ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-11-07 16:58:56 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ПАРТИЯЛЫҚ КАДР РЕЗЕРВІНЕ ІРІКТЕУ БАСТАЛДЫ

Жоба пилоттық режимде «Сенім. Диалог. Болашаққа нық қадам – «Nur Otan» партиясының 7 серпіні» бағдарламасын іске асыру шеңберінде өткізілуде. Іріктеуге партия мүшелері ғана емес, сондай-ақ «Nur Otan» партиясына өтуге ниет білдірген қарапайым азаматтар да қатыса алады. Партиялық кадр резервіне іріктеу бұл - «ҚУАТТЫ ПАРТИЯ – ЖІГЕРЛІ ЛИДЕРЛЕР» қағидаты бойынша жария етілген кеңістікте жұмыс жасау үшін адал және мықты көшбасшыларды тарту жөніндегі алғашқы қадам.

Қазіргі уақытта өтінімдер қабылдау аяқталды. Жіберілген үміткерлердің жалпы саны -78 адам. Іріктеуге қатысу үшін тіркеуден өткен тұлғалар тізімі партия сайтында, партиялық БАҚ-да және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жарияланған, -деп атап өтті «Nur Otan» партиясы ПҚФ төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Маликова.

Қарашаның 5-нен 15-сі аралығында үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізетін болады. Үгіт-насихат науқаны көпшілік дебаттар, сайлаушылармен кездесулер өткізу, сөз сөйлеулер, БАҚ мен әлеуметтік желілердегі жарияланымдар түрінде, сондай-ақ үгіт -насихат материалдарын таратумен қаланың барлық тұрғындары арасында өткізілуде. Әрбір үміткермен сайлау алды бағдарламасы мен тұрғындармен кездесу кестесі әзірленуде. Үгіт-насихат материалдары үміткердің партияға қатыстылығы туралы мәліметтерді қамтуы тиіс.