ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-08-09 11:05:54 Қала жаңалықтары
САУДА КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ «САУДА ҮЗДІГІ-2019» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНКУРСЫ

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Павлодар қ. сауда кәсіпорындарының «Сауда үздігі-2019» Республикалық конкурсы өтеді. 

Конкурстың нақты күні қосымша хабарланады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер екі кезеңде қабылданады. Біріншісі – облыстық деңгейде, екіншісі – республикалық.  

Облыстық деңгейде өтінімдерді қабылдау 12 тамыздан басталады және 2019 жылдың 9 қыркүйегіне дейін жалғасады.  

Конкурстың басты шарттары:

1) Кәсіпорынның қызметі туралы бейнероликтің болуы (хронометраж 5 минуттан артық емес, дыбыстың бейнеге сәйкес болуы тиіс, роликтің форматы: алдымен басшы туралы кадрлар, содан кейін ұжым туралы кадрлар, содан кейін барлық нормаларға сәйкес болуы (өрт гидранттары, бірыңғай әмбебап форманың болуы және т. б.);  

Бейнеролик флеш-жинақтағышта (қайтарымсыз) ұсынылуы тиіс.

2) Қағаз тасығыштағы кез келген үлгідегі фотосуреттер альбомының болуы;

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:

- үздік бөлшек сауда кәсіпорны;

- үздік көтерме кәсіпорын;

- үздік сауда нарығы;

- үздік сауда-ойын-сауық орталығы, кешен, сауда үйі;

- үздік жол бойындағы сервис;

- үздік демалыс аймағы;

- шағын форматтағы үздік дүкендер;

- жылдың үздік басшысы.

Конкурсқа қатысу үшін конкурстық комиссияның мекенжайына: қосымшаға сәйкес конкурсқа қатысуға арналған сауалнама-өтінімді жіберу қажет.

Конкурстың облыстық кезеңінің үйлестірушілері:

1) Павлодар облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының сауда саясаты бөлімі, мекенжайы: Павлодар қ., Астана көш., 61, 1-қабат, 104-кабинет, байланыс телефондары: 8 (7182) 787816, 787817, e-mail: kuanova.dzhamilya@pavlodar.gov.kz. Байланыс орнататын тұлға – басқарманың сауда саясаты бөлімінің бас маманы Қуанова Джамиля Әмірқызы. 

2) Павлодар облысы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімі, мекенжайы: Луговая көш. 16, 3-қабат, 319-каб., байланыс телефондары: 8 (7182) 660311 (5553), e-mail a.iskakova@atameken.kz. Байланыс орнататын тұлға – Палатаның жобаларды қолдау бөлімінің маманы Искакова Айман. 

Конкурс туралы ереже және қатысуға арналған өтінім қоса беріледі.