ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

МОЙЫЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ Е.Қ. ҚАЛИЕВТІҢ ЕСЕПТІ БАЯНДАМАСЫНЫҢ ТЕЗИСТЕРІ

2018-01-18 16:43:22 2017 жылғы ауыл окургтері әкімдерінің есеп беру кездесулері

Мойылды ауылында 2017 жылдың 1 қаңтарына 1363 адам,  оның ішінде зейнеткерлер – 114 адам, еңбекке жарамды – 748 адам.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Жеке қосалқы шаруашылығындағы мал және құстар саны - 1965.

ІҚМ- 392 бас (2015 ж. – 365 бас) , оның ішінде сиырлар – 184 бас (2015 ж. -158 бас)

ҰҚМ – 797 бас (2015 ж. - 793 бас)

Жылқылар – 103 бас (2015 ж. -107 бас)

Құстар – 701 дана (2015 ж – 700 дана)

2016 жылы  ІҚМ саны 7,4 пайызға  (27 бас) артты.

Ауыл аумағында мал шаруашылық бағыттағы бес ауылшаруашылық құрылымдары «Ай-Агро» ЖШС, «Тимур» ШҚ, «Тулеуов» ШҚ, «Айлана» ЖК, «Байтурсын» ЖК  жұмыс істейді.

2017 жылдың 1 қаңтарына «Ай-Агро» ЖШС-нің мал саны.

ІҚМ – 405, оның ішінде сиырлар – 205 бас.

Жылқылар – 75 бас.

Ауыл аумағында ауылдың 27 % тұрғындарын жұмыспен қамтамасыз еткен 1 орта бизнес объекті «Мойылды Шипажайы» АҚ жұмыс істейді.

 «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 4 жоба іске асырылды («Асалдинов» ЖК – «Құрылыс материалдарын шығару» жобасы, «Мариям» ЖК –мал шаруашылығын дамыту жобасы, ІҚМ, «Гүлім» ЖК - мал шаруашылығын дамыту, ІҚМ жобасы, «Айлана» ЖК – мал соятын орнын салу жобасы ). «Мойылды Шипажайы» АҚ-да жаңа кір жуу цехының құрылысы, асхананы қайта құру және Шипажай аумағын көріктендіру жұмыстары аяқталды.

Мойылды ауылында 5 азық түлік дүкендері жұмыс істейді, олардың екеуі 2016 жылы өз қаражат есебінен ашылды «Найзабеков» ЖК -3 млн. теңге және «Тимур» ЖК   5 млн. теңге.

 Қазіргі кезде  ет және азық түлік  бөлімдері ашылуы жоспарланған, «Ина» ЖК дүкенін қайта жаңарту жұмыстары жүргізілуде.

САЛЫҚ ЖИНАУ, ЖЕРГІЛІКТІ САЛЫҚТЫҢ  КІРІС БӨЛІГІН ҰЛҒАЙТУ.

2016 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша жергілікті өзін-өзі басқару  Бақылау шотына 2686,0 мың теңге көлемінде қаражат түсті, оның ішінде:

-      елді мекеннің  меншік салығы- 330,3 мың теңге;

-      елді мекеннің  жер салығы- 51,4 мың теңге;

-      елді мекеннің  көлік салығы- 886,7 мың теңге;

-      елді мекеннің  жеке табыс  салығы-724,0 мың теңге.

Өткен жылдардың қарыздарын қайтару есебі арқылы жоспарланған салық жинау 1094,0 мың теңге, нақты жинау 2686,0 мың теңгені құрады.

«Мойылды ауылы әкімінің аппараты» ММ-сі жергілікті өзін-өзі басқару  Бақылау шотына ақшалай қаражаттың түсуін арттыру мақсатымен келесі жұмыстар атқарады:

- салықтың барлық түрлері бойынша салық төлеушілер тізімдерін ай сайын Салық комитетімен салыстыру және нақтылау;

- азаматтарға ескертулерді табыстау;

         - салық бойынша қарыздар азаматтарды (Салық басқармасынан тізім) табу ; ауылды абаттандыру бойынша айыппұлдар қолдану бойынша жұмысты жандандырлды;
            - жаңа кәсіпкерлік объектілерін ашу және тарту бойынша жұмыс.
            2016 жылға Мойылды ауылының учаскелік инспекторымен тұрғындарға 82 ескерту, оның ішінде  аббаттандыру ережелерін бұзу бойынша 7 әкімшілік айыппұл. Айыппұл соммалары бюджетке жіберілді.

