ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

Версия для слабовидящих

МОЙЫЛДЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ Е.Қ. ҚАЛИЕВТІҢ ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСТЕРІ

2018-01-18 16:51:14 2016 жылғы ауыл окургтері әкімдерінің есеп беру кездесулері

2015 жылы  Мойылды ауылының әкімдігінің жұмысы Елбасының жылдық «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауында аталған мақсаттары мен талаптарын іске асыруға бағытталды.

Мойылды ауылында 2016 жылдың 1 қаңтарына 1320 адам,  оның ішінде зейнеткерлер – 105 адам, еңбекке жарамдылар – 807 адам.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕС

Жеке қосалқы шаруашылығындағы мал және құстар саны - 1965.

ІҚМ- 365 бас (2014 ж – 380 бас) , оның ішінде сиырлар – 158 бас (2014 ж -161 бас)

ҰҚМ – 793 бас (2014 ж - 880 бас)

Жылқылар – 107 бас (2014 ж -133 бас)

Құстар – 700 дана (2014 ж – 465 дана)

2015 жылы  құстар 60 пайызға  (235 дана) артты.

Ауыл аумағында мал шаруашылық бағыттағы екі ауылшаруашылық құрылымы «Тоғас-С» ЖШС  және «Тимур» ШҚ жұмыс істейді.

2016 жылдың 1 қаңтарына мал саны:

«Тоғас-С» ЖШС

ІҚМ – 455, оның ішінде сиырлар – 160 бас.

Жылқылар – 210 бас.

«Тимур» ШҚ

ІҚМ – 55 бас, оның ішінде сиырлар – 20 бас

Жылқылар – 30 бас;

Қойлар – 9 бас.

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша «Негізгі қаражаттарлы алу және жаңғырту» жобасы іске асырылды. «Мойылды Шипажайы» АҚ-нда жаңа кір жуу цехы іске қосылды, асхананы қайта құру және аумақтың көріктендіру жұмыстары аяқталды.

2015 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша  ауыл тұрғыны Р. Төлеуова мал шаруашылығын дамытуға 3 млн. тенге несие алды, алған қаражатқа ІҚМ -5 бас, жылқылар -7 бас сатып алынды (2014 жылы бағдарламаға 3 адам қатысты).

 

КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

2015 жылы қар тазалау және шұңқыр жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл мақсатқа 834,0 мың теңге қаржы бөлінді.

«Бағдарлама шеңберінде аумақтарды экономикалық дамытуға көмек көрсету шараларын іске асыру» бағдарламасы бойынша 2000,0 мың теңге бөлінді:

Бұл қаражатқа келесі жұмыс түрлері атқарылды:

-        ауылда 2 балалар алаңы орнатылды;

-        көше жарықтандыру жаңа желілері жабдықталды (Центральная, Степная, Курортная, Абай көшелері);

-        ауыл ішіндегі жолдарды тегістеу, жеке тұрғын үй ауданының  жаңа көшелеріне кіруді ұйымдастыру

-        бұзылған жерлерде үйме топырақты күшейту және су тасқыны кезінде  суды өткізу үшін траншеяны тазалау

Мектеп демалыстары кезінде аз қамтылған отбасынан шыққан 9  оқушы ауылды санитарлық тазалау бойынша ақылы жұмыс атқарды. Аталған іс-шараға 125,0 мың теңге қаражат шығынданды.

2015 жыл ішінде екі қоқыс тастайтын жерлерді жою бойынша жұмыс жүргізілді, демеушілік қаражат есебінен төленді.

Көктем-жас мезгілдерінде бірнеше рет әкімдік қызметкерлерінің, ауыл тұрғындарының,  жалпы білім беру № 38 мектебінің, «Мойылды шипажайы» АҚ-ның қатысуымен санитарлық тазалау және көріктендіру сенбіліктері ұйымдастырылды. Сенбілікке 250-ге жуық адам қатысты, автобус маршруты бойынша аумақты және ауылға дейінгі трасса жолын  тазалау жүргізілді.

«Ауылдық мекеннің көшесін  жарықтандыру»  бағдарламасы бойынша Мойылды ауылының әкімдігімен  Абай, Центральная  және Курортная көшелерінде қосымша 17 тіректер  орнатылды.

Мойылды ауылында дене шынықтыру-сауықтандыру комплексі,  ауыл клубы, мал қорымы құрылысына жобалы сметалық құжаттар әзірленді, аталған жобалар мемлекеттік экспертиза қарауында.

