ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ 2019 ЖЫЛҒЫ 15 АҚПАНДАҒЫ «2019 ЖЫЛҒЫ ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ЕСЕП БЕРУ КЕЗДЕСУЛЕРІНДЕ АЙТЫЛҒАН ЕСКЕРТУЛЕРДІ ЖОЮ ЖӘНЕ ҰСЫНЫСТАРДЫ ҚАРАСТЫРУ МАҚСАТЫНДА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ТАПСЫРМАЛАРЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ШАРАЛАР ТУРАЛЫ» № 159/1 ҚАУЛЫСЫНЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТУРАЛЫ 2019 ЖЫЛДЫҢ 2-ТОҚСАНЫНА АҚПАРАТ

2019-08-01 12:39:54 2019 жыл

р/с

Қысқаша мазмұны

Іске асыру бойынша тапсырма

Қабылданған шаралар туралы ақпарат

1-қос.,

3 -  т

Тротуарларды орналастыру туралы

Кент ішіндегі автожолдарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жобалау кезінде жаяужолдарды  орналастыруды қарастыру

Ленин кентіндегі жаяужолдарын орнату  бойынша сметалық құжаттама  әзірленді.  2019 жылға арналған бюджетті  нақтылау  кезінде ақша қаражатын бөлу үшін «Павлодар қаласы экономика және  бюджеттік жоспарлау бөлімі» ММ-ге  бюджет  өтінімі  жіберілетін  болады.

1-қос.,

15 -  т

Паспорт режимін тексеру туралы

 

«Весна» бау-бақшасының қоғамдық қауіпсіздігін күшейту бойынша жұмыстар жүргізу

«Весна» бау-бақшасының қоғамдық қауіпсіздігін күшейту бойынша  шаралар   қабылданды. Есептік  кезеңде «Весна»   бау-бақшасында саяжай алқабы  азаматтарының мүлкін сақтау  мақсатында жұмыс атқарылды.     Атқару кезінде бау-бақша кооперативі аумағында тұрған автокөліктердің  барлық түрлеріне осы бау-бақшаға рұқсат қағазының  болуына, сондай-ақ, полицияның учаскелік пункттері аумағында және бау-бақша  кооперативінде жасалған қылмыстарға  қатыстылығына барлық криминалды  есептегі тұлғалар тексерілді. Бұдан басқа, саяжай учаскелерінде тұрып жатқан тұлғалардың  аулаларын аралау жүзеге асырылды. Қабылданған шаралармен  6  әкімшілік хаттама толтырылды соның ішінде - 5 ҚР ӘҚБК  492-бабы бойынша (Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру) - ҚР ӘҚБК 408-бабы  бойынша (Иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын бұзу, -1  № 1  УПП түрлі  негіздер бойынша 18 адам жеткізілді,  соның ішінде хаттамалар толтыру  мен  дактилоскопия  үшін.

 

1-қос.,

20 -  т

Су ағысы үшін бұру құбырын орналастыру туралы

Су ағысы үшін бұру құбырын орналастыру бойынша жұмыстарды орындау

Естай  көшесі, 142  мекенжайы  бойынша   тұрғын үйдің ауласы үйлер мен балабақша арасында орналасқан. 2017  жылы ағымдағы жөндеу шеңберінде  квартал ішілік аумақта осы аулаға  асфальт төселді, кіреберіс жолдар,    парковкалар мен жаяужолдар орнатылды. Балабақша мен үйлер арасындағы топырақ жаяужолдан жоғары болғандықтан жауын кезінде  парковкаларда судың жиналуы 1 метрден 2 метрге дейін  жиналады. Кейін  су   тартылады да топыраққа сіңеді. Нөсер  канализациясының болмауына  байланысты нөсер суын тарту үшін  құбыр орнату мүмкіндігі жоқ. Бұған қоса, жаяу жүргіншілердің кедергісіз  өтулері үшін маусым айында шеткі  кіреберістен Киров көшесіне дейін қосымша жаяужол  орнатылды. Қазіргі уақытта үйдің  тұрғындары жауын кезінде Естай  көшесі, 142 үйдің бойымен Кривенко көшесінен Киров көшесіне дейін жаяужол бойымен жүре алады.

