ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-09-09 09:17:02 Қала жаңалықтары
ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Павлодар қаласының әкімдігі атынан «Павлодар қаласының қаржы бөлімі» ММ  «Нұрлы жер» бағдарламасының  «Бәйтерек девелопмент» АҚ бағыты бойынша Павлодар қаласы,

- Н.Назарбаев даңғылы, 233 мекенжайындағы 11 пәтер,

соның ішінде: 1 бөлмелі  – 1, 2 бөлмелі – 8, 3 бөлмелі – 2 пәтер;

- Малайсары батыр көшесіндегі, 53-55 мекенжайында 46 пәтер, соның ішінде: 1 бөлмелі  – 4, 2 бөлмелі – 15, 3 бөлмелі – 27 пәтер сатып алу жолымен  берілетін жалдамалы  тұрғын жайға өтініштер қабылдайтынын хабарлайды.

Жалдамалы тұрғын жай  ЖАО кезекте  тұрған мына санаттағы  азаматтарға беріледі:

- көпбалалы отбасылар;

- толық емес отбасылар;

- мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;

- жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

- оралмандар;

-1 және 2-топтағы мүгедектер;

- мемлекеттік қызметшілер;

- әскери қызметшілер;

- бюджеттік ұйымдардың азаматтары. 

Жалдамалы үй алудан үміткерлер  келесі құжаттарды ұсынады: 
1) өтініш;

2) өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктерінің көшірмелері;

3) некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың тууы туралы (қажеттілігіне қарай) куәліктердің көшірмелері;

4) өтініш берушінің заңды некеде жоқтығы туралы оның ішінде тұл жесір немесе ажырасқандарға нотариялды куәләндырылған өтініші (түп нұсқасын);

5) өтініш иесінің және оның отбасы мүшелерінің тиісті елді мекенде тұратынын растайтын анықтама;

6) өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде Қазақстан Республикасы бойынша меншік құқығында оларға тиесілі тұрғын үйдің жоқ немесе бар екендігі туралы анықтама;

7)жылжымайтын мүлікке тіркелген  құқықтар және оның сипаттамалары  туралы анықтама ( үлестің болуы, саман және қамыс үйлердің, жатақханада бөлменің болуы) және  осы жағдайларда құқықтық  туындайтынын  рас-тайтын құжаттар;  

8) Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімі;

9) соңғы 12 ай ішіндегі еңбек ақы туралы мәлімет (халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтары – жәрдем ақы, зейнет ақы  т.б., мемілекеттік қызметкер, әскери қызметкер, бюджеттік ұйымдардың жұмыскерлері – жалақысы тұралы анықтама)

10)тұрғын үйді өз қаражатына немесе қарыз қаражаты есебінде сатып алуға дайындығы туралы өтініш.

11) қай санатқа жататындығын растайтын құжат ( толық емес отбасылар – некені бұзу туралы куәлік, әкелікті белгілеу, анасының сөзінен жазылған  анықтама, мүгедек балалары бар немесе мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар- мүгедектік туралы анықтама; мемлекеттік қызметшілер, *әскери қызметшілер, бюджеттік ұйымдардық қызметкерлері – жұмыс орнынан анықтама; оралмандар –оралман куәлігі).

*Егер өтініш беруші және / немесе оның жұбайы (зайыбы): әскери қызметшілердің (мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерден басқа), арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлерінің, сондай-ақ арнаулы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған және "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылған адамдардың санаттарына», қоғам өтініш берушінің және/немесе оның жұбайының жалпы орта кірісін есептеуді ЖАО қоғамға ұсынатын төмендегі құжаттардың негізінде жүзеге асырады:

– ұйым басшысының немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған жұмыс орнынан анықтаманың түпнұсқасы;

– ұйымның Бас бухгалтері немесе оны алмастыратын тұлғаның қолы қойылған, ұйымның мөрімен расталған төлем тәсілі көрсетілген (екінші деңгейдегі банк арқылы немесе Касса арқылы) соңғы 6 айдағы жалақы туралы анықтаманың түпнұсқасы;

– көшірме карточкалық шот туралы екінші деңгейдегі банктің көлемінде еңбекақысы соңғы 6 ай үшін (болған жағдайда) еңбекақы төлеу екінші деңгейдегі банк арқылы);

ЖАО көрсетілген құжаттарды төменде келтірілген нысанға сәйкес тізімдеме қоса бере отырып, қоғамға жібереді.

Бұл ретте, егер өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) құжаттары жіберілген жағдайда, оларға қосымша өтініш берушінің жұбайының (зайыбының) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және неке туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі.

Өтініштер 2019 жылғы 9 қыркүйектен бастап 13 қыркүйекті қоса алғанда дүйсенбі-жұма күндері  сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін қабылданады. Түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: сенбі, жексенбі. Мекенжай:  Павлодар қаласы,  Кривенко к-сі, 25, 13 терезе.

Прочитано: 404 раз