ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ ТӨМЕНГІ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА ЖАЛПЫ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-09-09 09:59:33 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

«E-4», «E-R-4» санаттары үшін: жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.  Жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

     «E-4»

100767

136426

«E-R-4»

95245

128834

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8(7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы төменгі бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары орнына орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. «Павлодар қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі персоналды басқару қызметінің бас маманы, «E-4» санаты.

Функционалдық міндеттері: Қаланың, облыс әкімдерінің Құрмет грамоталарымен және қосымша сыйлықпен марапаттау жұмысын өткізу (өкімдерді, грамотаға құттықтау хаттарын, алғыс хаттарды, мадақтамаға мәтіндерін дайындау); облыс және қала басшылығының, атқарушы органдардың және аппараттың жауапты қызметшілерінің туған күндерінің тізімдерін дайындау; қаланың атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілерінің кадрлық жұмысын жүргізу; тәлімгерлік бойынша жұмысты жүзеге асыру. Басшының тапсырмасы  бойынша біржолғы сипаттағы жұмысты орындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: әскери ісі және қауіпсіздік (ақпараттық қауіпсіздік жүйелері); білім (құқық және экономика негіздері және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті* және/немесе шетел тілі және/немесе тарих және/немесе математика және/немесе информатика және/немесе география және/немесе мектепке дейінгі оқу және тәрбие беру және/немесе алғашқы әскери дайындық және/немесе дефектология және/немесе бейнелеу өнері және сызу және/немесе қазақ тілі мен әдебиеті және/немесе химия және/немесе өсімдіктану және/немесе шет тілі: екі шет тілдер және/немесе казахская филология  және/немесе білім (бейнелеу өнері және сызу) және/немесе білім (орыс тілі және әдебиеті) және/немесе білім (Қазақ тілі және әдебиеті)); қызметтер (бағалау); гуманитарлық ғылымдары (халықаралық қатынастар және/немесе тарих және/немесе аударма іс); құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе математика және/немесе информатика және/немесе география және/немесе математика-Физика және/немесе математика-Информатика және/немесе физика); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

2. «Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұрғын үй қорын тексеру және мониторинг секторының бас маманы,  «E-R-4» санаты.

Функционалдық міндеттері: Өз құзыреттілігі шегінде азаматтар шағымдарын, өтініштерін қарастырады. Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес кондоминиум объектілерін басқарудың барлық нысандарына тексеріс жүргізеді. Іс қағаздар құжаттамаларын электронды түрде тіркеу, есепке алу, сақтау және тиісті құрылымдық бөлімшелерге тапсыру, тіркеу-бақылау карточкаларын рәсімдеу және өтінішті орындау үшін сектор бойынша орындаушыларға жіберу, сонымен қатар  кіріс және шығыс хат-хабарларды, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (жылу энергетикасы және/немесе электр энергетикасы және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе строительство и эксплуатация зданий и сооружений, производство строительных изделий и конструкций және/немесе производство, монтаж, эксплуатация и ремонт (по отраслям) және/немесе құрылыс және коммуналдық шаруашылық (құрылыс ғимаратының құрылысы және пайдаланылуы) және/немесе автоматтандыру инженері және/немесе электрмен жабдықтау және электрификация және/немесе инженер және/немесе жылу техникалық  жабдықтару мен жылу техникалық жүйесін пайдалану және/немесе техника және технология және/немесе өнеркәсіптік кәсіпорындарды электр-жабдықтау және/немесе құрылыс); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару).

3. «Павлодар қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі көгалдандыру және көріктендіру секторының бас маманы,  «E-R-4» санаты.

Функционалдық міндеттері: Павлодар қаласын көгалдандыру бойынша бағдарламалар, жоспарлар, іс-шаралар жасауға қатысу. Жалпы қалалық сенбіліктерді өткізуді ұйымдастыру. Қала парктері мен саябақтарын ағымдағы жөндеу және санитарлық ұстау бойынша, кварталішілік аумақтарды және жалпы пайдаланудағы жерлерді қоқыстан, өсімдік қалдықтарынан және ірі көлемді қалдықтардан санитарлық тазалау бойынша бақылауды жүзеге асыру. Павлодар қаласы Зеленстрой және Жаңаауыл кенттерінің жеке секторын бақылауды жүзеге асыру (жауапты өкіл). Азаматтардың (жеке және заңды тұлғалардың) өтініштері бойынша жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (биотехнология және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе ағаш өңдеу  және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша) және/немесе қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша)); ауыл шаруашылық ғылымдары (орман ресурстары және орман шаруашылығы және/немесе орман-инженерлiк iс және/немесе орман шаруашылық ісі); жаратылыстану ғылымдары (өсімдіктану және/немесе экология); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (дизайн).