КӨРІКТЕНДІРУ 

«Елді мекендердің автомобиль жолдарын қамтамасыз ету» бағдарламасы бойынша 892,0 мың теңге бөлінді.

Іс-шаралар өткізілді:

- жолдарды грейдермен тегістеуді жүргізу (жол төсемін көлденеңін дұрыс түсіру) -120,0 мың теңге;

- қыс кезінде жолдарды күту -484,6 мың теңге  (автогрейдермен жүру жолдарды қардан тазалау -260 км өтетін жер);

- шұнқыр жөндеу жұмыстары -287,4 мың теңге.

2016 жылы  «Бағдарлама шегінде аумақтарды экономикалық дамытуға көмек көрсету шараларын іске асыру» бағдарламасы бойынша 1500,0 мың теңге бөлінді. Жүргізілген іс-шаралар:

- съездер құрылысы - 8 дана(су ағатын құбырларын орналастыру);

         - Парковая көшесі бойынша жолдың ағымдағы жөндеуі.

        «Жұмыспен қамту Жол картасы-2020» бағдарламасы шегінде Центральная көшесіндегі саябақтарға ұзындығы - 420 м,  биіктігі -        70 см қоршау орнатылды. Бөлінген сомма – 310,0 мың теңгені құрады.

Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару  Бақылау шоты есебінен келесі жұмыстар атқарылды:

- Парковая көшесі бойынша көше жарығы орнату – 649,6 мың теңге;

- Ауылдың жасыл қорын қарау үшін  аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыларды жұмысқа тарту -150,0 мың теңге;

- балалар алаңдарын жөндеу – 180,0 мың теңге;

- Тракторға бөлшектер сатып алу, ЖЖМ және еңбекақы төлемі – 692, 8 мың теңге

ҚҰРЫЛЫС

«Павлодар қаласының құрылыс бөлімі» ММ-мен ветеринарлық пунктінің, мал қорымының, мәдениет үйінің, дене шынықтыру- сауықтыру кешенінің құрылысына жобалық - сметалық құжаттама әзірленді.

Әкімдік ғимаратының құрылысына ЖСҚ дайындау үшін 2017 жылға қалалық бюджеттен қаражат бөлуге бюджеттік тапсырыс жасалды.

Жер асты су бастаулары бойынша Мойылды ауылын сумен қамтамасыз ету желісінің құрылысына  ЖСҚ дайындау туралы шешім қабылданды, бұл жоба 2016-2017 жылғы ауылдық  іздеу және зерттеу жұмыстарыны жөніндегі тізімге енгізілген. Өткізілген су қоры зерттеулік конкурстың қорытындысы бойынша «Павлодаргидрогеология» ЖШС тандалған. Іздеу және зерттеу жұмыстары 2017 жылға көзделген.

ЖЕР ҚАТНАСТАРЫ

Жер телімдерін беру мәселелері бойынша ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Мойылды ауылында жеке тұрғын үй құрылысына  жер телімін алуға арнайы есепке қойылған азаматтар тізімі екі тілде «Тұрғын үй бағдарламасы» бөлімінде «Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайты» интернет- ресурсінде орналастырылған.

01.01.2017 жағдайы бойынша әдейі есепте жеке тұрғын үй құрылысына  жер телімін алуға тұрған азаматтар тізімінде 302 адам бар.

ТРАНСПОРТ

Мойылды ауылында жолаушылар тасымалы «№ 1 Автобус паркі» ЖШС-нің № 66 маршрутымен жүзеге асырылады, күніне 10 рет 1,5 сағат аралығымен жүреді.

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлерімен әлеуметтік төмен деңгейлі тұрғындарға көмек көрсету үшін аз қамтамасыз етілген азаматтардың, көп балалы аналар, жалғыз тұратын зейнеткерлер және жұмыссыздар есебі  жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламаларда соның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», «Бизнес жол картасы -2020», «Сыбаға» бағдарламамалы бойынша қатысуға түсіндірулер жүргізіледі.

