ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-11-22 00:00:00 Қоғамдық тыңдаулар
ДИМИТРОВ, ПАХОМОВ, КАРЛ МАРКС, КИРОВ, КОРОЛЕНКО, Ж. АЙМАУЫТОВ, ВОЛОДАРСКИЙ, КРУПСКАЯ, М.Ж. КӨПЕЕВ, ЧКАЛОВ, БОЛЬШАЯ ОБЪЕЗДНАЯ, 1 МАЙ, БЕСТУЖЕВ КӨШЕЛЕРІН ҚАЙТА АТАУ МӘСЕЛЕСІ ЖӨНІНДЕ ПАВЛОДАР ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫН САҚТАУ, ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫНДАҒЫ КӨПШІЛІК ТЫНДАУЛАР ХАТТАМАСЫ

Павлодар қаласы                                                2019 жылғы 18 қараша  басталу уақыты: 15.00 де

Өткізу орны: «Колос» балалар мәдени-сауық орталығы, Астана көшесі, 156.

Көпшілік тындаулар қала тұрғындарынан, облыс және қаланың қоғамдық бірлестіктерінен, ғылыми және шығармашылық зиялы қауымдарынан келіп түскен ұсыныстарын қарастыру бойынша мәслихаттың азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссияларымен ұйымдастырылды.

Павлодар қалалық мәслихат депутаттарының қарастыруына Павлодар қаласы әкімдігінің 2019 жылғы 7 қазандағы «Павлодар қаласының көшелерін қайта атау бойынша материалдарды Павлодар қалалық мәслихатының қарауына енгізу туралы» № 1376/3 қаулысы түсті.

Павлодар қаласының тұрғындарына көпшілік тындауларды өткізу туралы ақпарат Павлодар қаласы әкімдігінің сайтында, қалалық мәслихаттың сайтында және ағымдағы жылғы 19 қазандағы «Сарыарка Самалы», «Звезда Прииртышья» облыстық газеттерінде жариялану арқылы жеткізілді.

Көпшілік тындаулардың төрағасы – Сандуғаш Қайыргелдіқызы Қалижанова - № 14 сайланған округінен Павлодар қалалық мәслихатының депутаты, азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы.

Қалалық мәслихаттың тұрақты комиссиясының көпшілік тындауларында қала тұрғындары, Қоғамдық кеңесінің мүшелері, Құрметті азаматтары, депутаттар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, қоғамдық ұйымдары, бұқаралық ақпарат құралдары қатысты.

Дауыс беруде азаматтардың құқықтары мен заңдылықтарын сақтау, қала құрылысы және экология жөніндегі тұрақты комиссиялардың мүшелері болып табылатын, қалалық мәслихат депутаттары қатысты.

Көпшілік тыңдауларға 136 қатысушы қатысты және тіркелді.

 

Күн тәртібі

Қала көшелерін қайта атау бойынша сұрақтар: Димитров, Пахомов, Карл Маркс, Киров, Короленко, Ж. Аймауытов, Володарский, Крупская, М. Ж. Көпеев, Чкалов, 1 Май, Бестужев, Большая объездная.

Көпшілік тыңдау отырысының төрайымы – Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы күн тәртібімен және жұмыс регламентімен таныстырды.

Сөз алды: Светлана Анатольевна Гладышева – Павлодар қаласы әкімінің орынбасары;

Рымтай Шөкейұлы Шөкеев – Облыстың құрметті азаматы, Павлодар облысы Ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Богнат Любовь Ивановна- Павлодар қаласының құрметті азаматы,  «Беларусь» этномәдени бірлестігінің төрайымы;

Боранбай Қайырбекұлы Сқақов – еңбек ардагері;

Дацюк Александр Федорович -  Павлодар қ. № 17 жалпы білім беру мектебінің мұғалімі.

Жарыссөз бөлімінде 11 адам қатысты – Павлодар қаласының тұрғындары.

Гладышева Светлана Анатольевна:

Құрметті қатысушылар, құрметті ақсақалдар! Қайырлы күн, құрметті сессия төрағасы!

