ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-08-13 00:00:00 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

«E-R-2», «E-R-3», «Е-G-3» санаттары үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: «E-R-3» санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

«Е-R-2»

127418

172369

«E-R-3»

106288

142886

«Е-G-3»

90874

122392

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар орнына орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары, E-R-2 санаты.

Функционалдық міндеттері: Қаланы көріктендіру бағдарламаларын үйлестіру және іске асыруды жүзеге асырады. Көріктендіру, көгалдандыру объектілерін, автомобиль жолдарын ұстау, пайдалану, жөндеу бойынша жұмыстарды жасау сапасына бақылауды жүзеге асырады.. Жетекшілік ететін бөлімдерінің жұмысын бақылауды жүзеге асырады және қызметі үшін бөлім басшысының алдында жауапты болады, жетілдіру және заңдылығын сақтау мақсатында олардың жұмысын үйлестіреді. 

           Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (машина жасау және/немесе автоматоматтандыру және басқару және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе технологиялық машиналар және жабдықтар (сала бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе көлік құрылысы және/немесе электрмен жабдықтау (салалар бойынша) және/немесе инженер-механик және/немесе инженер-электрик және/немесе энергетика (жылу техникалық жабдығы және жылумен қамтамасыз ету жүйелері (түрлері бойынша)) және/немесе көлік (салалар бойынша)); құқық (құқықтану); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

«E-R-2» санаты үшін:

1. мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік экімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жүмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік экімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі 1 жылдан кем емес;

3. В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-1 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік экімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұракты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мэртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4. мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5. осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жүмыс өтілі торт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;

6. жоғары жэне жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру үйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

7) ғылыми дәрежесінің болуы.         

2. «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» ММ жоспарлау-техникалық секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыретіне мәселер бойынша облыс қала әкімдерінің және оның орынбасарларының шешімі, өкімдерін жүзеге асыруды бақылау. Бөлімнің қызмет бағыты бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс жасау. Жоба алдындағы және жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеудің экономикалық талдауын жүргізу. Құрылыс үшін жер телімдерін ресімдеу бойынша құжаттарды дайындау және әзірлеу. Сектор жұмысы регламентінің орындалуын қамтамасыз ету, құжаттардың орындалу мерзіміне бақылау жасау, секторға басқа да жүктелген міндеттерді жүзеге асыру. Басқару мәселесіне байланысты қала әкімінің өкімдері мен қаулыларының жобасын дайындау.       

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім,  техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе машина жасау және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе маркшейдер ісі және/немесе металлургия және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); құқық (құқықтану); өнер (сәулет).

3. «Павлодар қаласы білім беру бөлімі» ММ жалпы орта білім беру секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Сектор мамандарының жұмысын үйлестіреді және бағыттайды. Қала мектептеріндегі оқу-тәрбиелік үдерістің ұйымдастырылуын, оқу жоспарларының орындалуын, мектеп ішілік бақылаудың сапалы болуын, ұзартылған күн топтарының жұмыстарын қадағалайды. Қала мектептеріндегі инновациялық қызметін бақылауды жүзеге асырады. Қалалық білім беру жүйесіндегі әлеуметтік – экономикалық дамыту туралы жылдық және ай сайынғы есептерді құрастырады. Бекітілген стандарт пен регламентке сәйкес «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқытуға рұқсат беру» мемлекеттік қызметті іске асырады. Сектор мамандары көрсететін мемлекеттік қызметтердің іске асыру сапасын бақылайды. Бөлімнің және білім беру мекемелерінің жұмыс мәселелелері бойынша қорытынды сараптамалық ақпараттар жинақталуын іске асырады. Білім беру бөлімінің ай сайынғы айлық жоспарын әзірлейді. Жетекшілігіндегі мәселелелер бойынша есептер тапсырады.       

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім (құқық және экономика негіздері және/немесе кәсіптік оқыту және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе тарих және/немесе физика және/немесе математика және/немесе орыс тілі және әдебиеті және/немесе бастапқы оқыту педагогикасы мен әдістемесі және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе педагогика және психология және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе музыкалық білім және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе дене шынықтыру және спорт және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе орыс тілі мен әдебиеті* және/немесе әлеуметтік педагогика және өзін тану және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе математика және/немесе физика және/немесе ядролық физика және/немесе экология); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

4. «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы, E-G-3 санаты (18-1-4).

Функционалдық міндеттері: Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша әскери міндеттілік және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша ұйымдастыру. Мемлекеттік мекемелердің жылу беру маусымы бойынша іс-шараларды дайындау, ұйымдастыру және өткізу. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу. Мекемеге шаруашылық қызмет көрсету жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу және Ленин кенті әкімі аппаратының қалыпты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдайлар жасау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім.

5. «Ленин кенті әкімінің аппараты» ММ-ң бас маманы, E-G-3 санаты (негізгі қызметкердің бала күтуі жөніндегі демалысы кезеңіне 2021 жылғы 6 қарашаға дейін уақытша), 18-1-7.

Функционалдық міндеттері: Кент әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз етілуін мемлекеттік тілде ұйымдастыру. Іс қағаздарын жүргізуге істер номенклатурасын дайындауды және енгізуді ұйымдастыру. Жергілікті қоғамдастықпен жұмысты ұйымдастыру және жүргізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру. Азаматтардың өтініштері бойынша іс жүргізу. Азаматтардың жазбаша және ауызша өтініштерін, шағымдарын есепке алуды, қарауды және орындауды қамтамасыз ету, өтініш берген азаматтардың проблемаларын шешу бойынша тапсырмаларды орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________

________            ____________________________________

  (қолы)              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Прочитано: 325 раз