құрады, оның ішінде «таза алмасушылық» - 14 адам немесе 4%.

Мемлекеттік қызмет жүйесінен кетудің негізгі себептері мынадай факторлар болып табылады:

- еңбекке ақы төлеу деңгейімен қанағаттанбауы;

- қолайсыз жұмыс режимі;

- мансаптық өсу перспективасының болмауы;

- жеке сипаттағы себептер.

Кадрлардың мемлекеттік қызметтен кетуінің табиғи бақыланбайтын себептері тұрғылықты жерінің өзгеруі, отбасылық жағдайлар, денсаулық жағдайы болып табылады.

SWOT талдау:

Күшті жақтары:

- кадрлар ауысуының ай сайынғы мониторингі;

- мемлекеттік қызметшілерді қосымша ынталандыру шараларын әзірлеу;

- мемлекеттік қызметке E, E-R, E-G лауазымдары санатына кіретін жоғары оқу орындарының түлектерін «Дипломмен ауылға» бағдарламасына енгізу.

Осал жақтары:

- мамандардың жеткіліксіз біліктілігі;

- мемлекеттік қызметшілердің уәждемесі жеткіліксіз;

- персоналды басқару мәселесі бойынша мемлекеттік органдардың жауапты қызметтерінің біліктілігі жеткіліксіз.

Мүмкіндіктер: 

- оқу курстарын өткізу арқылы мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру;

- әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің басқа мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өтуі;

- меритократия қағидаты бойынша мансаптық жылжыту.

Қауіп-қатерлер:

- кадрлардың тұрақсыздығы;

- мемлекеттік қызметшілер еңбекақысының өсу қарқынын болжауға әсер ететін экономиканың өсу қарқынының баяулауы.

Проблемалары:

- кадрлық әлеуетті төмендету.

 

2.2. Орта мерзімді перспективада Павлодар қаласының орнықты әлеуметтік-экономикалық дамуының бәсекелі басымдықтары мен мүмкіндіктерінің, қалыпты факторларының, негізгі проблемалардың, тәуекелдердің кешенді сипаттамасы 

 

Павлодар қаласының келтірілген соңғы жылдардағы әлеуметтік-экономикалық талдауынан қалада инвестициялар салу үшін бәсекелестік басымдықтар бар деген қорытынды жасауға болады.

Қалада елдің жер балшық пен алюминийге деген қажеттіліктерінің басым бөлігін қамтамасыз ететін күшті металлургия кешені құрылды.

Қаланың қолайлы географиялық орналасуы және дамыған өнеркәсіп көліктің барлық түрлері мен жол желісінің дамуына негіз болды. Қолда бар жер және әуе көліктері коммуникациясы алыс және жақын шетелдердің басқа өңірлерімен дәстүрлі шаруашылық байланысты қамтамасыз етеді және шетелдермен ынтымақтастықты кеңейту үшін оңтайлы жағдайлар жасайды.

Қаланың жылу электр станциялары шаруашылық кешенін және қала халқын электр энергиясына қажеттілігін толық қамтамасыз етуде.

Қала инвестициялық және инновациялық әлеуетке ие. Қаланың өнеркәсіп кәсіпорындарының тұрақты жұмысы өндірісті дамыту және жаңа энергиялық ауқымды кәсіпорындарды орналастыру мақсатында инвесторларды тарту үшін мүмкіндіктер ашады.

Қала инфрақұрылымында «Павлодар» арнайы экономикалық аймағы дамып жатыр және ресми жұмыс істейді, бұл отандық және шетелдік инвесторлар үшін қалыпты жағдайлар жасайды.

Қазіргі уақытта дербес кредиттік мекемелер ретінде танылған, сондай-ақ қазақстандық банктердің көптеген филиалдары бар банктік жүйе дамыды,  бұл қазіргі заманғы банк қызметтерінің толық спектрін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Өңірлік және жетекші республикалық операторлармен ұсынылған дамыған телекоммуникация жүйесі сапалы және сенімді байланысты, Интернет, бейнетелефон және басқа қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар желісін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Көліктік инфрақұрылымның дамуы байқалады, автомобиль көлігімен көрсетілетін қызметтер сапасы артуда.