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2019 жылғы 27 қыркүйектегі тапсырмасына сәйкес, Павлодар қаласындағы ономастикалық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз.

Павлодар облысы әкімінің атына, Павлодар қаласы әкімінің атына ағымдағы жылы жеке тұлғалар және заңды тұлғалардан келіп түскен өтініштер мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен қарастырылды. Кейін барлық қажетті құжаттар  қалалық мәслихатқа, атап айтқанда: Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы университеттің ғалым-профессорлары тобы Димитров көшесін Жүсіпбек Аймауытов көшесіне, 1 Май көшесін  Мәшһүр Жүсіп Көпеев көшесіне, Карл Маркс көшесін Әлихана Бөкейханов көшесіне, Киров көшесін Ермұхан Бекмаханов көшесіне, Короленко көшесін Бұхар Жырау көшесіне, Жүсіпбек Аймауытов көшесін Ақжол көшесіне, М.Ж.Көпеев көшесін Ақбеттау көшесіне, Бестужев көшесін Шәкәрім Құдайбердиев көшесіне, Қазақстан Жазушылар одағының облыстық филиалының директоры Арман Қани Володарский көшесін Желтоқсан көшесіне, Үлкен айналмалы көшесін Жібек Жолы көшесіне, қаланың зиялы қауымы өкілдерінен, "JEBE" қоғамдық бірлестігінің төрайымы Д. Жұмадилов, Павлодар қаласының Құрметті азаматы Шолпан Байғаладан қаламыздың Крупская көшесін Едіге би көшесіне, Сағадат Нұрмағанбетов атындағы Республикалық қордың директоры К.Қамбаров атынан қаладағы Чкалов көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне, қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенже Сәдуақасұлы Кеңесбаевтың атынан Пахомов көшесін Кабдеш Нуркиннің атына беру туралы өтініштер жолданды.

Бұл ұсыныстарды өте орынды, өйткені көшелердің идеологиялық жағынан алғанда ескірген атаулары заман талабына сай, халық жадында қазақ мемлекетінің қалыптасуына өз үлестерін қосқан, белгілі тарихи тұлғалардың, мемлекеттік қайраткерлердің есімдерін қайта аталса, тарихымыздың, мәдени және рухани мұраларымыздың жанданғаны деп түсінеміз.

Біз облыс орталығындағы ескірген көше атауларын жаңарту - уақыт талабы деп санаймыз. Сонымен қатар, жалпы қала тұрғындарына түрлі ұлттар мен этнос өкілдері қазақ халқының тарихи тұлғаларымен жақын танысып, қоғамдағы өзара келісім мен ауызбірлікті нығайтуға ықпалын тигізеді.

Тарихи тұлғалар мен халықтың ұлы қайраткерлерінің атын беретін көшелер біздің облыс орталығымыздың көркі болатынына сенімдімін.

Қорыта келгенде, біздің қаламыз Еліміздің Тұңғыш Президенті- Елбасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» жолдауында берген тапсырмаларын, қазақ халқының ұлттық сәйкестігінің принциптеріне сәйкес даму қажет. Менің ойымша, қала көшелері қазақ халқының ұлы тұлғаларының есімімен аталса, ол  өскелең ұрпақтың жүрегінде патриоттық рухты оятып, тарихымызды жаңаша зерделеуге жол ашады. Бұл ұсынысты қолдауларыңызды сұраймын.

Қорыта айтқанда, бұл менің қалам. Мен осы қалада туып өстім. Сондықтан қаламыз Рухани жаңғыру бағытында өсіп-өркендеуі тиіс деп ойлаймын. Қала көшелерінің заманға сай, жастарға патриоттық сезім сыйлайтын тарихи тұлғалардың есімімен аталуы қажет деп білемін. Және сіздерді осы ұсыныстарды қолдауға шақырамын.

Құрметті комиссия мүшелері, құрметті депутаттар, Сіздерді қаланың 13 көшесін қайта атауын қолдауларыңызды сұраймыз.

