ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ ТӨМЕНГІ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-07-16 00:00:00 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

«E-R-4», «Е-G-3», «Е-G-4» санатылар үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.  Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

«E-R-4»

95245

128834

«Е-G-3»

90874

122392

«Е-G-4»

81212

109279

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8(7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы төменгі бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары орнына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі әкімшілік-қаржы секторының бас маман - экономист, E-R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2020 жылдың 31 қазанына дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Экономикалық мәселелер бойынша ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Бөлімде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және мемлекеттік сатып алу бойынша есептерді дайындау, құрастыру және ұсыну. Бюджеттік өтінімді жасау. Бюджетті нақтылауға өтінім беру. Стратегиялық жоспарды, аумақты дамыту жоспарын, операциялық жоспарды жасау. Мемлекеттік орган жұмысының тиімділігін бағалау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика).

2. «Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі тілдерді дамыту секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Тіл туралы заңнаманы орындау бойынша кәсіпорындар мен барлық меншік нысанындағы ұйымдардың жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік тіл саясатының негізгі қағидаларын дайындау және түсіндіру бойынша жұмысты ұйымдастыру мәселелері жөнінде ақпараттық - әдістемелік материалдарды дайындауды жүзеге асыру. Тілдерді дамыту жөнінде жазбаша,электрондық есептер мен ақпаратты дайындау. Тілдерді дамыту саласында еспетердің барлық түрлерін және ақпаратты ұсыну. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңын іске асыру мәселелерінде БАҚ өкілдерімен байланысты іске асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: білім (кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); қызметтер (туризм ); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе философия және/немесе филология және/немесе мәдениеттану және/немесе дінтану және/немесе аударма іс және/немесе археология және этнология және/немесе шығыстану және/немесе шетелдік филологиясы және/немесе дін жүйесі және/немесе түркітану және/немесе тарих); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

3. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспарлау-өндірістік секторының бас маманы, E-R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2020 жылдың 02 ақпанына дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Сектормен берілген бастапқы деректер және жобалау материалдары негізінде  коммуналдық меншік объектілері бойынша жобалау жұмыстарын дайындауды жүзеге асыру, объектілердің техникалық түгендеу және паспорттау бойынша кешенді жұмыстар өткізуді жүзеге асыру, Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және көріктендіру объектілерін дамытудың инвестициялық жобалары тізбесін әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару)

4. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі көгалдандыру және көріктендіру секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Конкурстық құжаттамада жазылған техникалық тапсырма бойынша орындалған жұмыстардың нақты көлемінің сәйкестігін тексеру.Жетекшілік ететін шаралардың жеке көлемдер бөлігінде орындалған жұмыстар барысын бақылау жүргізу: суаратын суқұбырын күтіп ұстау және қалпына келтіру бойынша, соның ішінде судың жеткізілуі, ағаштар отырғызу бойынша. Павлодар қаласының жасыл қоры сақталуын және жай-күйін қадағалауды жүзеге асыру. «Жасыл қор» бойынша қалалық комиссия жұмысын ұйымдастыру. Азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштері бойынша жұмыстарды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе ағаш өңдеу  және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша); ауылшаруашылық ғылымдары (орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе орман-инженерлiк iс және/немесе орман шаруашылық ісі); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе экология); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

5. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құжаттамалық қамтамасыз ету және өтініштермен жұмыс жөніндегі секторының бас маманы, E-R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2021 жылдың 21 қыркүйегіне дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Кіріс-және  шығыс хат-хабарларды алу және уақытында өңдеуді қамтамасыз ету.  Тиісті құрылымдық бөлімшелерге құжаттарды электрондық тіркеу, есепке алу, сақтау және тапсыру бойынша,  жұмысты жүргізу. Бақылау құжаттарына редакциялауды жүзеге асыру. Құжаттармен жұмыс, орындау және ресімдеу бойынша практикалық көмек көрсету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

6. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік заңгерлік секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Бөлімнің мүддесіне қуыным-талап ету жұмысын жүргізу.  Азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі соттарда бөлім мүддесін қорғау. Жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің уақытылы және сапалы қаралуын қамтамасыз ету.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: заң (халықаралық құқық және/немесе құқық) Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: заң (халықаралық құқық және/немесе құқық).           

7.  «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі бас маман – бас бухгалтері, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурстар өткізу және ұйымдастыру. Бухгалтерлік есеп және баланс құрастыру, егжей-тегжейлі  қаржыландыру жоспарларын, өтінімдерді дайындау. Бөлім жұмысшаларына жалақыны есептеу. Бюджеттік өтінімді және оған есептерді дайындау. Бөлімнің материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын пайдалануды бақылау.           

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша), орта білімнен кейінгі  немесе техникалық және кәсіптік білімі (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы) барларға рұқсат етіледі.

8.  «Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі жер телімдерін алып қою жөніндегі секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Жер сауда-саттықтарын жүргізу үшін материалдарды (аукциондар, конкурстар); мемлекеттік мұқтажы үшін жер телімдерін алып қою бойынша ұсыныстар мен материалдарды дайындау. Уақытша имараттар (дүңгіршектер, павильондар), автотұрақтар мен сауда  бойынша; әлеуметтік объектілердің құрылысын салу үшін жер телімдері бойынша ақпарат беру, Бөлімнің деректер базасынан және «ПавлодарЖерҒӨО» ЕМК кадастр тобынан қажетті жер телімдері туралы ақпарат жинақтау мәселелерді реттеу бойынша жұмыс жүргізу, жоспар-кадастр материалымен  жұмыс. Павлодар қаласы жерлеріне тугендеу жүргізу, түгендеу материалдарына талдау құрастыру, сонымен қатар жер телімдеріне құқықты ресімдемеген жер пайдаланушылармен жұмыстар. Жер телімдеріне жылдық және жалдау ақысының есебін  әзірлеу және беру.            

