ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ «2020 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН БАС БОСТАНДЫҒЫНАН АЙЫРУ ОРЫНДАРЫНАН БОСАТЫЛҒАН АДАМДАРДЫ ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ҰЙЫМДАРЫНДА ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСТЫРУ ҮШІН ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ КВОТАСЫН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ» ҚАУЛЫСЫНА БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

2019-11-12 17:24:06 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Қаулының жобасы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару Кодексінің 18-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексінің 18-бабы 7-тармағына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабы 8) тармақшасына, 27-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы» № 412 бұйрығына сәйкес әзірленген.

Аталған жобаны қабылдаудың мақсаты Павлодар қаласында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу болып табылады.

Қаулыны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқтырмайды.

Қаулы жобасы «Электрондық Үкімет» порталының ашық НҚА бөлімінде орналастырылған.

Сілтеме:  https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=2576653