Рымтай Шөкейұлы Шөкеев:

Қадірлі қатысушылар! Жаңағы айтқандай біздің қаламыздың көптеген аттарын өзгерту керек деген ұсыныспен біз облыстың Ардагерлер кеңесі облыс әкіміне, қала әкіміне және де қаланың мәслихатына осындай көптеген ұсыныстар жібердік. Бұл ұсыныстар бұрыннан бері айтылып жүрген ұсыныстар. Сондықтан бұл көшелердің аты неге бұрын берілмеді десеңіздер?! Кезінде көшелерді қайта атау бойынша мораторий болды. Сонымен осы көшелердің атын басқаша өзгертуге  көп уақыт жоғалтып алдық. Енді бүгін сол уақыт келді. Сол уақыттың талабына сай айтылды. Енді көшелердің аттары барлықтарыңызға айтылып өтілді. Сол көшелердің аттарын облыстық Ардагерлер кеңесінің атынан, сіздерден сұрайтыным, жаңағы аталған көшелерді қолдасаңыздар деймін.

Рахмет!

Любовь Ивановна Богнат:

Құрметті жиналған қауым! Мен сіздермен кездескеніме қуаныштымын! Қымбатты жерлестер, павлодарлықтар, осындай маңызды шарада сөз алғаныма өте қуаныштымын. Бұл мүмкіндікті орынды деп санаймын.

«Рухани жаңғыру» мемлекеттік жобасы біздің өмірімізге жаңаша көзқараспен қөарауымызды талап етеді, тарих қойнауына үңіліп, жоғалтқанымызды зерделеп, тарихи ескерткіштер мен туған жерімізді қайта тани отырып, жаңа мемлекеттің қайта өркендеуіне нық қадамдар жасау деп санаймын. Жаңа мемлекет тәуелсіз ел өзінің жаңа қоғамдық институттарын қалыптастырып, тарихтың жаңа беттерін ашты десе болады.

Жүсіпбек Аймауытовтың есіміне келсек, тарих сахнасында өз орны бар тұлға. Қайта құрудың бастапқы жылдарында біз тәуелсіз мемлекеттің тарихын жазған, тарихи тұлғаларды ұмытпауға тырыстық.  Жаңа әлеуметтік-мәдени ортаны қалыптастыру бүгін де дұрыс, сауатты шешім қабылдай білуге талпындық, туған өлкеміздің, туған жердің, атап айтқанда, тұтас бір мемлекеттің имиджінде заманауи көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Сол тұлғаларды насихаттай отырып, біздің өлкеміздің тарихын жаңаша зерделеп, асыл азаматтарымызды мойындай отырып, әрине егемен мемлекеттің тарихи парақшасын өз қолымызбен жасап отырмыз.

Мәшһүр Жүсіп. Мен Мәшһүр Жүсіп кесенесіне екі рет әдейі барып қайтқан едім, кесененің ашылу салтанатында да болдым. Ғұлама тұлғаның еңбектерін жазған төбешікте отырдым, қасиетті Баянауылдың энергетикасынан қуат алып, қаншама ғұлама тұлғаларды өмірге әкелген жерді ерекеше қадірлеймін. Сондықтан бүгін жазылған және ұсынылған атауларды өз тарапымнан қолдаймын.

Боранбай Кайырбекұлы Сқақов:

Әлемнің тарихы - ұлы адамдардың өмірімен тікелей байланысты болады. Көшелер, алаңдар, саябақтардың атаулры – бөл туған өлкенің бетке ұстар карточкасы десе болады. Уақыт өткен сайын, жаңаша көзқарас қалыптасады. әсіресе тарихи тұлғалар біздің жадымызда сақталады. Мысалы 1 май көшесін алайық. Барлығымыз 1 Май, 7 ноябрь мерекелерінің ығында өстік, ал қазір мемлекеттік құрылым өзгерді, идеология, саясат, әлеуметтік ескі даталарды, атаулар адамның логикалық қабылдауына да оңай емес.

Мен тәжірибелі құқық қорғаушы, заңгер ретінде бұл жаңалықтарды қолдаймын, көше атауларын қайта өзгерту дұрыс деп санаймын.

