ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих
2019-11-07 17:05:24 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА АРНАЙЫ ТАКТИКАЛЫҚ ЖАТТЫҒУ МЕН ТЕХНИКА ТЕКСЕРУ ДАЙЫНДЫҒЫ ӨТКІЗІЛДІ

«Қыс-2019» Республикалық командалық-масштабтық жаттығуы аясында Павлодарда арнайы тактикалық жаттығу мен техника тексеру дайындығы өткізілді.

Жаттығудың тақырыбы: Қолайсыз метеологиялық жағдайларда «Павлодар-Водоканал» ЖШС-нің «Оңтүстік Су тоғанында» электр жабдығын өшіру кезіндегі апатты жою» болып таңдалды.

«ПРЭК» АҚ диспетчерлік қызметіне «Павлодар-Водоканал» ЖШС диспетчерінен Павлодар қаласының «Оңтүстік су тоғаны» электр жабдықтауын өшіру туралы хабарлама түсті. Келіп жеткен авариялық-техникалық командамен электр берілісінің желілерін қалпына келтіру жұмысы жүргізілуде. «ПРЭК» АҚ диспетчерлік қызмет арқылы авариялық-техникалық команда зақымдануды жою үшін қосымша техника сұрастырады. Жер асты коммуникациялары бар екі жақты ұйымдардың өкілдерімен (қалалық электр желілері, қалалық телекоммуникация торабы, сондай-ақ Павлодар-Водоканал» ЖШС) топырақта тереңдетіле орналастырылған желілердің нобайы анықталды.

Зақымдануды жоюға 9 техника бірлігі мен арнайы техника жүргізушісін қоса алғанда 24 жеке құрам тартылды. Сондай –ақ, «Қыс-2019».

Республикалық командалық-масштабтық жаттығу аясында Павлодар қаласының шұғыл әрекет ету жасағының командалары, шұғыл қызметтері мен қар жинау техникасы тексерілді. Қызметкерлер белгіленген уақытта келіп жетті. Қажетті әрекеттерді орындау дайындығын 100% -ға бағаланды. Қар жинау техникасы да қаланы қардан тазалауға дайын. Барлығы жеке құрамнан 128 адам және техниканың 48 бірлігі тексеру дайындығынан өтті.