ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-13 16:51:06 Қала жаңалықтары
БҮГІН Қ. ӘБУСЕЙІТОВ АТЫНДАҒЫ МСО-ДА САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТТІК ШАРА ӨТТІ

Сахна төрінде Отан туралы құттықтаулар айтылып, әндер шырқалды. Павлодар қаласының әкімі Қайрат Нүкенов жиналғандарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Сонымен қатар, облыс орталығының басшысы көп балалы аналарға, Анара Карман, Гүлмира Құрманғалиева және Оксана Переваловаға құрметті «Күміс алқа» орденін табыстады.

Павлодарлықтар, техникалық және мемлекеттік лауазымдардың өкілдері: Шаукет Абайдуллин, Александр Григорьев, Кадиша Каганаева, Ертіс Камзин, Берік Катиев, Асхат Кнышбаев, Сергей Медведев, Казиз Нуралиев, Сергей Соловьев Павлодар қаласы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Кештің арнайы қонағы қазақстанның эстрада жұлдызы Мөлдір Әуелбекова болды.

Сондай-ақ, қаланың ең үздік шығармашылық ұжымдары өнер көрсетті.

Павлодарлықтарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын!