ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ««ЛИНГВА» ЖЕКЕ МЕНШІК МЕКТЕБІ» ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ОРТА БІЛІМ БЕРУГЕ МЕМЛЕКЕТТІК БІЛІМ БЕРУ ТАПСЫРЫСЫН БЕКІТУ ТУРАЛЫ

2019-11-23 00:00:00 НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

Жоба

 

 

Павлодар қаласында 2019 жылға арналған ««Лингва» жеке меншік мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 – баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-3) тармақшасына сәйкес Павлодар қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар қаласының ««Лингва» жеке меншік мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары С. А. Гладышеваға жүктелсін.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Павлодар қаласының әкімі                                              Қ. Нүкенов

 

 

Павлодар қаласы әкімдігінің

2019 жылғы  «__» _____________

№ __________ қаулысына

қосымша

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысы

 2019 жылға арналған Павлодар қаласында орта білім беруге

 

№ р/с

Ұйымдардың атауы

Оқушылардың саны

 

Мөлшері

жылына мемлекеттік білім беру тапсырысы

(теңге)

Орта

құны

бір

жылына оқушы

(теңге)

1

2

3

4

5

1

««Лингва» жеке меншік мектебі» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

150

9496

253 397,63