2016 жылы әлеуметтік мекенжай  көмегін  113,609 мың теңге көлемінде бір отбасы, балалар жәрдемақысы 3 отбасыға 326, 031 мың теңге көлемінде төленді. 356,328 мың теңге сомасына №38 ЖНМ–нің және денсаулық сақтау қызметкерлеріне 28 адамға  қатты отын сатып алуға өтемақы төленді.

2016 жылы 23 азаматқа жұмыспен қамтамасыз етуге көмек көрсетілді, оның ішінде тұрақты орынға  20 адам орналастырылған және  3 адамға уақытша жұмыс берілген.

БІЛІМ БЕРУ

Ауылдың білім беру жүйесінің басты басымдығы сапалы білім беру. 2016-2017 оқу жылының № 38 жалпы негізгі білім беру мектебінде 155 оқушы оқытылады. Мектептің педагогикалық ұжымы 27 мұғалімді құрайды, оның ішінде жоғары білімі бар 26 мұғалім. 

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. 1 компьютерлік класс және жабдықталған 17 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 10. Мектептің ішінде 6 бейнебақылау камералары орнатылған.

Жаппай оқу қоры мен мектеп асханасын жалдаушылар есебінен мектепте 21 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған.

2016 жылы 12 оқушы жалпы негізгі білім алып, өздерінің оқуын Павлодар қаласында мектептер мен колледждерде жалғастыруда.

         Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектеп олимпиадаларына қатысты. Мысалы, № 38 жалпы негізгі білім беру мектеп оқушысы Ахменова Адия қалалық пәндік олимпиадада орыс тілі пәнінен 1-ші орын алды,  Амантай Айгүл жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиадада 1-ші орын алды, Иконников Александр қалалық олимпиадада математика пәнінен  1-орын алды.

Сонымен қатар, № 38 ЖНБМ оқушылары жыл сайын қалалық шығармашылық «Балауса» фестиваліне қатысады.

      «Мектепке жол» республикалық акция  шегінде  25 оқушыға ауыл кәсіпкерлері  киім-кешек, кеңсе тауарларын, аяқ киім сатып алуға 270785 мың теңге көмек берді.

       2015 жылдан бастап 44 адам штат санымен 2-ден 5 ке дейін жас аралығындағы оқу және мектепке дейінгі тәрбие саласында жұмыс жасайтын 120 орынға арналған «Мойылды ауылының № 47 сәбилер балабақша» МҚКК бар. Тәрбие беру тілі- қазақ тілі. Топтар саны -6 (1 топ ерте мектепке дейінгі жас, 5 топтар мектепке дейінгі жас)

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ:

Мойылды ауылында фельдшерлік- акушерлік пункті медициналық қызмет  көрсетеді.

Медперсонал 1 фельдшер және 1 санитардан тұрады. Фельдшер күн сайын жаңа туған сәбилер, бір жасқа толмаған балаларды кесте бойынша, науқас адамдардың үйін аралайды, күніне 10 адамға дейін жүгінеді.

Медициналық қызметінің бір бөлігі  Павлодар қаласы №3 емханасы дәрігерлерінің келуімен байланысты.

Ауруларды алдын алу мәселелеріне ерекше назар бөлінеді.

Қан қысымының артуы, онко және туб науқастарына диспансерлік бақылау жүргізіледі.

2016 жылы ауылда ана және бала өлімі тіркелмеген. 2016 жылы жаңа туған балалар саны 24-адам (2015 жылы - 32 адам).

Ауыл аумағында республикалық маңызы бар шипажайы жұмыс істейді, онда жыл сайын 8000-9000 адамдай ем-шара алып демалады.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

2016 жыл ішінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің             25 –жылдығын мерекелеу шеңберінде ауыл әкімдігі ардагерлер кеңесімен, № 38 ЖНБМ мектебінің қызметкерлерімен, «Мойылды шипажайы» АҚ –мен бірлесіп Мойылды ауыл тұрғындарына  әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Қарттар күні және басқа да мерекелер. Есептік кезенде 1000 адам қатыскан 30-ға жуық мәдени ойын-сауық іс-шаралар өткізілді.

