ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-10-18 00:00:00 Хабарландыру
ХАБАРЛАНДЫРУ

Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы «Павлодар қаласының көшелерін қайта атау бойынша материалдарды Павлодар қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» 1376/3 қаулысына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі, қала құрылысы және экология жөніндегі Павлодар қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларымен Димитров, 1 Май, Карл Маркс, Киров, Короленко, Ж. Аймауытов, Пахомов, Крупская, Большая объездная, М. Ж. Көпеев, Чкалов, Володарский, Бестужев көшелерін қайта атау мәселесі бойынша көпшілік тыңдаулар өткізіледі.   

Осыған орай, Сіздерді Павлодар қаласы, Астана көшесі, 156 («Колос» балалар мәдениет ойын-сауық орталығы КМҚК) мекенжайы бойынша 2019 жылдың 18 қарашасында сағат 15.00 өтетін, көпшілік тыңдауларға қатысуға шақырамыз.

Қатысушыларды тіркеу сағат 14.00-ден басталады.

 

Азаматтардың құқықтары мен

заңдылықтарын сақтау жөніндегі

және қала құрылысы және экология

жөніндегі Павлодар қалалық

мәслихатының тұрақты комиссиялары