ПАВЛОДАР ӘКІМДІГІ
ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫ

2019-12-13 16:58:04 Қала жаңалықтары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА 72 ПАВЛОДАРЛЫҚ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРДІҢ КІЛТТЕРІН АЛДЫ

Бүгін «Сарыарқа» шағын ауданында жаңа көп қабатты үй қолданысқа берілді. Павлодарлықтар жаңа үйлерінің кілттерін «7-20-25» бағдарламасы бойынша алды. Жалпы көлемі 4999,6 м2 болатын 9 көп қабатты тұрғын үй Расковая көшесі, 2/1 мекен-жайы бойынша орналасқан.

Үйдің құрылысын «UM-Engineering» ЖШС жүргізді. Жаңа пәтерлердің кілттерін иелеріне Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов салтанатты түрде табыстады.

Облыс басшысы павлодарлықтарды қоныстарымен және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтады. Естеріңізге сала кетейік, бүгінгі күні «Сарыарқа» шағын ауданында 23 тұрғын үй тапсырылды. Жыл соңына дейін тағы 3 үйдің құрылысын аяқтау көзделген.

Сонымен қатар, қазір 4 үйдің құрылысы жүргізуліде, қолданысқа тапсырылу уақыты 2021 жылға жоспарланған.