ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-10-15 10:48:14 Қала жаңалықтары
БИЛЕТ АЛ ДА, ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛ

«Павлодар қаласының трамвай басқармасы» АҚ-да бірнеше ай өткен әлеуметтік акциялардың қорытындысы шығарылды. «БИЛЕТ АЛ ДА, ТЕГІН ЖОЛ ЖҮРУ ҚҰҚЫҒЫНА ИЕ БОЛ» акциясы шілденің 9-ы мен қазанның 9-ы аралығында өтті. Осы акцияны өткізу кезінде 230 жолаушы тегін жол жүру құқығына ие болды. Сондай-ақ, шілденің 10-ы мен қазанның 9-ы аралығында «Бақытты билет ал да, сыйлық ретінде серуендеу трамвайында жол жүру құқығына ие бол» акциясы өтті. 110 бақытты билет сатылды. Егер жолаушының билетінде «төленді» деген мөртабан болса, онда ол алғашқы акцияның жеңімпазы атанып, оған жол жүру ақысы қайтарылды. Егер жолаушының билетінде «трамвай» бейнеленген мөртабан болса, онда ол екінші акцияның жеңімпазы атанды.

Осы жылдың 1 қазанынан 31 желтоқсанына дейін трамвай жолаушылары келесі айға тегін жол жүру билетін ұтып ала алады. «Сәтті билет» акциясының шарттары оңай — егер билеттің нөмірінде барлық 6 сан бірдей болса, мәселен «999999», онда ол бақытты билет. Трамвай басқармасының маркетинг бөліміне 33-38-38 телефон нөмірі бойынша хабарласып оны жол жүру билетіне ауыстыруға болады.

Сонымен қатар, қыркүйек айының қорытындысы бойынша 6 үздік кондуктор сыйақымен марапатталды. Олардың пайдасы жоспардан асып түскен. Оларға ақшалай сыйақылар, алғыс хаттар және демеуші болған Павлодар ауылының «Smart com» ұялы байланыс бөлімінің сыйлықтары табыс етілді (блютуз наушниктер және арнайы жүлде Караоке микрофон).