ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-20 11:42:17 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА «7-20-25» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ПӘТЕРЛЕРДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ХАБАРЛАМА

Құрметті павлодарлықтар! Павлодар қаласының қаржы бөлімі 71 пәтерлі тұрғын үйдің «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы бағыты бойынша жүзеге асырылатынын хабарлайды. Павлодарлықтарға «Сарыарқа» шағын ауданында, Ак. Шөкин көшесі, 150/1 мекенжайы бойынша орналасқан тұрғын үйден 36 бір бөлмелі, 17 екі бөлмелі және 18 үш бөлмелі пәтерлер ұсынылады.

 

Бір бөлмелі пәтердің көлемі 40,1-ден 46,4 шаршы метрге дейін;

Құны 5 614,0 мың теңгеден  6 496,0 мың теңгеге дейін;

Бастапқы жарна құны - 1 122,8 мың теңгеден 1 299,0 мың теңгеге дейін.

 

Екі бөлмелі пәтердің көлемі 62,1-ден 64,8 шаршы метрге дейін;

Құны 8 694,0 мың теңгеден  9 072,0 мың теңгеден;

Бастапқы жарна құны - 1 739,0 мың теңгеден  1 814,0 мың теңгеден.

 

Үш бөлмелі пәтердің көлемі 83,1-ден 83,8 шаршы метрге дейін;

Құны 11 634,0 мың теңгеден  11 732,0 мың теңгеден;

Бастапқы жарна құны - 2 327,0 мың теңгеден 2 346,0 мың теңгеден.

1 шаршы метір құны 140 000 теңгені құрайды.

Бағдарламаға қатысу талаптары:

  • Қазақстан Республикасынның азаматтығы, табыстың болуы;
  • ипотекалық зайым берешегінің болмауы;
  • тұрғын жайдың болмауы, жатақханаларда отбасының әрбір мүшесіне пайдалы ауданы 15 шаршы метрден кем бөлмелердің болуын, апат жағдайындағы, құлау (қирау) қаупі төнген тұрғын үйдің орналасқан жері бойынша жергілікті атқарушы органның тиісті анықтамасымен расталатын аталған тұрғын үйлерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында меншік құқығындағы тұрғын үйінің болмауы.  

Осы тұрғын үйден пәтер алу үшін, 2019 жылдың 21 қарашадан бастап, сағат 9.00-ден 18.00 ге дейін (түскі ас 13.00 ден 14.30 дейін) Ак.Шөкин көшесі, 150/1 мекенжайына келіп таңдауға болады.

  • өзіңізбен бірге төл құжат болуы тиіс;
  • пәтерді таңдау;
  • банқа ұсыну үшін пәтер парағын алу;
  • «7-20-25» бағдарлама бойынша қатысушы –банктердің біріне төлем қабілеттіліген өту үшін жүгіну:
  • Банк Центр Кредит АҚ;
  • Евразийский банк АҚ;
  • АТФ Банк АҚ;
  • Жусан банк (Цесна банк) АҚ;
  • Сбербанк России АҚ;
  • Bank RBK АҚ;
  • Форте банк АҚ;
  • Народный банк Казахстана.

Анықтама телефондары: 32-74-48, 32-34-20. 8 707 330 1013; 8 702 597 77 72.