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім саласындағы, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; құқық саласындағы; өнер саласындағы: сәулет мамандығы бойынша; ауыл шаруашылық ғылымдар саласындағы; қызмет көрсету саласындағы: жерге орналастыру, кадастр мамандықтары бойынша).           

9. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы, E-R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2021 жылдың
23 мамырына дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша көмек көрсету мен түсіндіруге жан-жақты қолдау көрсету бойынша, «Аумақты даму бағдарлама картасы 2020» іске асыруды қамтамасыз ету.  Жеке және заңды тұлғалар өтініштерімен жұмыс жасау. Кәсіпкерліктің нормативті-құқықтық базасын шығарушығару бойынша ұсыңыстар әзірлеу. «Аумақтық даму бағдарламасы бойынша жұмыс жасау» кәсіпорындардың «Қазақстанның үздік тауары» жарысқа қатысуына ат салысу, НКИ мониторингі (нақты көлем индексі). Кәсіпкерлік, туризм салаларын  дамытудың басымдық аймақтық бағдарламарын әзірлеу. Павлодар қаласының аумағында кәсіпкерлік қызмет, туризм дамыту үшін жағдайлар жұмыс жасау. Павлодар қаласында туристік кластерінің дамуына көмектесу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім саласындағы, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; құқық саласындағы; ауыл шаруашылық ғылымдар саласындағы)           

10. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі кәсіпкерлікті дамыту секторының бас маманы, E-R-4 санаты.

Функционалдық міндеттері: Ауыл шаруашылығы аумағының бағдарламасын дамытудын орындауын бақылау (Сыбаға, Қулан, Алтын Асық). Жеке және заңды тұлғалар өтініштерімен жұмыс жасау. Субсидияларды алу үшін шаруашылық және фермерлер қожалықтарының басшыларынан және ауыл шаруашылықтардан алынған өтініштеріне сәйкес қажетті құжаттарды дайындау. ТКБС төрағаларына агротехникалық шараларды жүргізу үшін әдістемелік көмек көрсету. Тұтыну кооперативі баубақша серіктестіктерінің төрағаларымен жұмыс. Жергілікті атқарушы құқық органдары тұтыну кооперативінің бауөбақша серіктестіктерінің арасындағы қатынастарды тәртіпке салу мәселесі бойынша жиналыстарға, кеңеске қатысу. Жұма сайын ауыл шаруашылығы жәрменкесін ұйымдастыру және қатысу.          

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім саласындағы; техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; құқық саласындағы; ауыл шаруашылық ғылымдар саласындағы).          

11. «Павлодар қаласы ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қоғамдық және діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі секторының бас маманы, E-R-4 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2021 жылдың 13 қаңтарына дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Саяси партиялардың, үкіметтік емес ұйымдар мен этномәдени бірлестіктердің қызметі туралы аналитикалық шолулар дайындау. Эротикалық сипаттағы материалдарды жариялайтын мерзімдік баспа басылымдарының сатылуына мониторинг жүзеге асыру. Саяси партиялармен, қозғалыстармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақ бірлестіктерімен, үкіметтік емес ұйымдармен, этномәдени бірлестіктермен, шағын аудандардың, қаланың ауылдық аймағының мамандарымен жетекшілік ететін мәселелер бойынша байланысты жүзеге асыру. Бұқаралық ақпарат құралдарының дін мәселелері жөніндегі материалдарына мониторинг жүргізу. Құлшылыққа бару арқылы діни бірлестіктердің діни уағыздарына мониторинг жүргізу. Қалалық Қоғамдық келісім кеңесінің, Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің жұмысын үйлестіру. Қала әкімдігінің қаулыларын, қала әкімінің өкімдерін, шешімдерін дайындау. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.         

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары (білім саласындағы; техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы; әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: саясаттану, экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару, жұртшылықпен байланыс мамандықтары бойынша; құқық саласындағы; қоғамдық ғылымдар саласындағы: филология, халықаралық қатынас мамандықтары бойынша).

12. «Жетекши ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жетекші маманы, E-G-4 санаты.           

Функционалдық міндеттері: Жұмыс барысында қала жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен өзара әрекет. Көп балалы аналарды марапаттауға ұсыну бойынша жұмыс. Қала ішкі саясат бөліммен жұмысы әрекеттесу. Әскери-есептік үстелінің жұмысымен басшылықты жүзеге асыру.          

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім  

13. «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты.           

Функционалдық міндеттері: ӘЕҮ (Әскери есепке қою үстелі), күшейту аппаратының жұмысына басшылық жасау. ӘЕҮ жұмысы туралы есептер мен ақпараттар дайындау. Әскери міндеттілер бойынша картотека жүргізу. Елді мекеннің жерлерінде мал жайылатын орындарды анықтау. Ветеринария мәселелері бойынша тұрғындар арасында ағарту жұмысын жүргізу. ТЖ, АҚ  және өрт қауіпсіздігі жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Ауыл аумағын санитарлық тазарту, көріктендіру жұмыстары, әлеуметтік мәселелер және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мәселелері жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының  3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтк тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған  немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды 7 жұмыс күні күні ішінде   жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімі аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы «E-R-4», «E-G-3», «E-G-4» санатылар үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы «E-R-4», «E-G-3», «E-G-4» санатылар үшін: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік  (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

 

Мені_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен
келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
      Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

      Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

                                                   Нысан                                                                          

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

1.Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

5.

5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

6.

6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

8.

8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 

 

9.

9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері
/должность, место работы, местонахождение  организации

қабыл-
данған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата

Прочитано: 291 раз