ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-14 18:42:47 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚ ЕРІКТІЛЕР ШӘКІРТАҚЫЛАРЫНА ҮСТЕМАҚЫ АЛАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін 2019 жылдың 14 қарашасы күні жастар бастамаларын дамыту орталығында Ұлттық еріктілер желісінің (Нұр-Сұлтан) және Әлеуметтік еріктілер орталығының өкілдері еріктілердің бастамаларын дамытуға арналған шағын гранттар бағдарламасы туралы баяндама жасады.

ҰЕЖ еріктілер корпусының үйлестірушісі Адель Ақажанованың айтуынша, қаланың үш университеті мен бірнеше колледждері ынтымақтастық меморандумына қол қойды, яғни, жаңа жылдан бастап студенттердің әлеуметтік пайдалы қызметтері үшін шәкіртақыларына  үстемақы қосылады. Бүгінгі таңда бірнеше медициналық ұйымдар өздерінің  еріктілерін күтіп отыр. Медициналық саладан басқа, әлеуметтік, мәдени, бұқаралық ақпарат құралдары, этно, төтенше жағдайлар, сонымен қатар жануарлармен жұмыс еріктілері жұмыс істейтін болады.

Мүдделі ұйымдармен және еріктілердің өзара жұмыс жасаулары  үшін qazvolunteer.kz  онлайн-платформа құрылды. Бұл еріктілердің және Қазақстандағы еріктілер ұйымдарының қызметін үйлестіруге, сондай-ақ, еріктілердің жобаларына/бағдарламаларына/ акцияларына ақпараттық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.

Павлодарда «Жылдың үздік еріктісі - 2019» атағына байқау  жарияланды. Өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз! Анықтама телефондары: Сапаров Санат Әлібекұлы - «Әлеуметтік-еріктілер орталығы» ЖҚБ атқарушы директоры 8-778-633-43-75.