 

1-қос.,

21 -  т

Әлеуметтік бағдарламаларды («Инватакси», жөргектер сатып алу) қосымша қаржыландыру туралы

Бюджетті кезекті нақтылау кезінде әлеуметтік бағдарламаларды қосымша қаржыландыру («Инватакси», жөргектерді сатып алу) бойынша ұсыныстар енгізу

 

 

 

 

Павлодар қаласы бюджетінде 2019 жылға  арналған Инватакси қызметіне  төлемақыға  54,6 млн.теңге көзделді. Қаражат 2018 жылға алынатын қызметтердің нақты санын есептеумен  салынған.

Павлодар  қаласы жұмыспен қамту  және  әлеуметтік бағдарламалар  бөлімімен  қызметтер  көрсетуге тұрақты мониторинг  жүргізіледі.  Қосымша қаржыландыру мәселесі  қызметтер алушылар санының ұлғайған  жағдайында  қаралатын  болады.   

1-қос.,

22 -  т

Жеке көмекшілерді қаржыландыру туралы

 

Бюджетті кезекті нақтылау кезінде жеке көмекшілерді қосымша қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу

 

2019  жылға арналған Павлодар  қаласының  бюджетінде жеке көмекшілердің  қызметіне  ақы төлеуге қосымша қаржыландыруды  ұлғайтумен 250,8 млн.теңге  көзделген  (ең  аз  жалақыны  42500  теңгеге дейін  көтеру  есебімен) Қажеттілік 880 қызмет  алушыға  есептелінген. Қызмет көрсетушімен 2019  жылға «Ерекше  таңдау»  КФ мүгедектер қоғамдық  бірлестігі анықталды. Мемлекеттік сатып алулар қорытындысы 2019 жылдың  18  ақпанында  өткізілді.

 2019  жылға  арналған жеке  көмекшінің қызмет көрсетушісі болып «Ерекше таңдау»  КФ  анықталды. Жеке  көмекші қызметінің  бір сағаттық  құнының  көлемі 253 теңге болып анықталды. Бүгінгі күнге барлық төлемдер   жасалған.

 

1-қос.,

23 -  т

Қаланың саяси жұртшылығымен кездесуді ұйымдастыру туралы

Қаланың саяси жұртшылығымен кездесулер ұйымдастыру

2019 жылдың 1 наурызында  Павлодар  қаласының әкімі Ә. Қ. Күмпекеевпен  Павлодар  облысы саяси партиялар филиалдары  өкілдерімен кездесуі өткізілді, кездесуге: «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші  орынбасары А. Б. Жакубалдина, «Ақжол»  демократиялық партиясы ПОФ орынбасары   А.Ж. Теміралин, ҚКХП ПҚБ бірінші хатшысы  Г.К. Нугманова, ҚКХП ПҚБ бірінші  хатшысының  орынбасары М. А. Бекболатов,    ЖҰӘДП ПОФ төрағасы                                         А.Б. Сағандықова, ЖҰӘДП ПОФ төрағасының  орынбасары К.А. Сакауб, «АУЫЛ» партиясы  ПОФ төрағасының орынбасары                                                                           Б. Сағандықұлы, «АУЫЛ» партиясы  ПҚФ  төрағасы  Б. А. Аманжолов, «Бірлік»  партиясы  ПОФ төрағасы Д. Абдикалық қатысты.     Қорытындысы  бойынша тоқсанына  бір  рет  осындай  кездесу  өткізуге  шешім  қабылданды.

 

1-қос.,

26 -  т

Мүгедек балаларды (арбалармен, жөргектермен, аяқ киіммен) қамтамасыз ету туралы және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын кеңейту

Мәселені пысықтап, қажет болған жағдайда қосымша қаржыландыру бойынша ұсыныстар енгізу және мүгедек балаларға арналған оңалту орталығын кеңейту

 

Павлодар облысында  облыс  денсаулық сақтау басқармасының  деректері бойынша 2600-ге  жуық мүгедек балалар бар. Көрсетілген мүмкіндігі шектеулі балалар санынан   шамамен  586  баланың  күрделі сырқаты  бар.   Павлодар  қаласында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс   шеңберінде: «Самал» сауықтыру  орталығы», «Медет –Павлодар», «Алтын  Бата» үш  қоғамдық бірлестіктермен мүгедек  балаларға   арнайы  әлеуметтік  қызметтер ұсынылады.     Орталықтардың жұмысын ұйымдастыруға   бюджетте 125,7  млн.теңге көзделген.