Тарих үшін жеңіс жолында генералдың да, қатардағы солдаттың да қосқан үлесі зор. Сондықтан да С.Нұрмағамбетов пен Кабдеш Нұркин сынды азаматтарға бір көшемізді бергеніміз өте дұрыс деп санаймын.

Біздің өлкеміздің, халқымыздың мақтаныштары, зиялылары Мәшекен, Бұқар, Шәкәрім сияқты тұлғалардың есімі тарихта өзінің орнын алуына құқығы бар екеніне ешқандай күмән жоқ деп ойлаймын. Себебі олардың істеген еңбегі осы қараңғы қазақты оятамын, қараңғы қазаққа ой саламын деген олардың шаң теңіз еңбектері, әрине бүгін бағалану керек, бағаланады деп ойлаймын. Бұл кісілердің жаңалығы бір, екі шумақ өлеңдермен бізге белгілі. Әрине, олардың жазғаны, тоқығаны шаң теніз. Олардың барлығын айту қажет емес. Мысалы: Бұқардың айтқаны бар: «Бір зұлымдық жасасан, бір тартарсын зардабын. Өзгерте алмас ешкімде, табиғаттың заңдарын». Бұл даналық үлкенге де, кішіге де, байға да, кедейге де барлығына қажет нәрсе. Ал, енді Бұқардың айтқаны бар: «Апырмай, бұл не деген заман болды, бұрынғының жақсысы жаман болды. Арғымақтың аяғын арқан шалып, тұлпар есе заман болды» - айтқаны бүгін біз өз көзімізбен көріп, соның барлығын сезіп жүрміз.

Шәкәрімнің даналығы, оның оқымыстылығы, «Үш анық» деген кішкентай ғана кітабын кім оқыса да, қалай оқыса да барлығының жүрегіне тиетіне, сана сезіміне әсер қалдыратынына ешқандай күмән жоқ. Шәкәрім айтатын, «Әнші, күйші өлсе дағы, ән менен күй баяғы, олар өзі өтсе дағы, қалды бөрік пенен таяғы». Осының барлығы алдымызға келіп, көзімізбен көріп, құлағымызбен естіп жатырмыз. Сөзімнің соңында, Мағжанның «Жатыр» деген өлеңі бар, соны сіздерге айтқым келеді:

 Басқа жұрт аспан-көкке асып жатыр,

Кілтін өнер-білім ашып жатыр.

Бірі - ай, бірі - жұлдыз, бірі күн боп,

Жалтырап көктен нұрын шашып жатыр.

Таласып өнер-білім алып жатыр,

Күнбе-күн алға қарай барып жатыр.

От жегіп, көкте ұшып, суда жүзіп,

Тәңірінің рахметіне қанып жатыр.

Ойламай біздің қазақ текке жатыр,

Бір іске жанаса алмай, шетте жатыр.

Азырақ көз жүгіртіп қарап тұрсаң,

Қазекең таң қаларлық көпте жатыр.

Байларың мыңды айдаған шалқып жатыр,

Бар малын болыстыққа сарқып жатыр.

Барымта, ұрыс-керіс, кісі өлтіріс -

Ішінде сорлы қазақ қалқып жатыр.

Кең жері күннен-күнге құрып жатыр,

Сұр жылан бар қан-сөлін сорып жатыр.

Астана, жұрт билеген адамдарды

Тәңірі күннен күнге ұрып жатыр.

Біреулер оқып төре болып жатыр,

Шен алып, бақыт құсы қонып жатыр.

Ұмытып өзін- өзі бұл сабазың,

Жұртына қарсы таяқ соғып жатыр.

Шәкірттер медреседе шіріп жатыр,

Қайдағы ескі нұсқа көріп жатыр.

Оқыған, дін іздеген байғұс шәкірт

Жемтікші құзғын болып кіріп жатыр.

Әйелдер мал орнына жүріп жатыр,

Жас қызын малға, шалға беріп жатыр.

«Бес байтал - әйел құны» деген бір сөз

Қармаққа талай жасты іліп жатыр.

Дау-жанжал ел арасы толып жатыр,

Өзара талас-тартыс болып жатыр.

