ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы «2014 жылғы ақпанда қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою

2018-01-18 16:30:06 2014 жылғы есеп беру кездесуі

Павлодар қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 ақпандағы «2014 жылғы ақпанда қала әкімінің есеп беру кездесулерінде айтылған ескертулерді жою және ұсыныстарды қарастыру мақсатында Павлодар қаласы әкімінің тапсырмаларын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» № 226/1 қаулысын орындау барысы туралы ақпарат

 

 

№ р/с

Автордың

Т. А. Ә.,

оның әлеуметтік жағдайы 

және мекен-жайы

Ескертулер мен ұсыныстардың 

қысқаша мазмұны

Іске асыру барысы

1 -қос.,  2 -  т.

Уалиев Ахмет Шолпанұлы, Бейбітшілік к-сі, 8, заңгер

Жеке секторда қоқыс контейнерлерінің жоқтығы туралы

Жеке сектор аумақтарынан қоқысты шығаруды ұйымдастыру және қоқыс контейнерлерін орнату қажеттілігін анықтау мақсатында            2014 жылғы 13 наурызда «Арнайы машиналар» ЖШС, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өкілдерінің қатысуымен тұрғындар жиыны ұйымдастырылды. Жиында «Арнайы машиналар» ЖШС-нің қызметкерлерімен қоқыс контейнерлерін орнату құны мен жеке сектор аумақтарынан қоқыстың шығаруын тарифтеу туралы ақпарат ұсынылды, сондай – ақ контейнерлер орнатуға қалаушылардың қойылған қолдарын жинау бойынша жұмысын жүргізу шешімі қабылданды.

29 наурызда қайтадан жиын ұйымдастырған кезінде тұрғындардың көпшiлігі қоқыс контейнерлерін орнатудан бас тарту шешімі қабылданды.

1 -қос.,  3-  т.

Уалиев Ахмет Шолпанұлы, Бейбітшілік к-сі, 8, заңгер

Бейбітшілік к-сі бойынша қосымша жарықтандыру тіректерін орнату туралы

2014 жылғы 18 наурыздағы жеке қабыл-дауымда А. Ш. Уалиевқа Бейбітшілік к-сі бойынша орналасқан үйлерді электрмен жабдықтау желілеріне қосу үшін қосымша тірек орнату мәселесі бойынша түсінік берілді. 

 2014 жылғы 2 тоқсанда осы учаскеде қайта-дан салынған электрмен жабдықтау желілеріне қосылу жолымен жүргізілетін болады. 

1 -қос.,  12 -  т.

Татиева Омет Тұрарқызы, Геологическая к-сі, 4, 1 -пәт., жұмыскер

Жетекші а., жолдарын грейдирлеу бойынша жұмыстарын өткізу туралы

Ағымдағы жылғы бірінші тоқсан бойы көше-лерді қардан тазалау бойынша жұмыстар өткізілді, барлығы көшелердің 163, 96 км ұзындықта тазартылды.

2014 жылғы 31 наурызда «Павлодаргидро-геология» ЖШС-мен ауыл көшелеріндегі шұңқырлар мен ойларды білдірмей жабу үшін шлак әкелінді, ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін «УАҚ ҚАЗЫНА» ЖШС-мен жолдарды грейдирлеу бойынша жұмыстар аяқталады.

1 -қос.,  15-  т.

Харченко Светлана Алексеевна, Павлодар к-сі, 12 зейнеткер

Медициналық қызмет көрстету үшін «Павлодар қаласы

№ 3 емханасы» МКҚК-на кентінің тұрғындары бекітілгендігіне келiспеушiлiгі туралы

Осыған байланысты, ауыл әкімдері, № 38, 44 маршруты бойынша тасымалды жүзеге асы-ратын тұлғалар, «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолда-ры бөлімі» ММ, «Павлодар облысы денсау-лық сақтау басқармасы» ММ-нің өкілдерінің қатысуымен Павлодар ауылы, Ленин кентінің тұрғындарымен медициналық қызмет көрсету үшін «Павлодар қаласының № 3 емханасы» ҚМКК-на қайта бекіту мәселесі көтерілді.