Ауылда кітап қоры 6420 данасын құрайтын, оның ішінде қазақ  тілінде 2977 данасын құрайтын кітапхана бар, тұрақты оқырмандар саны 500 адам (жылына 4000 адам келеді, жыл ішінде 10002  кітап берілді). 2016 жылы жаңа кітаптар 201 данасын түседі.

Жастарға және олардың ауыл өміріне қатысуына үлкен назар бөлінеді. 2016 жылы ауыл спортшылары қалалық спорт жарыстарына бірнеше рет қатысып жүлделі орындарға ие болды. Сонымен қатар, Мойылды ауылына шақырылған Павлодар қаласы және басқа  ауылдық елді мекендердің командаларымен шағын-футбол және волейбол жарыстар өткізілді. Ауылда 2014 жылдан бастап жасанды жабындымен жабылған шағын футбол алаңы бар. Есепті кезенде 500 адам қатысқан 20 спорттық іс- шаралар өткізілді. Қысқы кезенде 8       іс- шара өткізілді.

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ КҮШЕЙТУ

        Ауылда әкімшілік аумақтағы заң бұзушылықты болдырмау және алдын алу - басты мақсаттары болып табылатын учаскелік инспектор жұмыс істейді.

       Жыл сайын ауыл тұрғындарының жиналыстарында және тоқсан сайын есеп кездесулерінде полиция учаскелік инспекторымен бейсауат мал және аумақты көркейту, жеке меншікті қорғау бойынша шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарымен көріктендіру тәртібін сақтау бойынша тексеріс  рейдтерін өткізу тәжірибелеуде. 2016 жылы учаскелік инспектормен  КоАП 505 бабы бойынша 505 әкімшілік хаттамалар жасалды.

Есепті кезең аралығында ауылда қылмыс деңгейі азайуы байқалуда, мал ұрлау фактілері жоқ.

Төтенше жағдайларға уақытылы әрекет ету және алдын алу үшін 8 адамнан тұратын ерікті өрт құралымы бар. 3 кубты прицеп емкості, мотопомпа және басқа да өртке қарсы құрал-жабдықтар бар.

 ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕС

Қазақстан Республикасының 2015 - 2025 жылдарға арналған  жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы тұру бойынша 2015-2017 жылдарға арналған  іс –шараларды орындау шегінде  «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде келесі жұмыстар атқарады: жүргізетін  құқықтық жалпы оқу  мектебі құрылды, оқу жоспары жасалып бекітілген.

Құқықтық жалпы оқу бойынша әкімдік мамандарымен  әр –түрлі халық санаттарымен «Даму» кәсіпкерлік дамыту қоры өкілдерінің,  «Бизнес жол картасы -2020» бағдарламасы, «Жұмыспен қамту -2020» бағдарламасы өкілдерінің қатысуымен  жүйелі түрде семинарлар өткізіледі,  Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіру және жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбы жайлы шағын және орта бизнес  кәсіпкерлерімен кездесулер өткізіледі,  Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығының басты бағыттары бойынша, қолданыстағы жемқорлыққа қарсы заңнама, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша  «дөңгелек үстелдер» өткізілді,  Қазақстан Республикасының Конституциясы, Еңбек кодексі, Жемқорлыққа қарсы күрес  туралы сияқты заңдарын  қамтитын оқулар жүргізілді.

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАБЫЛДАУ

         2016 жылдың 21 қаңтарында  Мойылды ауылы әкімінің есептік кездесуінде берілген 1 ескерту және ұсыныс болды, әзірленген  іс- шаралар жоспарына сәйкес бақылауға алынып іске асырылды.

2016 жылы Мойылды ауылы әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 113 өтініш келіп түсті, оның 15 ауызша өтініш.

Өтініштердің көп бөлігі жер телімдеріне құқық орнату мәселелері мен тұрғын үй  коммуналдық мәселелер туралы. Барлық өтініштер Заң бойынша орнатылған мерзімде қаралды, өтініш иелеріне сәйкес түсіндірулер берілді.

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУЛЕР

 «Мойылды ауылы әкімінің аппараты» ММ «Жеке қосалқы шаруашылығы бары жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін атқарады. 2016 жылы 99 қызмет жасалды.