ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

2019-07-25 12:31:31

Қызметтің атауы

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру

Қызмет көрсететін мемлекеттік орган

«Павлодар қаласы жер қатынастары бөлімі» ММ

Қызметті тұтынушылар

Жеке және заңды тұлғалар

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде  

Қызмет көрсету орны

Павлодар қаласы, Кривенко көшесі, 25, 1-қабат, 17-терезе, байланыс телефоны: 65-24-03

Қызмет көрсету тәртібі

Осы «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 45 қаулысына сәйкес

 

Қажетті құжаттар

Көрсетілетін қызметті алушы (не уәкілетті өкілі: өкілеттігін растайтын құжат бойынша заңды тұлға; нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша жеке тұлға) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;

2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

3) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісі;

порталға:

1) осы Стандартқа 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша электрондық өтініш;

2) жер учаскесін сатып алу қажет болған жағдайда, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құны актісінің электрондық көшірмесі.

Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, жер учаскесіне арналған құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарын растайтын, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқ екені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушы ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.

Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды:

көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған кезде – қағаз тасығыштағы өтініштің қабылданғанын оның көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, кеңседе тіркелгені туралы белгі растайды;

ХҚКО-ға тапсырған кезде – көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі;

порталға тапсырған кезде – «жеке кабинетке» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алу күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

ХҚКО-да көрсетілетін қызметті алушыға (не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкіліне) дайын құжаттарды беру жеке басты куәландыратын құжат көрсетілген кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

ХҚКО нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, содан кейін оны көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді.

Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген жағдайда, ХҚКО-ның сұратуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін ХҚКО-ға жібереді.

Қызметтің құны және төлеу тәртібі

Тегін

 Көрсетілетін қызмет үрдісінің  сипаты

Мемлекеттік  қызмет көрсету   үрдісінің  құрамына  кіретін  әрбір  ресімнің  (іс-қимылдың)   мазмұны,  оның орындалу  ұзақтығы:

1) Қағаз  тасымалдағышта  өтініш   қабылдау  кезінде  көрсетілетін қызметті  берушінің  қызметкері   тіркеу  жүргізеді  және  құжаттар пакетін қабылдау  уақыты  мен  күнін  көрсетумен кеңсеге    тіркеу туралы  белгімен  өтініштің  көшірмесін көрсетілетін қызметті  берушіге  береді.   Көрсетілетін қызметті  берушінің  басшысы  орындау үшін  уәкілетті органды анықтайды. Ұсынылған құжаттардың  толық еместігі  белгіленген  жағдайда көрсетілетін қызметті  беруші  көрсетілген    мерзімде  одан әрі  қарау қарауға – 2  жұмыс  күні    ішінде   жазбаша   негізделген   бас  тарту береді.

2) Уәкілетті органның  басшысы  ұсынылған  құжаттармен  өтінішті қарайды  және  жауапты  орындаушыға  тапсырады.  Жауапты орындаушы   ұсынылған  құжаттармен  өтінішті  қарайды,   шешімнің  жобасын  немесе негізделген  бас тарту  жобасын  әзірлейді  және  көрсетілетін қызметті  беруші  басшысына 26   күнтізбелік  күн ішінде  тапсырады;

3) көрсетілетін қызметті  беруші   шешімге  қол қояды. Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері шығыс  хат-хабары  журналында  шешімді  тіркейді  және  көрсетілетін қызметті  берушіге 2   күнтізбелік  күн ішінде  береді;

Қызметті көрсету мерзімдері

1) көрсетілетін қызметті берушіге, ХҚКО-ға және порталға құжаттар топтамасы тапсырылған күннен бастап – күнтізбелік 30 (отыз) күнге дейін;

көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша уәжді бас тартуды береді.

ХҚКО-ға жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді;

2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін барынша жол берілетін күту уақыты – 15 (он бес) минут;

3) қызмет көрсетудің барынша жол берілетін уақыты – 15 (он бес) минут.

Қызметті көрсету нәтижесі

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы қаулы не мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту

Нормативтік құқықтық актілер

Қазақстан Республикасының Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» № 272 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 9 ақпандағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» № 45 қаулысы

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1900018268

Прочитано: 337 раз