4. «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспарлау-техникалық секторының бас маманы,  «E-R-4» санаты (ПТС-4).

Функционалдық міндеттері: Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнаманы, құрылыстың қалалық ережелерін сақтаумен, бекітілген қала құрылысы құжаттамасына сәйкес құрылыс жобаларының іске асырылуын реттеу.  Павлодар қаласында және қаланың ауылдық зонасында құрылыс, орналастыру және қызмет көрсету үшін жер телімдерін рәсімдеу (жер телімін таңдау схемаларын дайындауға өтініштер беру, елді-мекен бөлігінде жер телімін таңдау актісін ұсынуға «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өтініштерді беру, ЖКЖ (жер-кадастрлық жоспарды) жасауға өтініш беру және Павлодар қаласы Әкімдігінің қаулысын бекіту үшін қажетті материалдарды тапсыру). Инженерлік желілерге құрылыс объектілерін қосуға техникалық шарттарды алуға өтініштерді беру (су жабдықтау, кәріз, жылу жабдықтау, электр жабдықтау, телефондау). Жобалар бойынша сәулет жоспарлық тапсырмаларды алуға «Павлодар қаласы сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ өтініштерді дайындау және жолдау. Жетекшілік етуші бағыт бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс.  Жобалау-сметалық құжаттамада өзгерістерді келісімдеу мәселесін қарау бойынша (объектілердің құрылысы барысында) жобалық ұйымдардың мекен жайына жазбахаттарды жолдау.  Объектілердің құрылысына түсетін, жасыл екпелерді бұзуға рұқсат алуға «Павлодар қаласы ТКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ өтініштерді жолдау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім,   орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе маркшейдер ісі және/немесе машина жасау және/немесе металлургия және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (сәулет).

5. «Павлодар қаласы құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі жоспарлау-техникалық секторының бас маманы,  «E-R-4» санаты (ПТС-5).

Функционалдық міндеттері: Электр кабелінің, жылу жабдықтаудың, телефондаудың, су жабдықтаудың және кәріздің жоспарланудағы трассасымен аумақтаң кадастрлық жоспарларын дайындауға «Градкадастр» РМК жазбахат өтініштерлді жолдау (құрылыс объектісіне байланысты). Жобалауға тапсырмаларды құрау, оларды жобалардың бас инженерлерімен келісімдеу. Мемлекеттік ведомствадан тыс сараптаманың, жеке сараптаманың қаралуына жолдау үшін жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау. Құрылыс жобалары бойынша кешенді ведомствадан тыс сараптаманы өткізу үшін Бірыңғай порталда жұмыс (порталға жобалау-сметалық құжаттаманы жүктеу, жобалар бойынша ағымдағы жағдайды тексеру).  Коммуналдық және қолданыстағы ұйымдармен жобаласметалық құжаттаманы келісімдеу.  Жетекшілік етуші бағыт бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерімен жұмыс.           

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім: техникалық ғылымдары мен технологиялар (құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру және/немесе құрылыс және/немесе көлік, көліктік техника және технологиялар және/немесе стандарттау  және сертификаттау (салалар бойынша) және/немесе маркшейдер ісі және/немесе машина жасау және/немесе металлургия және/немесе өнеркәсіптік, азаматтық құрылыс және қала шаруашылығы); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (экономика және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе жобаны басқару); өнер (сәулет).

6. «Павлодар қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, «E-R-4» санаты (негізгі қызметкердің бала күту демалысы кезеңіне 2021 жылғы 30 қыркүйекке дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Ерлі зайыптылардың екі жақтылық келісімімен  және сот шешімі бойынша некені бұзу құжаттарын рәсімдеу;  қайтыс болуды тіркеу сұрақтарын қарастыру бойынша азаматтарды қабылдау.  Елтаңбалы бланкілерінің; актілік жазбаларының дұрыс толтырылу; некені бұзу бойынша куәліктерді беру, бланкілер шығысын тіркеу кітабына, қайтыс болуы туралы куәліктердің сақталуына жауап беру. Павлодар қаласың әкімі аппаратына, төлем орталығына, әскери комиссариатқа, көші-қон бөліміне қайтыс болғандардың тізімдерін ай сайынғы дайындау. Қажет болған жағдайда, өзара алмасу тәртібінде басқа бас мамандардың функционалдық міндеттерін орындау. 

