ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Жер телімдерін жалға алу құқығын сату бойынша аукцион өткізу тәртібі

2019-11-14 00:00:00

Аукцион өткізу шарты: аукционды аукционшы  өткізеді. Акцион сауда-саттықтың әрбір нысаны бойынша аукционшымен оның атауымен, қысқаша  сипатымен, аукцион өткізу әдісімен, бастапқы бағасымен және бағаның өзгеру қадамымен хабарландырудан басталады.

Аукцион ағылшын тәсілімен өткізіледі (бастапқы бағаны жоғарылатуға). Аукционшы сауда-саттық үрдісінде қадамның өзгеруі туралы  хабарлайды. Сондай-ақ, аукционшы  нысанның  бастапқы  бағасы мен бағаның ұлғаю қадамын хабарлайды. Сауда - саттықтың қатысушылары номерді  көтерумен старттық бағаны көтереді, бірақта хабарланған қадамнан төмен болмайды. Аукционшы нысан бойынша аукционға қатысатын аукциондық номерлерді хабарлайды, бағаны бекітеді және оны көтеруге ұсыныс жасайды.

Аукционшы   нысан  үшін аса жоғары бағаны ұсынатын  қатысушыны хабарлайды. Аукционшы үш рет нысанның соңғы бағасын қайталайды және басқа көтерілген номерлер  болмаған  кезде, балғаны  соғумен  осы нысанның сатылуы  туралы  хабарлайды. Сауда-саттықтың жеңімпаздарын анықтаған соң сатушы сауда-саттықты өткізу үрдісінің, сондай-ақ, сатып алу-сату келісім шартын жасау мен шарттың орындалуы бойынша  тиісті міндеттердің орындалмай  қалмауы үшін, осы нысанға екінші бағаны ұлғайту бойынша сауда-саттықтарда   нысанды  сатып алуға  аталатын қатысушыға құқықты ұсынады (екінші сатып алушы);

Жер телімдерін  жалға алу  құқығын сату шарты мен ауыртпалық (шектеулер) тізбесі: сатып алушы: аукционның өтетін күнінде оның нәтижесі  туралы  хаттамаға  қол қоюға, «Павлодар  қаласы  жер қатынастары  бөлімі»  ММ-мен  Павлодар қаласы  әкімдігінің тиісті  қаулысы қабылданған  күннен  бастап бір жұмыс күні ішінде  жер телімінің  жалға  алу  құқығын  сатып алу-сату  келісім шартын  жасауға және ол  бойынша  міндеттемені  орындауға,  игеру шарттары туралы  келісім шарт жасауға, жер телімін нысаналы мақсатына сәйкес пайдалануға, қажет болған жағдайда мүдделі  тұлғаларға жер телімдеріне  (сервитут)  шектеулі пайдалану құқығын  беруге, жалға алу төлемін  уақытылы  төлеуге  міндетті.

Сауда-саттықтарда белгіленген учаскенің аукциондық  құны сатып алу-сату келісім шартына  қол қойылғаннан соң 5 банктік күннен кешіктірілмейтін  мерзімде 50 % көлемінде аванстық  төлем түрінде төленеді, ал қалған  сомасы сатып алу-сату келісім шартына  қол қойылған  күннен бастап 30 күнтізбелік күннен  кешіктірілмей төленуі тиіс. Сауда-саттықтарға қатысу үшін  кепілдік  жарна  сомасы  бастапқы бағаның  5 % құрайды, бірақ елу  айлық есептік  көрсеткіштен кем болмауы  керек.  Кепілдік  жарна  қолма қол  ақысыз  аударылады.

 Аукционға  қатысушы  ретінде тіркеу үшін мыналарды: жеке тұлғалар үшін; 1) аукционға  қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаны енгізуді растайтын төлем құжаты; 3) өкілдің  өкілетін куәландыратын құжат; заңды тұлғалар үшін: 1) аукционға  қатысуға өтінім; 2) кепілдік жарнаны енгізуді растайтын төлем  құжаты; 3) резидент  еместер сауда-саттық тізбесінен жария  етілген үзіндіні немесе шетел заңды тұлғасы екенін шет мемлекеттен заңнама бойынша заңды тұлға болып табылатынын  куәландыратын басқа жария етілген құжатын мемлекеттік және орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармамен  ұсынады; 4)  өкілдің  өкілетін куәландыратын  құжат.

Павлодар  қаласы,  Кривенко  көшесі, 25,  1-қабат, 17-терезе,  байланыс телефоны 65-24-03.

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы, оның ішінде электрондық түрде

http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500010937