Кешегі шешек жарған қазақ гүлі

Сарғайып, бір су тимей солып жатыр.

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр,

Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр.

Сезінбей өз өлгенін, өзінікін

Аты өшкір оқығандар нетіп жатыр!

Сондықтан оқыдым деп, білдім деп жүрген азаматтар осыны жадына сақтап, осындай мәселелерді көтергенде, осындай адал ниетті біз әрине қолдауымыз керек. Мен барлығын қолдаймын.

Александр Федорович Дацюк:

Қайырлы күн жерлестер! Бүгінгі шараға қатысқанымызға өте қуаныштымын, бұл жаңашылдықтар Павлодар қаласы үшін елеулі оқиға. Мен Короленко көшесінің қайта аталуына тоқталсам, мен осы көшеде тудым, сонда өстім.

Біздің Қазақстан – жас мемлекет. Халық арасында кемені қалай атасаң, теңізде де ол солай сол жолмен кетеді деген сөз бар. Бұл мәселеге жайбырақат қарауға болмады. Жас буын өкілдері тарихты, өз заманының ірі тұлғаларын жақсы білуі керек.

Короленко көшесін Бұқар жырау көшесіне қайта атау бастамасын мен өзекті деп санаймын. Бұхар Жырау тек қана ақын емес, Абылай ханның ақылшысы, кеңесшісі, мықты саясаткер болды. Сондықтан да, мен жаңа идеяны қолдаймын.      

Сандуғаш Кайыргелдіқызы Қалижанова:

Қазір сөз жарысына келсек, аталған сұрақтар бойынша ұсыныстарыңыз болса, залда екі микрофон жұмыс істейді. Өз ойларыңызды білдіріңіздер. Көпшілік тыңдаудың әрбір қатысушысы бір ұсыныс айтуға құқы бар. Сондықтан да регламентті сақтауға шақырамын.

Б. С.Сыздыков:

Құрметті жиналған қауым! Бүгінгі көтеріліп отырған мәселе, өте орынды деп санаймын. Әрине, кезінде өткен Кеңестік дәуірде, мұнын барлығы бір кезде ата-бабаларымыздан қалған мұраның өзгертіп кеткендігін «коммунизм» деген сөзді елес қылып, билік алды, жаңа заман кеңестік, бір-ақ елдің азаматы атанып, бай-кедей жоқ, ұлт пенен теңестік, бір ортаға бағынышты күйге ендім, қазақтар жоқ, салт-дәстүрді үйрендім, орыс тілі мәртебеге ие боп, ана тілде сөйлеуге де имемдік. Қазақ үшін қилы заман кез келді. Естімегенді, көрмегенді көз көрді. Ата-бабам мұра болып қалдырған, иемген жерлердің атаулары қисынсыз өзгерді. Соның барлығын әрбір ел Егемендік Тәуелсіздік алғаннан бастап, бұрынғы ата-бабаларымыздың қалдырып кеткен мұраларын жаңғырту қай елдің болмасын дәстүрінде.

Құрметті осы тыңдауға қатысушылар! Біздер барлығымыз Қазақстан азаматтарымыз, барлығымыз да Қазақстан халқымыз, біз бір мақсат, бір мүдде жолында өмір сүреміз, сондықтан да міндетіміз де болашағымыз да айқын болуы керек. Өз басым бүгінгі жаңа бастаманы бірауыздан қолдаймын! Құрметті депутаттар, баршаңызды қолдауларыңызды сұраймын.

Р. Н.Рахимжанова, қала тұрғыны:

 Бүгінгі қаралып отырған мәселені, мен өз басым өзекті мәселе деп есептеймін. Тәуелсіздік алғаннан бері, елімізде қаншама жақсы игі істер жасалып жатыр. Тарихта алтын әріптермен есімдері жазылған тарихтың ақтылықтарын бүгінгі ұрпақ білуі тиіс. Сондықтан да мен осы көше атауларының өзгеруін қолдаймын. Сіздерді де қолдауға шақырамын.

