ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-09-12 15:23:46 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

«E-3», «E-R-3» санаттары үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: «E-R-3» санаты үшін:

1) мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;

3) Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі бір жарым жылдан кем емес;

4) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

5) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

6) ғылыми дәрежесінің бар болуы.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

       «E-3»

112712

152035

«E-R-3»

106288

142886

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар орнына орналасуға барлық мемлекеттік  органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. «Павлодар қаласы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік құқықтық бөлімінің басшысы, E-3 санаты.

Функционалдық міндеттері: Бөлімге жалпы басқаруды жүзеге асыру, бөлім қызметкерлері арасында  міндеттерді бөлу. Қала әкімінің, әкімдігінің   өкілеттіктерін іске асыру кезінде  құқықтық негізді қамтамасыз ету. Қала әкімі мен әкімдігінің мүдделерін соттарда және өзге мемлекеттік органдарда, ұйымдар мен мекемелерде ұсыну. Бөлім жетекшілік ететін мәселелер бойынша прокуратура, құқық қорғау және өзге де органдармен өзара  іс-әрекетті жүзеге асыру. Құқық түсіндіру жұмысын және құқықтық насихат бойынша, қала әкімінің аппаратында құқықтық жаппай оқыту бойынша жұмысты жүргізу. Қала  әкімі  мен  әкімдігінің, әкім  аппаратының құқықтық  және нормативтік-құқықтық актілеріне құқықтық сараптаманы жүзеге асыру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: құқық (халықаралық құқық және/немесе құқықтану және/немесе құқық қорғау қызмет және/немесе құқық және/немесе азаматтық құқық); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару)

2. «Павлодар қаласы қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қала инженерлік–техникалық коммуникациялармен жұмыс жөніндегі секторының меңгерушісі, E-R-3 санаты.

Функционалдық міндеттері:  Инженерлік-техникалық коммуникацияларға қатысты  су-құбыры-канализация желілері мен басқа мүлікті коммуналдық меншікке қабылдау үшін қалулылар жобаларын келісу. Желілердің техникалық жағдайларын зерттеуге қатысу. Қаланың коммуналыдық меншігіндегі жылу-су-электр қуатымен жабдықтау объектілерін есепке алуын бақылау. Сенімгерлік басқару және мүлікті жалға алу келісімдер шарттарының орындалуын бақылау. Инженерлік инфрақұрылым объектілеріне құқық белгілейтін құжаттарын ресімдеу. Инженерлік инфрақұрылым объектілеріне конкурстық құжаттар (техникалық ерекшеліктер) дайындауын, әзірлеуін бақылауды жүзеге асыру. Сенімгерлік басқару және мүліктік жалға алу келісім-шарттар жобаларын келісу. Белгіленген мерзімде есептілікті тапсыруын қамтамасыз ету. Тапсырмалардың орындалуын, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауын бақылау   

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: заң (заң); әлеуметтік ғылымдары, экономика және бизнес (менеджмент және/немесе қаржы және/немесе мемлекеттік және жергілікті басқару және/немесе статистика және/немесе есеп және аудит және/немесе экономика және/немесе маркетинг және/немесе әлемдік экономика және/немесе жобаны басқару); жаратылыстану ғылымдары (математика).

3. «Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі тұтынушы рыногін үйлестіру және ауыл шаруашылық секторының меңгерушісі E-R-3 санаты (негізгі қызметкердің бала күту жөніндегі демалысы кезеңіне 2020 жылдың 20 мамырына дейін уақытша).

Функционалдық міндеттері: Негізгі азық-түлік тауарларына бағаларды тұрақтандыру жөнінде аумақтық бағдарлама іске асыру. Павлодар қаласы сауда нарықтары қызметінің талдауы және мониторингі. Маңызды азық-түлік тауарлардың бағалық жағдайларының талдауы және болжамы (күн сайынғы баға мониторингі). Тауар топтар шамасында негізгі өнімдермен халықты қамтамасыздық ету есебі, жергілікті өндірісінің, сауда нарығының талдауы. Павлодар қаласы инфрақұрылымының дамуы жөнінде бағдарламаларды әзірлеу. Қала базарларында ауылшаруашылық жәрмеңкелерін ұйымдастыру және өткізу.  Павлодар қаласында стихиялық сауданы тәртіпке салу қызметін үйлестіру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: білім саласындағы, техникалық ғылымдар және технологиялар саласындағы, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы: экономика, менеджмент, есеп және аудит, қаржы, мемлекеттік және жергілікті басқару мамандықтары бойынша; құқық саласындағы; ауыл шаруашылық ғылымдар саласындағы.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.                  

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны_____________________________________________________________________________________

________         ____________________________________

  (қолы)          (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

«___»_______________ 20 __ ж.

Прочитано: 288 раз