Қорытынды: пайдалы жағдай, дамыған көлік коммуникацияларының бары, қаланың ел өңірлерімен және басқа мемлекеттермен шаруашылық байланыстары қала экономикасының тұрақты дамуы және халықтың өмір сүру сапасының артуы үшін  қолайлы алғышарттар жасайды.

 Сонымен бірге, қалада бірқатар экономикалық және әлеуметтік проблемалар бар, осы Бағдарлама соларды шешуге бағытталған.

Нөсерлі және дренажды кәріз жүйелері қаланың инженерлік жүйесінің маңызды элементтерінің бірі болып табылады. Осы жүйенің дамымағандығынан қала көшелерінде жер суларымен басып кету және нөсерлі судың жиналу қаупі бар. Дренажды коллектор мен тазарту имараттарын салу қажет.

Қаланың коммуналдық шаруашылығындағы проблемалар қиындауда. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық ақысының халық есебінен өсуі саладағы құрылымдық өзгерістермен, көрсетілетін қызметтер сапасының артуымен және негізгі қорлардың барынша жаңалануымен сүйемелденген жоқ. Салада ресурсты тұтыну мен баға құраудың шығынды тетіктерінің қолданылуы жалғасуда, энергиялық тиімді және ресурс үнемдеу үлгілері тым баяу енгізілуде.

Ғылыми әлеует ірі экономикалық міндеттерді шешу және қалада инновациялық үдерістерді дамыту үшін толық көлемде тартылмаған.

Экономиканың соңғы өнімді шығаруға бағдарлануы нашар. Қала экономикасы құрылымының әртараптануының жоғары болуына қарамастан, өнеркәсіпте аралық өнім (жер балшық) шығаратын шикізат саласының рөлі жоғары. Электр энергетикасының үлесі жоғары, оның өнімі шикізат пен тұтыну тауарлары арасында аралық жағдайды иеленген.

Шағын бизнестің белсенділігі және оның қала экономикасы мен әлеуметтік саласының дамуына қосатын үлесі жеткіліксіз. Көлік қызметтеріне, электр энергиясына, жер мен үй-жайларды жалдауға тарифтердің өсуі кері әсер етуде. Банктердің кредиттік ресурстарына көптеген шағын кәсіпорындар қол жеткізе алмауда.

Қаланың әлеуметтік саласында мүгедектердің әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмыспен қамту проблема болып қалуда.

Павлодар қаласының ауылдық аймағы мәдениет объектілерімен жеткіліксіз қамтылған.

Кадрларға деген құрылымдық тапшылық байқалуда. Кәсіби-біліктілік құрылымы бойынша жұмыс күшіне сұраныс және ұсыныс проблемасы сақталуда, яғни білікті жұмыс мамандықтарындағы және инженерлік-техникалық мамандықтардағы кадрлардың тапшылығы.

Қала кәсіпорындарының шаруашылық қызметі көптеген он жылдықтар бойы ауқымды үйінділер мен шығарындылар көлемінің жинақталуына, едәуір  аймақтың  ластануына алып келді.

Ауаға шығарындылар көп құрамды химиялық құрамымен сипатталады, оларда күкірт диоксиді басым. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының негізгі стационарлық көздері энергетика және металлургия кешендері кәсіпорындары болып табылады. Осы және басқа күрделі экологиялық проблемалар қоршаған ортаға антропогендік престі азайту жөніндегі шаралар кешенін шаруашылық қызметі субъектілерінің  барыншы тиімді әрекеттерді жүзеге асыруын талап етеді.