Сейтқали Гүлмира, қала тұрғыны:

Павлодар қаласының көше аттары қазақшаға бұрыннан өзгеріп келе жатыр. Бұдан былай да көптеген көше аттарын батырлар атауы, ұлы ғалымдар, ұлы адамдар атауларына қойылса, өзгертілсе деп қалаймыз.

Сайлау Байболсын, редактор:

Халықтың атынан өтініш жазып, Бөгенбай батыр атауын келесі жолы қарастырайық.

Жарқынбек Амантайұлы, Ж. Аймауытұлы ат. қазақ музыка-драма театрының басшысы орынбасары:

Бүгінгі бастама баршамызға құтты болсын және осы көшелердің қатарында Ж. Аймауытұлының есімі айшықталып отырғанына біз өте қуаныштымыз. Құрметті жерлестер! Біз осы күнге оңай жеткен жоқпыз. Ұзақ жылдар бойы бір көшенің атын ауыстыру үшін күрескен ағаларымыз отыр. Кейін де Бөгенбайдың атын ұсынамыз. Қоғамдық ұйымдар бар, бәріміз бірге ат салысайық. Бүгінгі он үш көшенің атауын біз қолдаймыз.

Қала тұрғыны:

Құрметті қауым! Мен аналар атынан сөз сөйлегім келіп отыр. Бір кезде бір көшенің атын атауға біз бара алмағанбыз. Біздің ұрпағымыз он үш атасының атауын біліп, сол кісілердің өнерін, білімін алатын, біздің ұрпақтарымызға қалдыратын байлығымыз да, барлық шарамыз да осы. Сондықтан осыны дауға салмай, бүгінгі он үш көшемізді аттатқызып, қалған батырларымызға жететін орын көп. Еліміз гүлдене берсін.

Нуржамал Сейфималиковна Шакуова, қала тұрғыны:

Мен қала тұрғынымын, осында туып, осы қалада өстім. Туған қаланың көшелері маған бала күнімнен таныс, құлағыма өте жақын. Алайда, заман орнында тұрмайды, замана талабы солай болса - біз жаңа атауларды қолдаймыз. Сондықтан да бүгінгі шараға келдім, біртіндеп үйреніп те алармыз. Мен қолдаймын.

Оксана Сергеевна Катетова, қала тұрғыны:

Менің ойымша, өзгерістерден ешқашан қорықпау керек, олардың өз заңдылығы, мақсаты болады. Біздің бүгінгі шараның басты мақсаты біз 1991 жылдан бастап тәуелсіз Қазақстанда тұрамыз, мақстамыз айқын- ол, тарихты насихаттау, болашақта жастар өз халқының тарихын, салт-дәстүрін тануы қажет, өз өлкесінің танымал тұлғалары туралы білулері керек. Аталған азаматтар еліміздің егемендігі жолында құрбан болды, ел болашағы үшін еңбек етті.

Виктория Николаевна Камалетдинова, қазақ тілі маманы:

Киелі заманның шаш бауын көтерген, ескі атаулардың күні артта. Қазақтың нанын жеп, суын ішкеннен кейін өз бауырына басқан, қазақ тарихын рулас емес, керісінше рухы биік ұлы тұлғалардың есімін білу, бізге, өзге ұлт өкілдері үшін үлкен парыз, шынайы борыш деп есептеймін. Кешегі ақындарымызбен, батырларымыздың есімдері жүрегі қазақстандық деп соққан әрқайсымыз үшін ортақ. Шынайы жазылған тарих қана халықтың нағыз рухын оятуға, өзгертуге ұшыратады.

Светлана Викторовна Прохоренко, қала тұрғыны:

Мен Павлодарда туып өстім, осы қалада институтты бітірдім, қазіргі күні екі балам бар. Бүгінгі күні олар жоғары оқу орындарында білім алуда. Мен Димитров көшесіне жақынырақ тұрамын. Бүгінгі күні кейбір көшелердің атаулары немен байланысты екені мүмкін балалар білмейтін шығар. Күн сайын құлағымыз естиді, мысалы белгілі тұлғалар туралы  жастардың өзі де білгілері келіп, өлкенің тарихын зерделеуге ден қояды. Сондықтан да, туған еліміздің қуатты, одан да мықты болуымыз өзіміздің қолымызда, сондықтан да өткенімізге, тарихымызға құрметпен қарау керекпіз. Рахмет.