2-қос.,

1 -  т

Жолдарды ағымдағы жөндеу туралы

Ленин кентін (бұдан әрі – к.) ағымдағы жөндеу бойынша ұсыныстарды зерделеу және енгізу

Ағымдағы  жылдың  3 тоқсанында ағымдағы  жөндеу бойынша жұмыстарды орындау  шеңберінде Ленин кентінде 7 шақырым  автожолға қиыршықтас төсеу  жоспарлануда.

2-қос.,

2 -  т

«Павлодар-Водоканал» ЖШС жұмысы туралы (қызметтерді алудан ажырату)

 

 

Уәкілетті мемлекеттік органдармен және кондоминиум объектілерін басқару органдарымен бірлесіп, Естай көшесі, 142 мекенжайы бойынша қызметтерді алудан ажырату бойынша                  іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету

Су беруді тоқтату және «ПВК» ЖШС клиенттеріне қызмет көрсетуді тоқтату арқылы Естай көшесі, 142 бойынша үй тұрғындарынан «Естай» ПИК қызметтеріне берешекті өндіріп алу заңсыз болып табылады, өйткені қызметтерді тұтынушы (жеке тұлға) қызмет көрсетушімен жеке келісім шарт жасаған және су беруді тоқтату олардың келісім шартын бұзу болып есептеледі. «Естай» ПИК кондоминиум объектілерінің қызметтерін көрсету бойынша берешекті өндіріп алу жұмысын ҚР Азаматтық Кодексіне сәйкес жүргізу ұсынылды. Талап-арыз жұмысын жүргізу.

 

2-қос.,

3 -  т

 1Э автобус маршрутының жұмысы туралы («Металлург» бау-бақшасына дейін)

«Металлург» бау-бақшасына дейінгі уақытты ескере отырып, 1 «Э» автобус маршрутының кестесіне түзету жүргізу

Маусымдық саяжай кезеңінде 20                       бау-бақшаға 2019 жылдың 20 сәуірінен бастап 19 қалалық автобус маршруты, соның ішінде  №№ 6, 17 маусымдық маршруттары қызмет көрсетеді. Бұрынғыдай 13 маршрут ұзартылады, саяжай алқаптары арқылы өтетін 4 маршрут (№№ 24, 38, 44, 66) қаланың ауылдық аймағына және 1 маршрут (№2) Павлодар қаласына жыл бойы қызмет көрсетеді. 2019 жылғы саяжай маусымында қалалық қоғамдық көлік маршруттарымен барлық саяжай бау-бақшаларына жолаушыларды негізінен отырғызусыз жеткізу қамтамасыз етіледі.

Маусымдық саяжай тасымалдары басталғаннан бері «Металлург» бау-бақшасына №№ 9, 10, 17 («маусымдық», бау-бақшаның шығыс жағынан), 27 автобус маршруттары қызмет көрсетіп келеді. Бұл бағбандардың қажеттіліктерін және маршруттың рентабельділігін қамтамасыз етуге жеткілікті болады. Сонымен қатар, «Усолка» тұрғындарының өтініштері бойынша «Усолка» шағынауданының тұрғындарын саяжай бау-бақшаларына: «Металлург» (шығыс жағынан кіру және «Огонек» тікелей көлікпен тасымалдау мақсатында № 17 (маусымдық) автобус маршруты 2019 жылдың 20 сәуірінен бастап «Усолка» шағынауданына станциялық кесте бойынша таңертең және кешке кіреді: - «ТЖ вокзалынан» сағат 8.52 мин. жөнелтіледі; «Металлург» (шығыс жақ) және «Огонек» бау-бақшаларынан «Усолка» шағынауданына  сағат 17.40 мин. кері жөнелтіледі. Маршруттың жұмысы бойынша шағымдар мен ескертулер жоқ.

2-қос.,

4 -  т

Достоевский көшесі бойында жылумен жабдықтау желілерін салуды хабарлау туралы (Абай көшесінен 1 Май көшесіне дейінгі учаске)

Достоевский көшесі бойында жылумен жабдықтау желілерін салу туралы ақпаратты мәлімет үшін жеткізу (Абай көшесінен 1 Май көшесіне дейінгі учаске)

Бүгінгі таңда құрылыс бөлімі жылумен жабдықтау желілерінің құрылысын салу үшін жер теліміне барлық құқық белгілейтін құжаттарды алды. «ДАНиЕР» ЖШС мердігерлік ұйымы қазіргі уақытта осы учаскелерге жылумен жабдықтау желілерін төсеп жатыр.