Қала денсаулық сақтаудың негізгі проблемалары болып қалады: халық сырқаттануының жоғары деңгейі, әлеуметтік маңызды аурулармен сырқаттануды қоса алғанда – онкологиялық сырқаттану, туберкулезбен сырқаттану.

Қаланы дамытудың әлеуметтік-экономикалық нәтижелерінің кешенді сипаттамасы қала дамуының күшті және осал жақтарын, оны дамытуды шектеуді және мүмкіндіктерін анықтаған SWOT-талдауда көрсетілген.

Күшті жақтары:

  1. Қолайлы географиялық орналасуы.
  2. Дамыған көліктік инфрақұрылым.
  3. Дамыған өңдеуші өндірістің бар болуы.
  4. Қаланың энергетикалық базасы күшті.
  5. Қала өз дамуында кейіннен барынша жоғары бөлу өнімдерін шығара отырып, өңдеу өндірістерінің экспортқа бағдарланған өнімдерін ұлғайту  стратегиясына бағытталған.
  6. Құрылыс индустриясындағы оң өсу қарқыны.
  7. Дамыған ғылыми-білім беру кешені.
  8. Қаланың білім беру жүйесінің педагогикалық кадрлар әлеуетінің жоғары болуы.
  9. Дамыған әлеуметтік инфрақұрылым.
  10. Жеткілікті су ресурстары.
  11. Әлеуметтік қамтамасыз етуге, білім беруге бюджет шығыстарының жоғары үлесі адами капиталдың дамуы сияқты ішкі сұранысқа қолдау жасауға да әсер етеді.

Осал жақтары:

  1. Шағын кәсіпкерліктің даму деңгейінің жеткіліксіздігі.
  2. Ұсақ тауарлы өндірістің басым болуы.
  3. Экономикалық қызметтің жеке салаларындағы құрылымдық жұмыссыздық және білікті кадрлар тапшылығы.
  4. Өндіріс және тұтыну қалдықтарын кәдеге жарату және тереңдетіп қайта өңдеу өндірістерінің  болмауы.
  5.  Коммуналдық желілердің тозу деңгейінің жоғары болуы.
  6. Тұрғын-үй маңындағы орамішілік аумақтардың қанағаттанарлықсыз жағдайы.
  7. Павлодар қаласының көптеген аумақтарында нөсерлі кәріздің жоқтығы.
  8. Қоршаған орта ластануының жоғары деңгейі және жоғары экологиялық тәуекел.
  9. Халықтың қатерлі ісікпен ауыру деңгейінің жоғары болуы – 100 мың халыққа шаққанда 350,2 адам.
  10. Ауылдық елді мекендердегі клуб мекемелерінің жоқтығы және күрделі жөндеу жүргізуді қажет ететін мәдениет объектілерінің бар болуы.

Қауіп-қатерлер:

  1. Металлургия өнеркәсібіне мамандандыру осы саланың тұралауына

байланысты экономиканы ауқымды экономикалық құлдырау тәуекеліне ұшыратады. Мұндай құлдырау осы саланың өніміне бағаның, сұраныстың күрт төмендеуі жағдайында болуы мүмкін.

  1. Қаланың инвестициялық әлеуетінің төмендеуі салдарынан инвестициялық тартымдылықтың төмендеуі.
  2. Қаланың еңбек нарығында жұмыс күшіне деген сұраныс пен ұсыныстың тең болмауы.
  3. Штат санын оңтайландыру салдарынан жұмыс күшінің босатылуы, кәсіпорындардың қайта құрылуы мен жойылуы.
  4. Шекараға жақын аумақтардан оны шеттен әкелу есебінен жергілікті өндірілетін өнімдерді нарықтан шығару.
  5. Қалада ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыратын факторлардың пайда болуы.
  6. Қалада экологиялық жағдайдың нашарлау қаупі.
  7. Жылу, су, электрмен жабдықтау объектілеріндегі апаттың ұлғаю мүмкіндігі.