Қабдраш Абзал, айтыскер ақын:

Бүгінгі өзгерейін деп отырған он үш көше бұл тарихи тұрғыдан, саяси тұрғыдан өзінің мәнін де, салмағын да жоғалтқан көшелер. Олардың орнына кешегі Абылай ханға ақыл айтқан біздің Бұқар жырау лайық. Қазақтың ұлы философы Мәшһүр Жүсіп лайық. Қазақтың кең даласын сақтап берген Әлихан Бөкейхандай тұлғалар лайық қой біздің көшемізге. Осы жерде Бөгенбай жайлы ұсыныс айтып жатыр. Біз жастар: «Көсемге көше берсе ерік болар, сенімді серіктерміз сеніп барар. Бөгенбайға бір көше сұрап жатыр, Павлодардың  төріне көрік болар. Дәл қазір он үш көше ауыстырсақ, ағайын, бүкіл тарихына еніп барар. Сәл ғана сабыр қылып күзетейік, басымызға ақ бұлт та төніп қалар. Жыл сайын он көшеден ауыстырсақ, қазағым төрт құбылаң толық болар. Ағайын сөйте берсек бірте-бірте, Бөгенбайдың кезегі келіп қалар».

Қалижанова Сандуғаш Қайыргелдіқызы:

Құрметті қатысушылар, барлық тындаушыларды тындадық. Пікірталасты  тоқтатуды  және   дауыс  беруді  сұраймын. Павлодар қалалық  мәслихатының  дауыс   беру  үрдісіне  көшеміз,  оған  заңдылық  пен  азаматтардың  құқықтарын сақтау, қала  құрылысы мен  экология жөніндегі тұрақты  комиссиялардың  мүшелері  болып  табылатын  депутаттар   ғана қатыса  алады.

Халықтың пікірін ескере отырып, көпшілік тыңдаудың қорытындысы бойынша:

  • Димитров көшесін Жүсіпбек Аймауытұлы көшесіне,
  • Карл Маркс көшесін Әлихан Бөкейханұлы көшесіне,
  • Киров көшесін Ермұхан Бекмаханұлы көшесіне,
  • Короленко көшесін Бұқар жырау көшесіне,
  • Ж. Аймауытов көшесін Ақжол көшесіне,
  • Володарский көшесін Желтоқсан көшесіне,
  • Пахомов көшесін Қабдеш Нұркин көшесіне,
  • Крупская көшесін Едіге би көшесіне,
  • Большая объездная көшесін Жібек жолы көшесіне,
  • М. Ж. Көпеев көшесін Ақбеттау көшесіне,
  • Чкалов көшесін Сағадат Нұрмағамбетов көшесіне,
  •  1 Май көшесін Мәшһүр Жүсіп көшесіне,
  • Бестужев көшесін  Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіне қайта атау туралы ұсыныстарды дауысқа саламыз.       

Құрметті комиссия мүшелері, дауыс беруге кірісеміз.

Кім «ҚАРСЫ ЕМЕС»?

«ҚАРСЫ»?

«ҚАЛЫС ҚАЛДЫ»?

Құрметті  көпшілік тыңдауға  қатысушылар! Дауыс  беруге екі  тұрақты  комиссия  мүшелерінің депутаттары  қатысты:

«Бірауыздан» қолданды!

Өткізілген   көпшілік  тыңдалым  хаттамасы 7  жұмыс  күні  ішінде Павлодар  қаласы   әкімдігінің және қалалық мәслихаттың  ресми сайттарында орналастырылатын  және  бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын  болады.  

Қалалық мәслихаттың және Павлодар қаласы әкімдігінің бірлескен шешімі 2019 жылғы 20 қарашада сессияда бекітілетін болады және материалдар Қазақстан Республикасының заңнамасымен орнатылған мерзімде облыстық ономастикалық комиссиясының қарастыруына жіберіледі.

 

Төраға                                                                       С. Қалижанова

 

Хаттама жүргізген А.Сырымова