ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-05 16:33:34 Қала жаңалықтары
САБАҚТЫ ТОҚТАТУ ТУРАЛЫ, ТАС ЖОЛДАРДЫҢ ЖАБЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАУЫЛДЫ АЛДЫН АЛА ЕСКЕРТУЛЕРДІ ҚОСЫМША АРҚЫЛЫ БІЛЕ АЛАСЫЗДАР

Дауылды алдын ала ескерту, тас жолдардың жабылуы және сабақты тоқтату туралы ақпараттарды енді тек СМС арқылы ғана емес, сонымен қатар, мобильді қосымша арқылы да білуге болады!

«Play market» және «App Store»-да «Darmen» тегін қосымшасы пайда болды. Тек қосымшаны жүктеп алып, өзіңіздің тұратын қалаңызды (облыс тұрғындарына облыс орталығының қаласын таңдау қажет) белгілеңіз. Сол арқылы Сіздер барлық жедел ақпаратты ала алатын боласыздар.