         Мүмкіндіктері:

1. Қалада кластерлік даму мүмкіндігі.

2. Өңірдің инвестициялық тартымдылығын, соның ішінде арнайы экономикалық аймақты (АЭА) дамыту есебінен арттыру.

3. Экономиканың басым салаларында жаңа өндірістерді дамыту мүмкіндігіне негізделген жұмыспен қамтудың өсуін ұлғайту.

4. Халқының ақшалай табысының өсуі.

5. Өңдеу өнеркәсібі салаларында барынша жоғары қайта бөлуде жаңа өндірістер құру перспективасы.

6. Мемлекеттік инвестицияларды әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін дамытуға тарту.

7. Қалада экологиялық жағдайды жақсарту.

8. Көрсетілетін коммуналдық қызметтердің сапасын жақсарту.

 

3. Негізгі бағыттар, мақсаттар, нысаналы индикаторлар және оларға қол жеткізу жолдары

        

1-бағыт: Экономика

 

1.1. Өңірлік макроэкономика

Мақсаты: Өңірдің серпінді дамуына, халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін облыстың салық әлеуетін                 арттыруға жәрдемдесу

 

Р/с№

 

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушылар

Ақпарат көзі

факті

факті

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Жергілікті

бюджетке түсетін салықтық және салықтық емес түсімдердің өсу қарқыны

 

%

114,6

102,9

-

-

106,1

103,3

103,8

ҚБ

ЭжБЖБ

ведомство

лық есептілік

«ҚазТрансОйл» АҚ және «Қазақтелеком» АҚ ШФ Павлодар филиалдарының таратылуына байланысты әлеуметтік салық бойынша түсімдердің төмендеуіне байланысты, сондай-ақ патент негізінде салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлердің әлеуметтік салық төлеудің күшін жоюына байланысты

Қол жеткізу жолдары:

- ЖӨӨ өсімі нақты сектор (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс) мен қызметтер саласын дамыту есебінен қамтамасыз етілетін болады;

- салықтық және салықтық емес төлемдердің түсімдері материалдық өндіріс салаларында Аумақтарды дамыту бағдарламасының іс-шараларын іске асыру есебінен жүзеге асырылатын болады.

 

 1.2. Өнеркәсіп

 

Мақсаты: Экономиканың басымды секторларын дамыту

Р/с№

 

Нысаналы индикаторлар

Өлшем бірлігі

2014

2015

2016

2017

2018

2019

2020

Жауапты орындаушылар

Ақпарат көзі

факті

факті

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

жоспар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

1

Өңдеу өнеркәсібі өнімін шығарудың НКИ

%

98,0

98,5

98,0

101,0

104,0

102,7*

100,1*

КАШБ, ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі

статдеректер

2

Металлургия өнеркәсібі өндірісінің НКИ

%

92,8

99,9

102,5

101,3

103,4

103,2*

100,0*

КАШБ

статдеректер

3

Машина жасау саласы өндірісінің НКИ

%

110,2

84,8

89,0

90,0

100,0

100,0

101,0

КАШБ

статдеректер

4

Өзге металл емес минералды өнімдер өндірудің НКИ

%

88,1

96,3

80,0

90,7

102,0

102,5

103,0

КАШБ

статдеректер

5

Химия өнімінің НКИ

%

107,7

109,2

80,2

101,2

102,3

102,5

  103,0

КАШБ

статдеректер

6

Мұнайды қайта өңдеу өнімдерін өндірудің НКИ

%

97,1

97,2

98,0

105,1

106,1

100,0*

 100,0*

КАШБ

статдеректер

7

Жеңіл өнеркәсіптің НКИ

%

636,9

116,6

111,5

105,6

105,2

105,4

  105,5

КАШБ

статдеректер

8

Электр энергиясын өндіру көлемі

Квт с

5,7

6,1

-

-

12,9

10,9*

7,4*

ЭжТҮКШБ

статдеректер