ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

«Б» КОРПУСЫ БОС МЕМЛЕКЕТТІК ӘКІМШІЛІК ЛАУАЗЫМДАРҒА ОРНАЛАСУҒА БАРЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ІШКІ КОНКУРС ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2019-10-03 00:00:00 «Б» КОРПУСЫНЫҢ БОС ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК ЛАУАЗЫМДАРЫНА ЖАРИЯЛАНҒАН КОНКУРСТАР

Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

«Е-G-3»  санаты үшін: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылғы 13 желтоқсандағы «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарының санаттарына үлгілік біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 85 бұйрығына сәйкес (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2019 жылғы 27 мамырдағы №111 бұйрығын есепке алғанда).

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлану, өзгерістерді басқару.

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

«Е-G-3»

90874

122392

«Павлодар қаласы әкiмiнің аппараты» ММ-сі 140000, Павлодар қ., Қайырбаев көш., 32 үй, 403 кабинет, анықтама үшін телефоны: 8 (7182) 32-28-06; факс: 8 (7182) 32-28-06 электрондық адрес: «kense.ap@pavlodar.gov.kz» «Б» корпусы бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдар орнына орналасуға барлық мемлекеттік  органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:

1. «Ленин кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты (18-1-6).

Функционалдық міндеттері: Құқықтық жұмыс. Кент әкімі аппаратының нормативтік-құқықтық актілері мен құжаттарын әзірлеу, жүргізу және орындау. ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетімен байланысты жүзеге асыру. Құқықтық жалпы оқыту бойынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша іс-шараларды ұйымдастыру. ҚР заңнамасына сәйкес жер қатынастары мәселелері бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

2. Ленин кенті әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, E-G-3 санаты (18-1-9).

Функционалдық міндеттері: Ленин кентінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша жұмыс жүргізу. Жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу. Этномәдени діни бірлестіктермен, жастармен жұмыс жүргізу. Денсаулық сақтау, білім беру және мәдениет мекемелерімен өзара іс-қимыл жасау. Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмыстарды жүргізу. Ленин кенті әкімі аппаратының ресми әлеуметтік желілерін жүргізу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім, орта білімнен кейнгі білім, орта техникалық білім, кәсіби білім. Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға кандидаттардың мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен анықталатын тестілеу бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын білу талаптары; «Қазақстан - 2050»: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы, нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі талаптары.

Ішкі конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар тапсырылады:

1) Осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) Тиісті персоналды басқару қызметімен құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі (3 жұмыс күні), ол ішкі конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;

 Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс өткізетін мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі не "Е-gov" электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Құжаттар электронды түрде мемлекеттік органның электрондық почтасы арқылы берілген жағдайда олардың түпнұсқасы әңгімелесу басталғанға дейін бір сағаттан кешіктірілмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушыларды қатыстыруға жол беріледі. Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда және ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Әңгімелесуге жіберілгендері туралы хабарланған соң үш жұмыс күні ішінде әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны «Павлодар қаласы әкімінің аппараты» ММ-де өтеді.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 53-тармағына сәйкес әңгімелесу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының өтуіне кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қағидаларының 91-тармағына сәйкес Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясымен айқындалған тақырыптар тізімінен бір эссені жазады. Эссе Комисиямен бағаланады. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспау керек.

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 2-қосымшасы

 

 

Нысан

__________________________

 (мемлекеттік орган)

 

Өтініш

     

Мені______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

     

Мекен жайы және байланыс телефоны___________________________________
___________________________________________________________

________              ____________________________________
  (қолы)                 (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

«___»_______________ 20 __ ж.

Прочитано: 173 раз