ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-12 17:58:29 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРЛЫҚ ОМАРТАШЫЛАР АРА УЫМЕН ЕМДЕУДІҢ ЕРЕКШЕ ӘДІСТЕРІ ТУРАЛЫ АЙТЫП БЕРДІ

«Мед Прииртышья» ӘКК Айманова көшесі, 43 мекенжайы бойынша орналасқан, ғимарат ара өсірушілерге сенімгерлік басқаруға берілген. - Біздің корпорация 2016 жылы құрылды, екі жыл бұрын тендер арқылы 5 жыл мерзімге осы ғимаратты алдық. Күрделі жөндеу жасап, Республика бойынша алғашқы ара шаруашылығы мұражайын аштық. Мұнда студенттерге экскурсиялар және әуесқой ара өсірушілерге арналған арнайы курстар өткіземіз, - деп атап өтті ӘКК директоры Сергей Трофимов.

Алайда павлодарлық омарташылар аралар, бал және оның қасиеттері туралы айтып қана қоймай, адамдардың ауруларын емдеуге де көмектеседі. Өзінің монологында әйгілі мультфильм кейіпкері әлемде «дұрыс емес» аралар бар және олар «дұрыс емес» бал жасайды, бірақ «дұрыс» аралар дәмді бал жасап қана қоймай, сонымен қатар емші ретінде де әрекет етеді деген болатын. Сүліктер, ине терапиясы және апитерапия сынды ауруларды емдеудің дәстүрлі емес әдістері әлемде кеңінен таралған. Бұл әдіс араның уымен емдеу деп аталады. Аралар шағып алған кезде, уын шығарады, ол аз мөлшерде ағзаға емдік әсер етеді.

Дәрігер Светлана Ковтунның айтуынша, ара өзінің қия отырып адамның иммунитетін көтеруге мүмкіндік береді, жүрек-тамыр жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі. – Бірінші рет, биологиялық сынақ жасалады. Егер адам өзін қалыпты сезінсе, онда біз апитерапия курсын бастаймыз. Алғашқы сеанстар бір арамен басталады, сосын біртіндеп көбейтеміз, бірақ барлығын жеке-жеке. Кейбір адамдар бір уақытта 15-ке дейін араға төтеп береді.

Ауруларды емдеумен қатар, апитерапия ұйқысыздық пен невроздан арылуға, тәбетті жақсартуға және ағзаның иммундық күштерін тұрақтандыруға көмектеседі.