ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-21 17:35:00 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАР МЕКТЕПТЕРІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕКЕ ШКАФТАР ОРНАТЫЛУДА

Әлемдік тәжірибие көрсеткендей, мектеп оқушыларын жеке керек-жарақтарды сақтау жүйесімен қамтамасыз ету – білім алушының жеке кеңістігін ұйымдастыруға арналған ұтымды тәсіл.

Заман талабына сай, павлодарлық мектептер де оқушыларға арналған жабық жеке шкафтарды орнатуда. Бастауыш сыныптарда білім алушылар бұл шкафтарда кітаптар мен дәптерлерін, қалам-қарындаштарын, еңбекке арналған мұқабаларын,  дене шынықтыру сабағына арналған спорт киімдерін сақтай алады. Жеке шкафтар 4 бөлімнен тұрады, заманауи әдіспен магниттелген білезік көмегімен ашылады. Металды қаптама мен сапалы қосымша құрылғылары сөрені ұзақ уақытқа дейін қолдануға кепілдік береді. 

Айта кетейік, биылғы оқу жылында жеке шкафтар келесі павлодарлық мектептерде орнатылуы үшін сатып алынды: №1, 2, 6, 16, 25, 30. 

Қазіргі таңда 6 мектепте 1-4 сыныптарда оқитын 2880 білім алушыға арналған 720 жеке шкаф орнатылған.

2020 жылы 4996 білім алушыға арналған 1249 жеке шкафтарды сатып алу қарастырылған. Болашақта барлық бастауыш сынып оқушыларын жеке шкафтармен толық қамтамасыз ету жоспарланған.