ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-09-19 18:09:34 Қала жаңалықтары
«БЖЗҚ» АҚ «АШЫҚ ЕСІК КҮНІНЕ» ШАҚЫРАДЫ

«БЖЗҚ» АҚ Павлодар облыстық филиалы 20 қыркүйекте Павлодар қ., Исиналиев к., 1 мекенжайында таңғы сағат 10:00-де шарасын өткізеді.

«Ашық есік күні» аясында «БЖЗҚ» АҚ филиалдарының мамандары ерікті зейнетақы жарналары бойынша насихаттау жұмысын жүргізеді.

Қор мамандары өз зейнетақы капиталын қалыптастыру маңызы туралы және ерікті зейнетақы жарналарының келешек зейнетақыға әсері туралы айтып береді.

Ниет білдірушілердің барлығы басты күн тәртібі бойынша ғана емес, зейнетақы жүйесінің қызметі мен жеке салымдарға қатысты басқа тақырыптар бойынша да жауап ала алады.

«БЖЗҚ» АҚ өз салымшыларын, алушыларын және ниет білдірушілердің барлығын «Ашық есік күнінде» күтеді!

Прочитано: 514 раз