ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-12 18:46:12 Қала жаңалықтары
ПАВЛОДАРДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР АЗЫҚ-ТҮЛІКТІҢ БАҒАЛАРЫНА КҮН САЙЫН МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Қаланың тұтыну нарығында бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу, тұрақтылықты сақтау мақсаттарында 24 әлеуметтік дүкендер ашылды, соның ішіндегі 3 дүкен ауылдық округтерде орналасқан.

Сауда орындарында бірінші қажеттіліктегі азық-түлік бағаларына 10% сауда үстемесінің сақталуы бойынша тексеру жүргізіледі.

10 желтоқсан күнгі жағдай бойынша қаланың әлеуметтік дүкендерінде картоп, пияз, сәбіз - 60 теңге/кг, ақ қырыққабат – 90 теңге/кг бағасы бойынша сатылады.

Сонымен қатар, Павлодарда «Павлодар «ӘКК» АҚ тұрақтандыру қорының жұмысы жалғасуда.:

- 1000 тонна 1 сұрыпты ұн, бағасы 95 тг / кг, жалпы сомасы 95 млн.теңге. Жеткізуші – «Агро Даму» ЖШС;

- 1 сортты ұннан жасалған 50 мың бөлке нан, бағасы 75 теңге, сомасы – 3,75 млн.теңге. Жеткізуші-ЖК «Мир хлеба»;

- 21,069 тонна көлемінде күнбағыс майы, бағасы 1 литр үшін 305 теңге, жалпы сомасы 6,426 млн.теңге. Жеткізуші – «Өскемен май зауыты» ЖШС;

- 1 млн.дана 1-і санатты тауық жұмыртқасы, бағасы 25 теңге, жалпы сомасы 25 млн. теңге. Жеткізуші – «ПК «Павлодар Құс» ЖШС»;

- 300 тонна картоп, 1 килограммы 60 теңгеден, жалпы сомасы - 18 млн.теңге. Жеткізуші – «Актогай-Агро» ЖШС;

- 100 тонна сәбіз, 1 килограммы 50 теңгеден, жалпы сомасы - 5 млн.теңге. Жеткізуші – «Актогай-Агро» ЖШС;

- 68 тонна күріш, бағасы 232 теңге. Қызылорда облысынан әкелінеді.

Сондай-ақ, қарақұмық пен қырыққабат жармасын көтерме бағамен сатып алу қарастырылуда.

Қалада бағаның тұрақтылығын сақтау үшін апта сайын ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтіп отырады.

Ауылшаруашылығы жәрмеңкесін өткізудің негізгі мақсаты - әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің (сиыр еті, жылқы еті, қой еті, шошқа еті, картоп және көкөніс өнімдері) бағасын тежеу, нарықта бәсекелестік орта құру, сондай-ақ, делдалсыз тікелей өндірушіден сауданы ұйымдастыру.

Бүгінгі күні 47 жәрмеңке өткізіліп, 1591,3 млн.теңгеге өнім сатылды.