ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-14 18:36:41 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚ «BATYR MALL» АУМАҒЫ БОЙЫНША АСТАНАЛЫҚ «КЕРУЕНМЕН» БІРДЕЙ БОЛАДЫ

Бұл туралы Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.

Облыс әкімі өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Кәсіпкерлікті дамытуға ерекше көңіл бөлінуде - Болат Бақауовтың айтуынша, Павлодар облысы «Doing Business» рейтингісінде үздік өңірлердің бестігіне кірді. Сондай-ақ, 2019 жылдың басынан бастап облыс экономикасындағы инвестициялардың үлесі 15,7% -ға өсті. Өнеркәсіп саласында 1,6 трлн. теңгеге өнім өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 млрд теңгеге жоғары. Өңдеу өнеркәсібі бойынша облыс республикадағы көшбасшылардың үштігіне кіреді. Өңірдегі кәсіпкерлерді қолдау бағытында үлкен жұмыстар атқарылуда. Облыс орталығында жаңа «Open Pavlodar» фронт-офисі ашылды, онда күн сайын барлық заңды және жеке тұлғаларға онлайн қызметтер көрсетіледі.

Сонымен қатар, облыс орталығындағы ірі сауда орындарының желісі кеңеюде. Мәселен, «Batyr mall» СО-ның жаңа ғимаратының құрылысы аяқталғаннан кейін, оның аумағы астаналық «Керуен» сауда орталығының аумағымен бірдей болады.

Болат Бақауов білім беру саласындағы өзгерістерді де атап өтті. 2020 жылдың қаңтар айынан бастап 51 мыңнан астам бастауыш сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі және әрқайсысы 5 грамм бал берілетін болады. Қала мектептеріндегі сыныптарда сөрелер орнатылатын болады.

Павлодар университеттерінің студенттері 100% жатақханамен қамтамасыз етілген. ПМПУ базасында мемлекеттік жеке әріптестік аясында 167 орын жатақхана салынды. Жыл соңына дейін Павлодар және Ақсу қалаларында колледж студенттеріне арналған 200 орын 2 жатақхана салынады. Келесі жылы С.Торайғыров атындағы ПМУ-де 500 орын студенттер үйінің құрылысы аяқталады.