ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-12 17:51:59 Қала жаңалықтары
АТАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АЛУШЫЛАРДЫ ЖАҢА ЖЫЛДА БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР КҮТУДЕ

Енді мемлекеттік жәрдемақы мөлшері отбасының табысына қарамастан барлық көп балалы, яғни бар 4 және одан көп кәмелетке толмаған баласы бар, отбасыларға беріледі. Осылайша, 4 бала тәрбиелеп отырған отбасылар 42 500 теңге, 5 баласы бар - 53 125 теңге, 6 балалы – 63 750 теңге, 7 балалы – 73 375 теңге алады. АӘК алудың міндетті шарттарының бірі - еңбекке қабілетті отбасы мүшелерінің жұмыс істеуі және отбасы үшін жауапты болуы тиіс. Бұл шара аз қамтылған адамдарды жұмысқа орналастыруға ынталандыруға бағытталған.

Сонымен қатар, заңсыз жәрдемақыны болдырмау үшін АӘК алушылар тоқсан сайын өздерінің әлеуметтік деңгейлерін дәлелдеп отырады. Барлық АӘК алушыларға кепілдік берілген қолдау пакеті ұсынылатын болады.:

- мектеп жасына дейінгі балаларға арналған тағам және гипоаллергенді гигиеналық керек-жарақтары беріледі;

- мектеп жасындағы балалар үшін - мектептерде ыстық тамақ, мектеп киімдері мен керек-жарақтарын сатып алу және жол жүру шығындары жабылады.