ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-19 15:44:50 Аңдатпа
Павлодарда Pavlodar Ice Fest мұз үстінде көрсетілім өтеді

Барлық павлодарлықтар мен қала қонақтарын түрлі-түсті жарық шырақтарының сүйемелдеуімен өтетін мұз шоуына шақырамыз. Шоудың ұйымдастырушылары - Жастар бастамаларын дамыту орталығы. Шараға он екі конькимен сырғанаушы спортшы қатысады. Көрсетілімнен кейін ең үздік спортшылар жұбы анықталып, бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Күні: 20 қараша.
Уақыты: 17.00.
Мекен-жайы: «Астана» мұз сарайы, Қайырбаев көш., 87.
Кіру: тегін.