ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАНДАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-08-13 00:00:00 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

«Е-R-1» санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы № 111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

«Е-R-1»

142412

192382

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазым орнына орналасуға Павлодар қаласының жергілікті атқарушы  органдарының мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

«Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы, Е-R-1 санаты.

Функционалдық міндеттері: Павлодар қаласындағы құрылыс қызметін  мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру, Павлодар қаласы аумағында құрылыс саясатын жүргізу. Қала бюджетіне қажеттілігіне қарай өтінімдер енгізу. Бюджет қаражаттарын сапалы және уақытылы игеруге жауапкершілікте болу.  Мемлекеттік сатып алу жоспарларының орындалуын бақылау. Бюджет қаражатын ұтымды  пайдалану үшін жауапкершілікте болу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе маркшейдер ісі және/немесе және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар, және/немесе машина жасау және/немесе металлургия); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); құқық (құқықтану); өнер (сәулет).

Жұмыс тәжiрибесi келесi талаптардың бiрiне сәйкес болуы тиiс:

«E-R-1» санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық деңгейдегі лауазымдарында немесе облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі басшылық лауазымдарында, немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны _____________________________________________________________________________________

________              ____________________________________
  (қолы)                (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Прочитано: 220 раз