 

САЛЫҚ

2015 жылға жергілікті өзін-өзі басқару  Бақылау шотына 626,0 мың теңге көлемінде жоспарланды, атап айтқанда:

-      елді мекеннің  меншік салығы - 268,4 мың теңге;

-      елді мекеннің  жер салығы - 55,2 мың теңге;

-      елді мекеннің  көлік салығы - 1067,4 мың теңге;

-      елді мекеннің  жеке табыс  салығы - 5,6 мың теңге.

626,0 мың теңге жоспарында факт бойынша өткен жылдар қарыздары есебімен  салық жинау - 1396,6 мың теңге құрады.

 

ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ:

Жеке тұрғын үй құрылысына 383 жер телімдерінің егжей тегжейлі жоспарлау жобасы бар ( оның ішінде 109 телімде инфраструктура өткізілмеген).

Қазіргі кезде  әдейі есепте жеке тұрғын үй құрылысына  жер телімін алуға 236 арыз бар. Жер телімдерін беру  мәселелері бойынша ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында Мойылды ауылында жеке тұрғын үй құрылысына  жер телімін алуға әдейі есепке қойылған азаматтар тізімі екі тілде «Тұрғын үй бағдарламасы» бөлімінде «Павлодар қаласы әкімдігінің ресми сайты» интернет-ресурсінде орналастырылған.

 

ТРАНСПОРТ

Мойылды ауылында жолаушыларды тасумен «№ 1 автобус паркі» ЖШС (№ 66 сапар желісі) айналысады, бекітілген кесте бойынша, күніне 10 рет 1,5 сағат аралығымен жүреді.

 

ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ

Ауыл әкімі аппаратының қызметкерлерімен әлеуметтік төмен денгейлі тұрғындарға көмек көрсету үшін аз қамтамасыз етілген азаматтардың, көп балалы аналар, жалғыз тұратын зейнеткерлер және жұмыссыздар есебі  жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламаларда оның ішінде «Жұмыспен қамту жол картасы -2020», «Бизнес жол картасы - 2020», «Сыбаға» бағдарламамалы бойынша  қатысуға түсіндірулер жүргізіледі.

2015 жылы әлеуметтік мекенжай  көмегін 136,688 мың теңге көлемінде бір отбасы, балалар пособиесі екі отбасына 321,434 мың теңге көлемінде төленді. 309,192 мың теңге сомасына № 38 ЖНМ және денсаулық сақтау қызметкерлеріне 26 адамға  қатты отын (көмір) алуға материалдық көмек көрсетілді.

2015 жылы 1 адам қоғамдық жұмыстарға қамтылды, 1 адам «Жастар практикасы» бағдарламасы бойынша уақытша жұмыспен қамтылды, бүгінгі күнге 3 адам жұмыссыздар есебіне тіркелген.

        

БІЛІМ БЕРУ

Тиімді білім беру ауылдың білім беру жүйесінің басты басымдығы болып табылады. № 38 жалпы білім беретін мектепте 145 оқушы оқытылады, мектеп алды даярлық тобында 12 бала оқиды. Мектептің педагогикалық ұжымын 38 мұғалім құрайды, оның ішінде жоғары білімі бар 36 мұғалім. 

Оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі.                      1 компьютерлік класс және жабдықталған 14 кабинет бар, оның ішінде мемлекеттік тілде – 10. Мектептің ішінде 6 видеобақылау камералары орнатылған.

Оқу фонды және мектеп асханасын жалға алушының қаражатынан мектепте 21 оқушы тегін ыстық тамақ ішеді.

2015 жылы 8 оқушы жалпы білім алып, Павлодар қаласында мектептер мен колледждерде оқуын жалғастыруда.

Сонымен қатар, мектеп оқушылары мектеп олимпиадаларына қатысты.Мысалы, № 38 жалпы білім беретін мектеп оқушысы Сураған Ахтоты қазақ тіліне облыстық пән олимпиадасында 1-ші орын, 2 бастауыш сынып оқушылары қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиадада 1 және 3 орын, жоғары сынып оқушылары арасында қазақ тілі пәнінен қалалық олимпиадада 1 оқушы 1 орын алды. ҚР-ның Тұнғыш Президент күніне  арналған «Менің Отаным - Қазақстан» ғылыми практикалық конференциада 2 оқушы  2 орын алды. Сонымен қатар  № 38 ЖББ оқушылары жыл сайын қалалаық шығармашылық «Балауса» фестиваліне қатысады.

«Мектепке жол» республикалық акция  шегінде  ауыл кәсіпкерлері 23 оқушыға киім-кешек, кеңсе тауарларын, аяқ киім   сатып алуға  190 900 тенге көмек берді.