 

2-қос.,

5 -  т

Материалдық көмек (өмірлік қиын жағдай) және тұрғын үйге кезекке қою туралы

 

Жағдайды зерделеп, қажет болған жағдайда материалдық көмек көрсету

Павлодар қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлері Жетекші кенті, Қобыланды Батыр көшесі, 17 мекенжайы бойынша Н. Т. Атығаеваның үйіне барды.                   

Барған кезде 1982 жылы туған                                                                    Н. Т. Атығаеваның жалдамалы пәтерде тұратыны, 3 баласы бар екені анықталды:

Қанафин Тамерлан, 2004 ж.т., Жетекші ЖОМ 8-сынып оқушысы

Ахмет Нұргүл, 2007 ж.т.,  Жетекші ЖОМ                             6-сынып оқушысы

Ахмет Айша, 2016 ж.т.,  Жетекші ЖОМ                             шағын-орталығына барады.

Н. Т. Атығаева  Жетекші ЖОМ жинап тазалаушы болып жұмыс істейді, жалақысы 42,0 мың теңгені құрайды.

Зайыбы Атығаев Нұрлан Ахметұлы, 1977 ж.т., жеке ұйымда жұмыс істейді, жүк тиеуші,  жалақысы 18,0 мың теңгені құрайды.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                                           17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» № 246 Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын отбасылар мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті ресімдеуге құқылы (ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% - 20789 теңге).

Н. Т. Атығаеваның берген өтінішіне сәйкес ай сайын 80287,0 теңге көлемінде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.      

Қазіргі уақытта отбасы тұрғын үйге мұқтаж. 

 

2-қос.,

6 -  т

«Надежда» БСТК бау-бақшасындағы ұрлық фактілері туралы

«Надежда» бау-бақшасындағы ұрлық фактілерін ашу жұмысын күшейту

2019 жылғы 14 маусымдағы жағдай бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне саяжай алқаптарынан мүлікті ұрлаудың 62 фактісі тіркелген. «Надежда»  бау-бақша кооперативінен 21 өтініш келіп түсті.

8 факті бойынша қылмыстық істер қозғалды, олардың 2-еуі сотқа жіберілді. Қалған 6 факті бойынша қазіргі уақытта жедел тергеу іс-шаралары өткізіліп жатыр.

Бау-бақша кооперативтерінде жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында ағымдағы жылы Павлодар қаласының ПБ бөтеннің мүлкін ұрлаудың алдын алу және ашу бойынша мақсатқа бағдарланған 8 жұмыс жүргізді. 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қоғамдық тәртіпті сақтауға саяжай алқаптарында полицияның ат взводы жұмылдырылды, олар күн сайын саяжай учаскелерін аралап тұрады, әкімшілік және қылмыстық заңнама бұзушылықтарын анықтап, жолын кеседі.

 

2-қос.,

7 -  т

Ленин кентінен Павлодар қаласына дейін төрт жолақты автожол құрылысының орынсыздығы туралы

 Құрылысы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

 

Түсіндіру  жұмыстары  жүргізілді.

Осы  автожол «Нұрлы  жер»  Республикалық  бағдарламасы  шеңберінде   қайта  жаңартылды.

Ленин кентінен Павлодар қаласына дейін төрт жолақты автожол учаскесі қазіргі 1367-1381 Іб санатты «Қызылорда-Павлодар-Успенка-Ресей Федерациясының шекарасы» автожолы болып табылады, ол «Павлодар қаласының батыс жағын аралау» автомобиль автожолын салу (қайта жаңарту) шеңберінде 2013-2015 жж. қайта жаңартылған болатын.

2-қос.,

8 -  т

Саяжай алқабы бойынша автожол құрылысы туралы (құрылысқа қарсы)

Саяжай алқабы бойынша автожол құрылысы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу

Қазавтожол ҰҚ АҚ Павлодар филиалымен 2019  жылдың  6 ақпанында қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Бүгінгі күні «Северный», «Надежда» бау-бақшаларының саяжай алқабы бойынша төртінші нұсқа бойынша «Павлодар қаласының шығыс жағын аралау» автомобиль жолы өтуде. 242 саяжай учаскесі мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға жатады, осыған байланысты қазіргі уақытта саяжай учаскелерін одан әрі сатып алу үшін тиісті есепті дайындау және бағалау іс-шаралары өткізіліп жатыр.

«Павлодар қаласының шығыс жағын аралау» автомобиль автожолы жұмыс  жобасының   қоғамдық  тыңдаламы  2019  жылдың  19 тамызында өтеді.