ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-12 18:50:43 Қала жаңалықтары
ҰЛТТЫҚ МҰРАНЫ САҚТАЙ ОТЫРЫП

Павлодардың №18 мектебінде бүгін мейрам – мектепте домбыра кабинеті ашылды! Аталмыш сыйды Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтың бастамасымен қаланың білім беру бөлімі тарту етті.

Кабинеттің салтанатты түрде ашылуына педагогикалық еңбек ардагерлері, қамқоршылық кеңесінің мүшелері, ата-аналар қоғамдастығы шақырылып, шара Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу шеңберінде өтті.

Бүгінгі таңда қала бойынша мектептерде 10 домбыра кабинеттері жұмыс істейді. Оқу жылының соңына дейін 20 кабинет ашу жоспарлануда. Жаңашылдықтың енгізілуіне байланысты мектеп қабырғаларында домбыра үйірмелерімен қатар, оқушылардың қатысуымен ансамбльдер мен шығармашылық топтар құрылды. Жалпы қалада 98 домбыра үйірмесі бар, оған 1800-дей бала қатысады.

Естеріңізге салсақ, биыл 1 қыркүйек – білім күні мерекесінде қала әкімі Қайрат Нүкенов салтанатты түрде №18 мектепке мектеп қабырғасында оқушылардың шығармашылығын дамыту мақсаттарына арналған ақшалай сертификатты табыс еткен болатын. Оған кабинетке арналған арнайы жабдықтар, интерактивті стенд, аспаптар, ұлттық киімдер сатып алынды.