ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-06 10:26:02 Қала жаңалықтары
ЖЫЛДЫҢ БАСЫНАН ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНДА ТҰРҒЫН ҮЙ АУЛАЛАРЫН ЖАРЫҚТАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Бүгінгі күні 300 тұрғын үй бойынша аулаларды жарықтандыру жұмыстары 100%-ға аяқталған. Шұңқырлар бұрғыланып, арналар кабелі жүргізіліп, жарықтандыру тіректеріне амперлер орнатылған.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің коммуналдық меншікті пайдалану секторының меңгерушісі Алибек Оразалин Н.Назарбаев көшесі №24 үйдің жарықтандыру деңгейін тексеріп, бұл бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар жайлы айтты. 
Сектор меңгерушісінің дерегінше, жұмыстар бекітілген кестегі сәйкес уақытылы жүргізілуде. 
Электриктердің қосымша бригадасы жұмысқа жұмылдырылып, тіректерді электр желілеріне қосуда. 60-қа жуық тұрғын үй электр желілеріне қосылып үлгерген. Электриктер күніне 5-6 үймен жұмыс істеуде. Жылдың соңына дейін жарықтандыру жұмыстарын толық аяқтау жоспарланған. 
Алибек Оразалин тұрғын үй аулаларын жарықтандыруда балалар ойнайтын алаң мен спорт алаңдарына аса көңіл бөлетіндерін айтты. 
Н.Назарбаев көшесі №24 үйде 4 жарықтандыру тірегі орнатылған.  ПМХЗ-ның алғашқы жолы жарықтандырылып, Железнодорожный ауылында 80 жарықтандыру тірегі қойылған.  Октябрят, Сенный және т.б. кішкентай көшелер жарықтандырылып жатыр. Жалпы қала бойынша 1000-ға жуық жарықтандыру тірегін орнату жоспарланған, әзірге 900 тірек іске қосылған. 
Сонымен қатар, келесі жылы «Радиозавод» және «Лесозавод» шағын аудандарын жарықтандыру жоспарлануда. Аталмыш бағыттағы жұмыстар жалғасын табатын болады.