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім:  (әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша; құқықтық саласындағы).

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтк тізімі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі. «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған  немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылғы 11 маусымда №11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 5), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі. Бұл ретте, персоналды басқару қызметі құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

Егер азамат еңбек қызметін жүзеге асырмаған және конкурс жарияланған бос лауазым бойынша жұмыс өтілі талап етілмейтін жағдайларда, еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсыну талап етілмейді. стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну комиссиясының оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды 7 жұмыс күні күні ішінде   жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап тапсырылуы тиіс.

Жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткiзетiн мемлекеттiк органға құжаттарын қолма-қол тәртіпте, почта арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына электронды түрде не «Е-gov» электронды үкімет порталы арқылы құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімі аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлғалар әңгімелесу басталуына бір жұмыс күні қалғанға дейін кешіктірмей персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар персоналды басқару қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшы тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылардың қатыстырылуына жол беріледі. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға орналасуға үміткерлерге арналған тестілеу бағдарламасы «E-4», «E-R-4» санаттары үшін: Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін білуге арналған тест (20 сұрақ), ұзақтығы 20 минут; Қазақстан Республикасының Конституциясын (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» (15 сұрақ), «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» (15 сұрақ), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» (15 сұрақ), «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» (15 сұрақ), «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (15 сұрақ) Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын) (10 сұрақ) бiлуге арналған тестілер.

Осы бағдарлама бойынша тестілеуді өту мәндері барлық нормативтік құқықтық актілер бойынша сұрақтардың жалпы санынан (100 сұрақ) кем дегенде 50 дұрыс жауапты және әрбір нормативтік құқықтық актілер бойынша кем дегенде 5 дұрыс жауапты құрайды. Осы бағдарлама бойынша Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге арналған тестілерді орындау үшін жалпы уақыт 85 минутті құрайды.

«Б» корпусының лауазымына үміткерлердің жеке қасиеттерін бағалауға арналған тестілеу бағдарламасы «E-4», «E-R-4» санаттары үшін: стресске орнықтылық (10 тапсырма), бастамашылдық (10 тапсырма), жауапкершілік  (10 тапсырма), қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану (10 тапсырма), адалдық (10 тапсырма), өздігінен даму (10 тапсырма), жеделділік (10 тапсырма), ынтымақтастық және әрекеттестік (10 тапсырма), қызметті басқару (10 тапсырма), шешім қабылдау (10 тапсырма), көшбасшылық (10 тапсырма), стратегиялық ойлану (10 тапсырма), өзгерістерді басқару (10 тапсырма) деңгейін анықтауға арналған тапсырмалардан тұрады.

Тестілеу сондай-ақ растық деңгейін анықтауға арналған сұрақтарды қамтиды.

Жеке қасиеттерді бағалауға арналған тестілеуді өту мәні растық деңгейі бойынша кем дегенде 50% құрайды. Тесттерді орындау үшін жалпы уақыт 100 минутты құрайды.

Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

Нысан 
__________________________
(мемлекеттік орган)   

 

Өтініш

Мені_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға конкурс өткізу және конкурс комиссиясын
қалыптастыру қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Мекен жайы және байланыс телефоны______________________________
_____________________________________________________________________

________                               ______________________________
  қолы                                    (Т.А.Ә. (болған жағдайда)

«___»_______________ 20 __ ж.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына  
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы

                                                   Нысан                                                                           

«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»


_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)

 

 

ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ

1.

1.Туған күні және жері/
Дата и место рождения

 

2.

2. Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)

 

3.

3. Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения

 

4.

4. Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)

 

 

5.

5. Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками

 

 

6.

6. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)

 

7.

7. Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)

 

 

8.

8. Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
 

 

9.

9. Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады) /

Дата и результаты оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)

 

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ

Күні/Дата

Қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері
/должность, место работы, местонахождение  организации

қабыл-
данған/
приема

босатылған/
увольнения

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
_______________
күні/дата

Прочитано: 48 раз