2015 жылғы желтоқсанда қайта жөндеу жұмыстарынан кейін 140  орынға бала бақша ашылды, 60-қа жуық  адам, оның ішінде 50 адам жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

Мойылды ауылында фельдшер-акушерлік пункті медициналық қызметін көрсетеді. Фельдшер жаңа туған сәбилерге, ауылда ауырған адамдың үйін аралайды, күніне 10 шақты адам қабылдайды.

2014 жылы жаңа туған балалар саны 29 - адам, 2015 жылы – 32 адам.

Медициналық жұмыстың бөлігі  Павлодар қаласы №3 емхананың дәрігерлерінің келуімен байланысты.

Ауруларды алдын алу сұрақтарына ерекше назар бөлінеді.

Қан қысымы жоғары, онкология және туберкулез ауруларымен ауырғандар арнайы есепке алынған.

Ауылда республикалық маңыздағы шипажайы бар, онда жыл сайын 8000-9000 адамдай ем-шара алып демалады.

 

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ:

Ауылда кітапханалық қоры 6101 дананы құрайтын кітапхана бар, тұрақты оқырмандар саны 437 адам (жылына 3719 адам келеді, жыл ағымында 7167 кітап) берілді. 2015 жылы жаңа түсскен кітаптар 781 дана құрайды.

2015 жылы ауыл әкімдігімен ветерандар кеңесімен, № 38 ЖНМ  қызметкерлерімен, «Мойылды шипажайы» АҚ-мен бірге Мойылды ауыл тұрғындарына  әр түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Соның ішінде, Жаңа жыл, Наурыз мейрамы, Жеңіс күні, Қарттар күні және басқа мерекелерге арналған.  

Жастарға және олардың ауыл өміріне қатысуына үлкен назар бөлінеді. 2015 жылы ауыл спортшылары қалалық спорт жарыстарына бірнеше рет қатысып жүлделі орындарға ие болды. 2015 жыл қорытындысы бойынша Мойылды ауылының спортшылары екінші жыл 3 жүлделі орынға ие. Сонымен қатар, Мойылды ауылына шақырылған Павлодар қаласы және басқа  ауылдық елді мекендердің командаларымен шағын-футбол және волейбол жарыстар өткізілді. Ауылдың футбол командасына «Мойылды шипажайы» АҚ-ның демеушілік көмек есебінен 80,0 мың теңге соммасына спорт формалары сатып алынды.

 

ҚОҒАМДЫҚ ТӘРТІПТІ КҮШЕЙТУ

Ауылда әкімшілік аумақтағы заң бұзушылықты болдырмау және алдын алу - басты мақсаттары болып табылатын учаскелік инспектор жұмыс істейді.

Жыл сайын ауыл тұрғындарының жиналыстарында полиция учаскелік инспекторымен бұралқы мал және аумақты көркейту, жеке меншікті қорғау бойынша шаралар туралы түсіндірме жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарымен көріктендіру тәртібін сақтау бойынша тексеріс  рейдтерін өткізу тәжірибелеуде. 2015 жылы учаскелік инспектормен  ӘБКо 505-бабы бойынша 35 әкімшілік хаттамалар жасалды.

Есептік кезен аралығында ауылда қылмыс деңгейі азайуы байқалуда, мал ұрлау фактілері жоқ.

Төтенше жағдайларға уақытылы әрекет ету және алдын алу үшін 8 адамнан тұратын ерікті өрт құралымы жасалған. 3 кубты прицеп сауыты, мотопомпа және басқа да өртке қарсы құрал-жабдықтар бар.

 

АЗАМАТТАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІН ҚАБЫЛДАУ:

         2015 жылы барлығы 52 өтініш келіп түсті, оның 10 ауызша өтініш. Барлық өтініштер заңда көрсетілген тәртіппен қаралады, соған байланысты түсініктеме беріледі.

         Өтініштердің көп бөлігі жер телімдеріне құқық орнату мәселелері мен тұрғын үй  коммуналдық мәселелер туралы. Барлық өтініштер заңнамамен белгіленген мерзімде қаралды, өтініш берушілеріне сәйкес түсіндірулер берілді.

2015 жылы Мойылды ауылы әкімінің есептік кездесуінде берілген 1 ескертпе болды, әзірленген  іс шаралар жоспарына сәйкес бақылауға алынып іске асырылды.

«Мойылды ауылы әкімінің аппараты» ММ «Жеке қосалқы шаруашылығы бары жөнінде анықтама беру» мемлекеттік қызметін атқарады. 2015 жылы 59 мемлекеттік қызмет жасады.

Прочитано: 1299 раз