Жиналыс барысында Қазақстан Республика-сындағы «Денсаулық сақтау жүйесі және ха-лықтың денсаулығы туралы» Кодексінің 88, 91 баптарына сәйкес және Ұлттық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесі бойынша қайта  бекіту мүмкіндігі туралы тұрғындар арасында қажеттілік кезінде ауылдық округ әкімдеріне түсіндіру жұмысын өткізу тапсырмасы берілді.

Осы рәсімдерді өту үшін нақты медициналық мекемелер кезеңінің ішінде жылына 1 рет қана қайта бекітуді өткізуге болады және тек бір ғана емханаға тіркелуге болады.

1 -қос.,  23 -  т.

Соғымбаева Зүлфия Александровна, Болашақ к-сі, 30, үй шаруасындағы

Болашақ к-сі бойынша тұрғын үйлерде электрмен жабдықтаудың жоқтығы туралы

Шәукен ауылындағы тұрғын алабының электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы жөніндегі жобалық-сметалық құжаттамасына сәйкес «Градстройкомпани» ЖШС мердігерлік құрылыс ұйымы толық көлемде құрылыс-монтаж жұмыстарын орындады.

Өткендегі  жобаға кірмеген электрмен жабдықтау учаскелерін, оның ішінде Болашақ к-сі, 30 бойынша учаскесі 2015 жылы жобаның жүзеге асыру басымен Павлодар ауылындағы ЖТҚ-ға электрмен жабдықтау желілерінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамасы қайтадан қарастырылып әзірленетін болады.

1 -қос.,  37-  т.

Каминская Светлана Андреевна, 1 Май к-сі, 1, 44-пәт., өздігінен жұмыспен қамтылған

 

«Mama-mia» мейрамханасының қызметіне байланысты қоғамдық тәртіп бұзушылық фактілері туралы

«Mama-mia» мейрамханасының қызметіне байланысты қоғамдық тәртіп бұзушылық фактілерін анықтау мақсатында Павлодар қаласының ішкі істер басқармасы, «Павлодар қаласының ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-сі қызметкерлерінің қатысумен рейдтік іс – шаралар ұйымдастырылды.

Рейдтік іс – шаралар барысында қоғамдық тәртіп бұзушылық фактілері анықталған жоқ. ҚР Кодексінің «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 333, 330, 365 баптары және қоғамдық тәртіп бұзған жағдайда олардың зардаптары бойынша мейрамхананың әкімшілігіне әкімшілік  жауапкершілігін қолдану туралы түсіндірілді.

1 -қос.,  54-  т.

Залдан түскен жазбахат

Володарский к-сін жаңарту туралы

Володарский к-сін қайта  жаңарту мақсатында келесі учаскелерде Володарский к-сін қайта  жаңарту нұсқалары қарастырылды:

- Урицкий көшесінен бастап Естай көшесінедейінгі учаскеде;

- Естай көшесінен бастап академик Шөкин көшесіне дейінгі бөлігінде.

Осы мәселені жүзеге асыруға арналған жұмыстың сметалық құнын анықтау үшін жобалық құжаттамасын әзірлеу қажет.

Осыған байланысты, осы жұмыс түрлерін орындау мүмкіндігі жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуіне қаражат бөлінген жағдайда қаралатын болады.

1 -қос.,  60-  т.

Залдан түскен жазбахат

 

Жаңаауыл к., көше жарығының жоқтығы туралы

Павлодар қаласы әкімінің төрағалық етуімен мүдделі органдардың қатысуымен 2014 жылдың 1 сәуірде шығу жиналысы өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша Жаңаауыл кентінің тіршілік әрекетімен байланысты Ертіс өзеніне заңсыз қоқысты шығаруы, көше жарығын орнату, жолдарды жөндеу, сумен жабдықтауды қамтамасыз ету және басқа мәселелермен байланысты мәселелер шешімі бойынша шаралар қолдану тапсырмасы мемлекеттік органдар басшыларына берілді.

Прочитано: 1011 раз